Қыздардың өзіне сенімді болуына спорт қалай көмектеседі?

Қыздардың өзіне сенімді болуына спорт қалай көмектеседі?

Өтпелі кезең – қиындығы мол уақыт. Бәрі алмасады: ойлар, айналадағылармен қатынас, дені бітімі. Осынау күрделі шақта қыз балалар адам үшін маңызы жоғары өздеріне деген сенімділікті жоғалтады. Көбісі жастайынан айналысқан спортты, тіпті оның қандай мәнге ие екендігін еш ойланбастан тастап кетеді.


Егер қызыңыз біреулердің сөзі үшін немесе өзінің күш-жігеріне деген сенімсіздіктен спортты тастағысы келсе, оған спортпен айналысқан #қызсияқты  – керемет  екенін айтыңыз.

Денсаулық – жақсы көңіл күйдің бастауы
Тұрақты жаттығулардың ағзаға пайдасы мол: барлық бұлшықеттерді нығайтып, жүректі қоса алғанда, буындар игеріліп, мүсін жақсарады. Спортпен айналысқан қыз балалар шыдамды, аз сырқаттанып, әдетте олардың сымбаты жып-жинақы келеді. Көтеріңкі көңіл, әдемі сымбат пен керемет үйлесімділік – мұның бәрі жас қыздың өзін-өзі бағалауында аса маңызды.

Командадағы жұмыс пен қатынас
Спортшыларға  клуб пен команданың мүшелері, қарсыластар, төрешілер, жанкүйерлер секілді әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасауға тура келеді. Үздіксіз қарым-қатынастан қыз балалары өзаратүсіністік пен келісімге келуді үйренеді, ал бұл дағдылар жоғары нәтижелерге жетуде аса қажет. Сондай-ақ спортта кездейсоқ және даулы сәттер жиі кездесетіндіктен – жап-жас спортшылар өз пікірін қорғап шығуды меңгереді. Қарым-қатынастың дағдыларын меңгерген қыз балалар өзінің күш-жігеріне деген сенімге ие болып, басқалардың өздерімен санасатынын біледі.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Табысқа жету
Жетістіктер бәрінен бұрын алдағы жұмыстарға ынталандырады. Сайыстардағы жеңістер, спорттық көрсеткіштерді орындау, дәрежеге ие болу және жеке табыс көрсеткішіңді жақсарту – мұның барлығы қыз балаларының өзін жақсы сезінуіне көмектеседі. Бұрынғы жеңістерден алған тәлім өзіне деген сенімді күшейтіп, ыждағатты жұмыс үшін қажыр-қайрат береді.

Мұңды ойлардан аулақ жүру әдісі
Кез-келген адамның өмірінде жайсыздықтар кездеседі: бақылау жұмысынан алған нашар баға, балалармен немесе құрбыңмен келіспеушілік қыз баланың өзін-өзі бағалауына ықпалын тигізуі мүмкін.  Дене белсендігі басқаға көңіл аударуды: тепе-теңдікті қалай сақтау керек, жаттығулардың әдісін ұмытпауды, командада қалай жұмыс жасауды талап етеді. Ықылас іске қосылып, тұрмыстық мәселелер кейінге шегеріледі. Жаттығу аяқталғанда ол қиындықтар  соншалықты күрделі көрінбейді, оның үстіне қандай да бір әдіспен жұмыс үрдісінде кездейсоқ мәселені шешудің ұтымды жолдары табылуы мүмкін.  

Қызыңыздың спортпен айналысуға деген құлшынысын қолдап, өзіне сенімділігін арттыру үшін көмектесіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Очень хорошая статья

  • Шағымдану

Тренировка - это место, где все твои проблемы, все заботы ничего не значат. Только ты, место и желание стать сильнее, чтобы преодолеть все выше перечисленное.

  • Шағымдану