Жеке тәсілдеме: төсемнің дұрыс өлшемін қалай таңдау қажет

Жеке тәсілдеме: төсемнің дұрыс өлшемін қалай таңдау қажет

Барлығымыз бірдей емеспіз, сондықтан, бізге сәйкес келетіні құрбымызға әрдайым сәйкес келе бермейді. Бұл керемет, біздің күшіміз – біздің даралығымызда!
Барлығымыз бірдей емеспіз, сондықтан, бізге сәйкес келетіні құрбымызға әрдайым сәйкес келе бермейді. Бұл керемет, біздің күшіміз – біздің даралығымызда!

Бір өлшемдерге немесе стереотиптерге өзіңді бейімдеудің мәні жоқ. Маңыздысы тек өзіңізге ғана сәйкес келетінін табу. Тек жақсы көрініп қана қоймай, өзіңді жақсы сезіну үшін де дұрыс өлшемді таңдау өте маңызды. Мысалға, егер біз өте тар төсқап тағатын болсақ, онда бірден тыныс алу бізге қиынға соғатын болады.

Дұрыс өлшемді таңдау гигиеналық төсемдер үшін де өте маңызды екенін ойланып көрдіңіз бе? Өзіңді барынша жайлы әрі еркін сезіну, сенімді қорғанышта болу және ағып кетуден қорықпас үшін төсем өлшеміңізге сәйкес келуі қажет.

Осы уақытқа дейін төсемдерді таңдаған кезде біз бөліндінің көлемін ғана ескеріп келдік, шындап келгенде, өлшеміміз бен дене бітіміміз де өте маңызды. Міне осы себеппен, ALWAYS компаниясы әрбір әйел өзіне мінсіз өлшемді таңдай алатындай, 5 өлшемдегі МЕНІҢ ӨЛШЕМІМ ALWAYS Ultra төсемелерінің жаңа өнім қатарын шығарды.

Төсемнің өлшемін қалай таңдау қажет

always_size


Өз өлшеміңді табу үшін жоғарыдағы суретте киім өлшеміңіз бен бөлінділер мөлшерінің арасында қиылысқан нүктені табыңыз. Мысалы, егер S өлшемдегі ішкиім кисеңіз және орташа бөлінді бөлінетін болса, онда сізге 1-өлшемдегі төсемдер жарайды. Ал егер өлшеміңіз М және мол бөлінді бөлінетін болса, 4-өлшемдегі төсемдерді қолданып көріңіз. Түнгі уақытта қосымша қорғану үшін барлық әйелдерге 5-өлшемдегі төсемдерді қолдануға кеңес береміз.

Есіңізде болсын, төсемдердің өлшемін неғұрлым дәлірек таңдасаңыз, ол сізді соғұрлым жақсы қорғайтын болады.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent