Жасөспірім қыздың өзіне деген сенімділігін арттыруына қалай көмектесуге болады?

Жасөспірім қыздың өзіне деген сенімділігін арттыруына қалай көмектесуге болады?

Дене бітіміндегі өзгерістер – есею мен өтпелі кезеңге аяқ басудың бір бөлігі ғана. Мұнда тек сырт келбет қана емес, соған қоса, сана-сезім: көңіл күй, сенім, еркіндікке деген ұмтылыс та өзгереді.


Сенімсіздікті жеңу  
Қыз балалардың 56% жыныстық жетілу кезінде өзіне деген сенімділікті  жоғалтатыны анық1. Сәтсіздіктерде қыз балалардың өзін жиі кіналайтынын, өз пікірін ашық айтудан қаймығатынын, бөгде адамның сөзіне көп мән беріп,  қателіктерінің шырмауынан шыға алмайтынын, бәлкім, Сіз білетін боларсыз2. Бұл ретте, осы қиындықтарды жеңуде Сіз қызыңызға көмектесе аласыз. Мейірімділік танытып, өзіне деген сенімсіздікті жою жайында пайдалы кеңесіңізбен бөлісіңіз, қалайда #қызсияқты  – керемет екенін ұқтырыңыз.

«Сананың дамуы» қағидасын пайдаланып, сенімсіздікті жеңу
Егер қызыңызға өзін жақсы жағынан өзгерту мүмкін еместей көрінсе, онда ол, әсіресе, түрлі қиындықтармен қарсы жолығатын сәтте жаңаны қабылдай қоймайды3.Психологтар бұл құбылысты «сананың қалыпты бейнесі» деп атап, оның ұлдарға қарағанда қыздарда жиі байқалатынын айтады4. «Сананың дамуы» - табысқа тек күш жұмсап қана жетуге болатынын білдіретін ұғым5. Аталған қағиданы қолдану мықты әсер беріп, ол балалардың жақсы оқып, қиындықтарға жасымай, сәтсіздіктерден тез айығуға көмектесетіні шын.

Орынды мақтаулар өзіне сенімділікті күшейтуге көмектеседі
Қызыңыздың «Сананың дамуы» қағидасына жанасуын марапаттаңыз – оның жетістіктерін қабылдау арқылы.Қол жеткізген табыстарына сай айтылған сіздің мақтауларыңыздан қызыңыз істің барысынан гөрі оның нәтижесінің маңызды екенін ұғып, сәтсіздіктер6 үшін қатты қамығатын болады.Бірақ, егер сіз оның таңдаған тәсілі мен жұмсаған күш-жігеріне қарай мадақтайтын болсаңыз, онда сіз қызыңыздың  мақсатына жетудегі төзімділігі мен өзінің сеніміне бағытталған мақтанышын сезінуге жәрдемдесесіз. Мұндай әдіс «мақтау үрдісі» деп аталады.

Не үшін мақтау қажет және мүмкін7:

  • Мәселені шешуде алуан тәсілдерді қолдану. Мысалы:«Бұл мәселені шешудің көптеген нұсқасын тапқаныңа қуанып отырмын!»
  • Жаңа бастамалар іздеу. «Сенің қиындықтардан қорықпағаныңды мақтаныш тұтамын».
  • Табандылық. «Сен жеңіске жеткенше мойымадың! Бұл – керемет!»


Қызыңызды оған табиғат берген көркіне сай, мәселен, сыртқы келбетін қосып («Сенің шашың сондай әдемі»), немесе зеректігіне сәйкес («Сен сондай ақылдысың») деп мақтау орынсыз.

Сәтсіздіктер ілгері жылжуға көмектеседі
Қателіктердің қызыңыздың таңдаған жолымен алға жылжуына кедергі келтірмеуіне көз жеткізіңіз. Ата-аналар қызын айналысқан ісі үшін жігерлендіріп, көтермелеп, егер алдыдан қатер күтер болса, онда жайсыздықты жеңуге көмектесіп, мейірімділік пен қамқорлық танытқаны жөн.

• Есіркеңіз. «Бұл аса қиын емес!» деудің орнына, «Бұның ауыр екенін білемін, маған да өкінішті» деп, қызыңызды жігерлендіріңіз.

• Таңдаған бағытта жаңа қадамдар жасауына құлшындырыңыз. Тың мақсаттардың тізімін бірге түзіп, оған жетудің тәсілін дайындаңыздар.

• «Сананың дамуы» қағидасын оған үйретіңіз. Егер қыз бала ата-аналарының ауыртпалықтардан қорықпайтынын, өзінің жеке қателіктерінен сабақ алып, өзімен қоса бір-бірін құрметтейтінін көрсе, бұл оның да дәл солай жасауына түрткі болады8.

Always Ultra Night 7шт.
Always Ultra Night
(1)

енді табу

Өтпелі кезең алып келетін түрлі өзгерістерге қыз балаңыздың дайын болуына көмектесе аласыз. Сонда ол баршаға ешқандай кедергіден қаймықпайтынын  дәлелдеп, кемелденген аруға айналады.

Анасы мен қызы үшін бірлескен қызмет
Өзіне сенімділікті арттырудың бір жолы – бұл тәжірибе. Сізге қызыңыздың өзіне сенімділігін күшейтетін ойын жаттығуларын бірге атқаруыңызға болады.

Жасөспірімдік шақ – күрделі уақыт, қызыңыздың ол үшін бәрі жақсы болатынына сенімді болғаны жөн.Егер сіз бұл мәселені бірге шешуді қаласаңыз, онда қызыңыздың жасында болған өтпелі кезден қалай өткеніңіз туралы оған айтып беріңіз. Бұл араларыңыздағы қатынасты дұрыстауға септігін тигізеді.

Нәзік жандылар құпиясы: сыр алмасу
Егер сіз қызыңызға осындай қиындықтармен кездескеніңізді жасырмай айтсаңыз, бұл оның жеке сезімдерін ұғуына жәрдемдеседі. Аталған кезеңде қалай есейгеніңізді әңгімелесеңіз, ол барлық қиыншылықтарды еңсеру қолынан келетінін түсінеді. Егер өз ойларыңызды арнайы дайындықсыз жеткізу қиындық тудырса, онда хат алмасып көріңіздер. Ең маңыздысы – екеуара тиімді қатынасты қолдаудың ыңғайлы жолын табу.

Мақсаттарды белгілеу
«Сананың дамуы» қағидасы – маңызды құрал, ол қызыңызға жасөспірімдік шақ алып келген қиындықтарды жеңіп шығуына көмектеседі.Оған бұл тәсіл жайлы түсіндіріп, жаттығулардың арқасында мидың бұлшықет секілді дамитынын, сөйтіп, тәжірибеде қиындықтарды жеңуге көмектесетінін жеткізіңіз.

Сананың дамуы қағидасын қолдануды қалай бастаймыз.
Қызыңыздан өмірде алдына қойған мақсаттарының бірі туралы сұраңыз. Аталған мақсаттарға жетуге көмектесетін 3 қадамды бірге жазыңыздар. Әрбір кезеңнің аяқталғанын бірге міндетті түрде атап өтуге болады! Қызыңызды қолдауды жалғастырып, барлық кедергілерді жеңуге болатынын, ол үшін тек күш-жігер жұмсау керектігін оның есіне салыңыз.

Пір өнегесі
Егер қызыңызда сәтсіздіктерге деген дұрыс көзқарас пен мәселені шешуде табандылықтың қаншалықты маңыздылығы туралы түсінік болса, онда қызыңыз қиындықтарды өзіне деген үлкен сеніммен қарсы алады. Пір тұтатын адамның үлгісін іске жаратуды үйретіңіз.

Егер қызыңыз кімді пір тұтатынын білсеңіз, оның өмірдерегін білуге көп уақыт жұмсаңыз. Қызыңыздың назарын оның пір тұтатын адамының табыс жолында ауыртпалықтарды қалай еңсергенін, қиындықтарды қалай жеңгенін, мұнда қажырлылықтың қандай маңыз атқарғанына ерекше мән беріңіз. Перзентіңіздің өмірінде қандай да бір жайсыздықтар болғанда бұл туралы қызыңызға ескертуді ұмытпағайсыз.

Орынды мақтау
Ойлаудың жаңа бейнесін қалыптастыруда мақтау үрдісі үлкен мәнге ие. Балаңызды қиындықтарды қалай жеңіп жатқанына қарай мақтаңыз! Бұл әдістің табиғи сипат – ақыл мен сұлулықты мақтауға қарағанда нәтижесі мол. Нәтижені емес, үрдісті дәріптеу әдетін өзгерту оңай емес шығар, бірақ та тәжірибе жасап көріңіз – бәрі де орындалады! Өз мақтауларыңызды да қадағалап қойыңыз. Ескертпеңізді бастап, қызыңызды күні бойы жиі мақтайсызба, мәліметті қойындәптеріңізге жазыңыз. Мысалы, ол сабақтан жақсы баға алып келді, ал сіз: «Ооо, сен сондай ақылдысың!» деудің орнына:  «Бұл тестке мұқият дайындалған қандай ақылды едің» - деп айттыңыз. Өз әдеттеріңізді жіті қадағалай отырып, сіз қолайлы сәтті пайдаланып, жағдайды жақсыға қарай өзгерте аласыз.

Ата-аналарға көмек ретінде сарапшылар құрастырған «Сананың дамуы» қағидасы туралы көптеген ақпаратты сіздер (http://raisethebarparents.org/) сайтынан таба аласыздар.

__________________________
1 Always 2014 Confidence & Puberty Survey – on line survey with 1,300 females ages 16 to 24 2 Nolen-Hoeksema, Susan. Women Who Think Too Much: How to Break Free of Overthinking and Reclaim Your Life. New York: Holt Paperbacks, 2004.
2 Reprint edition.
3 Blackwell, Lisa, Kali H. Trzesniewski, and Carol S. Dweck. "Implicit Theories of Intelligence Predict Achievement Across an Adolescent Transition: A Longitudinal Study and an Intervention." Child Development 78.1 (2007): 246-63. Print.
4 Gunderson, Elizabeth A., Sarah J. Gripshover, Carol S. Dweck, Susan Goldin-Meadow, and Susan C. Levine. "Parent Praise to 1- to 3-Year-Olds Predicts
5 Master, Allison. “Growth Mindset.” interview. 16 Apr. 2015
6 Gunderson, Elizabeth A., Sarah J. Gripshover, Carol S. Dweck, Susan Goldin-Meadow, and Susan C. Levine. "Parent Praise to 1- to 3-Year-Olds Predicts Children's Motivational Frameworks 5 Years Later."Child Development 84.5 (2013): 1526-541. Wiley. Web. 24 July 15.
7 Dweck, Carol. Promoting Growth Mindsets. Digital.
8 Simmons, Rachel, and Simone Marean. "Growth Mindset." Telephone interview. 9 Apr. 2015 7 Mackey, Allyson P., Alison T. Miller Singley, and Silvia A. Bunge. "Intensive reasoning training alters patterns of brain connectivity at rest." The Journal of Neuroscience 33.11 (2013): 4796-4803. 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.