Жеткіншекпен қалай сөйлесу қажет

Баламен қалай сырласып сөйлесуге болады

Көптеген жанұяларда белгілі бір себептермен, тәрбие берумен және әдеттермен қатар балалармен күрделі тақырыптарды қозғап, сырласып сөйлесу жоқ. Бірақ бұл дұрыс па? Ақыры балалар жасқаншақ болып, өз мәселелерімен бөлісуді доғарып, жатырқақ болып қалады. Бір күні балаңызбен маңызды тақырыпта сөйлескіңіз келген кезде бұны жасау оңайға соқтырмайтын болады. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас жылдар бойы қалыптасады, сондықтан кейінге қалдырмай, бұны дәл қазір қалыптастыруды бастаңыз.


Тыңдай білу
Егер сіз газет оқып не теледидар көріп жатқаныңызда бала әлдебір нәрсені айтуға немесе әлдебір нәрсені сұрауға келсе, онда міндетті түрде көңіл бөліп, айтып жатқан әңгімесіне құлақ салыңыз. Ал егер шынымен қолыңыз босамай жатқан болса, онда осы мәселені кешірек талқылауға сөз беріңіз де, міндетті түрде сөзіңізде тұрыңыз.

Отбасылық кеңес
Егер отбасыңызда қуанышты, не қайғылы – бәрібір, маңызды бір оқиға болайын деп жатса, әрбір отбасы мүшесі өз пікірін, қатерін, күдіктері мен уайымдарын айта алатын отбасылық кеңес құрыңыз.

Түсіну және әдептілік таныту
Сырласып сөйлесу мен сұрақтың астына салу – екі түрлі нәрсе. Сондықтан, егер балаңыздың қандай да себептермен сөйлесуге зауқы болмаса, әдептілік танытып, жалғыз болуына мүмкіндік беріңіз.

Дене тілі
Қолыңызды кеудеңізге ашулы айқара қусырған күйіңіз бен қабағыңыздан қар жауған түріңіз сенімді әңгімелесуге мүлдем жарамайды. Түсіндіруді талап ете отырып, балаға ұрыспаймын деп сөз беріп, бірақ дене қалпыңыз керісінше түрді білдіретін болса, онда балаңыз дене қалпыңызға қарап, айнып қалады. Маңызды әңгімелерді үстінен төніп тұрып бастау да дұрыс емес. Мысалы, бала еденде отырса, сіз де жанына отырыңыз.

Сұрақ қоюға ынталандыру
Кішкентай балалар өте көп сұрақ қояды. Көптігі сонша, ересек адамдарды мезі қылады. Бала осыны сезіп, мазаңызды ала бермей, сұрақ қоюын азайта бастайды. Ал егер керісінше әрдайым қызығушылығыңызды сезінетін болса, сізге жүгіну әдеті өмір бақи сақталып қалады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ыңғайлы сәт
Бала мектепке немесе серуендеуге асыққанда маңызды әңгімеге тартпаңыз. Өзіңіз де шаршап, көңіл-күйіңіз болмай, ауыр жұмыс күнінен кейін үйіңізге келген кезде де. Барлығының көңіл-күйі жақсы және ешкім ешқайда асықпаған екі жаққа да жағымды сәттерді пайдаланыңыз.

Өзара құрмет 

Бала оның ойы маңызды, ал оның пікірі айтарлықтай басым екенін білуі тиіс. Мысалы: «Ақымақ болмашы, бұлай ешкім жасамайды» деуге болмайды. Осылайша сезімдерін аяққа таптап, санасына оның бір жері дұрыс емес деген ой ұялатасыз. Сіз әрдайым баға берусіз-ақ пікіріңізді түсіндіре аласыз. Мысалы, балаға жалқаусың деп айтқанның орнына: «Итке тамақ беруді немесе ыдыс жууды ұмытып кеткенде, мен ренжимін» деп айтуға болады.

Өтірік айтуға болмайды
Балалар кез келген өтірікке сезімтал болады. Сондықтан балаларға тіпті ең қиын деген нәрселерді түсіндіру үшін әрдайым амал табыңыз. Олай болмаған жағдайда, олар сізден еш пайда болмайтынын түсініп, жауапты басқа жерлерден іздеуге барады.

Отбасыңызда әрдайым өзара түсіністік пен үйлесім болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс