Бақытқа апарар бірнеше қарапайым қадам

Бақытқа апарар бірнеше қарапайым қадам

Мұңсыз махаббат пен құламай шарықтау мүмкін емес екенін білесіз. Дәл осында, дәл қазір рахаттанып өмір сүрудің сыры неде? Кеңестерді оқыңыз.

Тым тиянақты болмаңыз
Егер біз өзіміз бен айналадағыларға тым көп талап қоятын болсақ, абыржуға және наразы болуға себеп әлдейқайда көбейіп шыға келеді. Шыдамдырақ болуға, адамдардың бәрі әр түрлі екенін қабылдауға тырысыңыз. Ең бастысы – өзіңізге қателік жасауға құқық беріңіз. Егер үнемі мінсіздіктің соңынан қуатын болсақ, айналамызға көз тастап, әлемнің сұлулығын байқауға уақытымыз қалмайды.

Тілектеріңізді дауыстап айтыңыз
Өзіңізден өзіңіз нені қалайтыныңыз туралы сұраудан қорықпаңыз. Тілектеріңіз бен армандарыңызды көз алдыңызға елестетіп жүріңіз. Айналадағы адамдар сіздің тілектеріңізді өздері түсінеді деп үміттенбей-ақ қойыңыз. Оған қоса олар тілектеріңізді іске асырмаса қапаланбаңыз. Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз және өзіңіз шын ниетіңізбен қалаған нәрсеңізді істеуден қорықпаңыз. Дәл осы жерде және дәл қазір.

Жетістіктеріңіз кішкентай болса да – олар сіздің жетістіктеріңіз.
Күн сайын өзіңізді қуантатын нәрселерді істеңіз. Олар жаһандық болсын, тіпті өте кішкентай болсын – бәрібір. Мысалға, көнеріп қалған заттарыңызды лақтырып жіберсеңіз, құмыраға гүл отырғызсаңыз, көлігіңізді бөлшектесеңіз болады және т.б.

Риза болыңыз
Күн сайын ұйқыдан тұрған кезде күн сыйлағаны, таза ауа бергені, терезеңіздің түбінде гүлдердің өсіп жатқаны, құстардың сайрағаны үшін дүниеге рақмет айтыңыз. Осының барлығын бірінші рет көріп тұрғандай сезініңіз. Жай өмір сүрудің өзі қандай ғанибет екенін түсініңіз.

Ұсақ-түйектерге ұқыпты болыңыз
Әдеттегі іс-әрекеттерді жай механикалық түрде жасап қана қоймай, олардан шынымен ләззат алуға тырысыңыз. Душ қабылдаған кезде судың денеңізге тигенінен алатын жағымды түйсіктерге назар салыңыз. Үстел басында отырғанда тамақты жай жеп қана қоймай, оның дәмін сезініп рахатына бөленіңіз. Не істесеңіз де, тәніңіздегі түйсіктерге көңіл қойыңыз.

Өзіңізді кінәлау сезімінен құтылыңыз
Өзіңізді үнемі азаптағаннан кімге пайдасы тиіп жатқаны туралы ойланыңызшы. Шынымен өзіңізді бақытты болуға лайық емеспін деп санайсыз ба? Бір нәрсені дұрыс жасамағаныңызды сезінсеңіз, жағдайды түзетуге тырысып көріңіз, бірақ содан кейін күмәндарыңыз бен азаптарыңыздан арылып, жүрегіңізге тыныштық пен үйлесімділікті ұялатыңыз.

Арманыңызға қарай беттеңіз
Арманыңызға қарай қадам жасаудан қорықпаңыз. Ол сізге мүлде орындалмайтын арман болып көрінсе де, оған қарай жайлап жылжуды тоқтатпаңыз. Сөйтіп, күндердің күнінде осы жасап жатқандарыңыздың өзі сізге үлкен қуаныш сыйлап жатқанын сезінесіз.

Мейірімдірек болыңыз
Ғалымдар адам айналасына қаншалықты мейірімдірек болса, ол да адамға соншалықты қайырыммен қарайтынын анықтаған. Біреудің сіз үшін жақсы нәрсе жасағанын күтпеңіз – одан да өзіңіз бастаңыз!

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent