Наурызда не сыйлау керек?

Наурызда не сыйлау керек

Наурыз мейрамы – ежелден келе жатқан ерекше мейрам, жаңа жылдың, көктемнің келуі, табиғаттың құлпыру мейрамы. Жақындарды осындай тамаша күнде немен қуантуға болады?


Ата-ана
Ата-анамыз – өмірдегі басты адамдарымыз, себебі олар бізді өсіріп, тәрбие берді, бізге өз махаббаттарын сыйлады. Оларға бар береріміз – өз махаббатымыз бен қамқорлығымыз. Анаға әдемі жылы орамал, ал әкеге жайлы мойынорағыш сыйлауға болады. Гүлдеп тұрған бөлме гүлдері тамаша сыйлық болады, себебі көктем гүлдер мезгілі ғой. Ата-анаға арналған сыйлықтар әдемі болып қана қоймай, пайдалы да бола алады. Мысалы, отбасылық дастарханға арналған жаңа сервиз олардың көңілінен шығуы әбден мүмкін, себебі мұндай сыйлықты бірден дастарханға қоюға болады.

Әжелер мен аталар
Олар бізге жатарда ертегі айтып берді, бізбен ойнады және ең дәмдісін аузынан жырып бізге берді. Үлкендерімізді отбасылық фотосуреттер салынған әдемі фотожиектемелермен немесе үлкен фотоальбомдармен қуантуға болады. Егер тоқуды немесе тігуді білсеңіз де жақсы – ата-әжелеріңіз өз қолыңыздан шыққан сыйлықтарды, мысалы, тоқыған шәлдеріңіз бен мойынорағыштарыңызды, көркем майлықтарыңызды және кестелеріңізді жоғары бағалайды.

Жұбайлар
Ерлі-зайыптылардың өзара жақындығы сонша, жұбыңызға арналған сыйлық кез келген болуы мүмкін, өйткені не қалайтындарыңызды өздеріңізден артық ешкім біле алмайды. Әшекейлер тамаша сыйлық бола алады. Әйел адам үшін ол сырға немесе гүл түріндегі әдемі салпыншақ, ал ерлер үшін – галстукке арналған әсем қыстырғыш немесе жеңілгек болуы мүмкін. Әшекейлерді ұнатпайсыз ба? Ештеңе етпейді! Сүйіктіңізге оның әуестігіне – фотосурет өнеріне, спортқа, бейнелеу өнеріне арналған кітап сыйлаңыз. Бұл кеңестер әлі некеге тұрмаған жастар үшін де өзекті. Батылырақ болыңыз, қиялыңызды іске қосыңыз, себебі ең бастысы – жақындарыңызға көңіл бөлу.

Достар

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жақын достарыңызға, егер олар өнермен әуестенсе, киноға немесе көрмеге билет сыйлауға болады. Оларды өз қолыңызбен әзірленген тәттілермен қуантсаңыз болады: оларды әдемі қорапқа орап, әдемі тілектеріңіз жазылған ашық хаттармен толықтырыңыз. Егер достарыңыздың балалары бар болса, барлық отбасы мүшелері үстелдің басына жиналып уақыттарын қызықты өткізу үшін оларға үстел ойынын сыйлауыңызға болады.

Балалар
Балаларды шығармашылыққа арналған жиынтықтар сөзсіз қуантады: ермексаз, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер мен бояулар. Кішкентай қолөнерші арулар үшін әшекейлер дайындауға арналған жиынтықтарды таңдауға болады, ал ұлдарды конструкторлар, радиомен басқарылатын машиналар немесе тікұшақтар қуантады. Балаларды жаңа роликті немесе темір коньки, велосипед, мини-боулинг жиынтықтары да қуантады – мұндай ойындарды бүкіл отбасымен ойнауға болады.

 

Ал Сіз Наурызда жақындарыңызға не сыйлайсыз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс