Сымбатымызды оңай жақсартамыз!

Сымбатымызды оңай жақсартамыз!

Фитнес-залсыз-ақ сымбатты болғың келе ме? Арықтау үшін жаттығуды үйде жасаса да болады! Ыңғайлы жер таңда, ал қалай жасауды біз үйретеміз.

Сымбатыңызбен айналысу туралы шешім қабыладыңыз ба? Бірақ спорт залына бару керектігі туралы ойдың өзі шабытыңызды басып жібере ме? Біздің сізге қандай жаттығу түрлері қажет екендігі және оларды қалай үйлестіру керектігі туралы кеңестеріміз сіз үшін ең қолайлы күнделікті фитнес тәсілін таңдап алуға көмектеседі. Оңай, қолжетімді, ыңғайлы, тиімді!


Үйдегі кардиожүктеме

Аптасына 5 рет ең болмағанда жарты сағаттан өзіңізге ең қолайлы және ұнамды кардиожаттығуларды жасаңыз. Оларға велосипед, жүгіру, секіргішпен секіру, жүзу, аэробика, би, командалық ойындар (волейбол, баскетбол), яғни жүректі жиірек соғуға мәжбүр ететін және артық майды тиімді кетіретін істің барлығы жатады. Егер табиғат аясына шыққан болсаңыз шөптің үстінде отырып кәуап жегенше, ортаға түспек ойнаңыз. Кардиожаттығуларды пилатес немесе йога жаттығуларымен байланыстырған өте тиімді.


Қарғып секіру

Аяқ пен бөксе бұлшық еттері үшін керемет жаттығу. Тізелеріңіз шынтақтарыңыздан жоғары болатындай төмен отырыңыз және осы қалыптан өкшеңізге тіреліп жоғары қарай қарғып секіріңіз. Бұл жаттығу жамбас пен бөксенің артқы бұлшық еттерін нығайтады. Нәтижесі болу үшін аптасына 2-4 рет 15-20 секірістен 3 немесе 4 рет қайталаңыз.


Жоғары қарай адымдау

Бұл жаттығу уақытыңызды үнемдейді: оны ең болмағанда бір сатысы бар кез келген жерде жасауға болады. Үйде онша биік емес үстелді пайдалансаңыз болады. Адымдар аяқтың барлық бұлшық еттеріне әсер тигізеді және целлюлиттен құтылуға көмектеседі.

Бір аяғыңызды жоғары сатыға қойыңыз да, оған сүйеніп, жанына екінші аяғыңызды көтеріп қойыңыз. Енді екі аяғыңызды кезек-кезек еденге бастапқы күйге қойыңыз. Әр аяғыңызға күш түсіріп 15 реттен қайталап жасаңыз.


Целлюлитті жеңеміз!

Үйде арықтауға арналған барлық жаттығуларды: қарғып секіруді, адымдауды, сондай-ақ күш жаттығулары мен кардиожаттығуларды байланыстырып жасасаңыз «апельсин қабығы» әлегінен құтыла аласыз. «Күш жаттығулары» сөзінен қорықпай-ақ қойыңыз. Әйелдердің көбі бұлшық еттері еркектердікіндей үлкен болып кетеді деп қорқып, бұл жаттығу түрін жасамайды. Бұл дұрыс емес, еркекке қарағанда әйелге бұлшық еттерін өсіру әлдеқайда қиын. Жаттығулар дұрыс таңдап алынған болса, онда күштің барлығы бұлшық етті өсіруге емес, майды кетіруге жұмсалады. Оның үстіне, калориялар жаттығуды жасай салысымен, тыныш күйде болғанда көбірек жойылады. Әр әйелдің армандайтыны да осы: диванда жатып арықтасам екен дейді. Сондықтан спортпен шұғылдануды бастаңыз, сонда сымбатыңыздың тіпті сіз демалған кезде де қалай жақсарып бара жатқанын өзіңіз көресіз!

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent