Отбасында махаббат, жылу мен қамқорлық райын күнде қалай қолдап тұруға болады?

Барлық ғашық жандар күні – күнде!

Барлық ғашық жандар күніне арналған мейрамның бары, әрине, өте керемет, бірақ жылына бір рет қана жақсы көрмейміз ғой. Махаббат атмосферасын, жылу мен қамқорлықты мейрам күндерінде ғана емес, күнделікті, ал бастысы, танысудың алғашқы айларында емес, көп жылдан соң, отбасында балалар туылғанда да қалай ұстап тұруды ойластырып көрейік.


Ортақ дастархан басындағы отырыс

Психологтар тамақтанғанда үлкен дастархан басында жиналатын дәстүрі бар отбасылар, әрбіреуі өзіне лайықты уақытта тамақтанатын отбасыларға қарағанда берік болатынын айтады. Бірлесіп таңғы асты және түскі асты жасау қиын болар, бірақ ең құрығанда кешкі аста  бас қосуды ұйымдастырып көріңіз. Бір-біріңізге күніңіз қалай өткенін айтуға, жаңалықтармен бөлісуге, жеңіл және еркін атмосферада өте қажетті мәселелерді шешуге мүмкіндік болады.

Махаббат пен құшақ сөздері

Күйеуіңіз бен балаларыңызға қаншалықты жақсы көретініңіз жөнінде айтуды ұмытпаңыз, бір-біріңізге марапат сөздерді және нәзік сөздерді жиі айтып тұрыңыз. Жұмысқа кетер алдында күйеуіңізді, ал балаларды мектепке шығарып тұрып, құшақтап, сүйіңіз. Көшеде бірге жүргенде қол ұстасып жүріңіз. Дене түйсігі арқылы болатын байланыстар үйлесімді қарым-қатынастар үшін өте маңызды.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жағымды ұсақ-түйектер мен қамқорлық

Үлкен махаббат сезімі күнде бір-бірімізге жасайтын мыңдаған ұсақ-түйектерден емес, ал бір мағыналы әрекеттен ғана құрылады. Иә, күйеуіңіз жұмыстың қасында болатын қандай да бір ғимараттағы бизнес-ланчты әрдайым жей алады, бірақ күйеуіңізге арнап дәмді үй тағамын жасап берсеңіз, оған күйеуіңіз сүйсінеді. Таңғы асқа жалықтыратын жұмыртқа орнына күлкілі жымиған жұмыртқадан жасалған тағамды жасап берсеңіз, балаларыңызға өте ұнайтын болады. Бір-біріңізді таң қалдыра беруден жалықпаңыз!

Аса мұқият ойластырылған сыйлықтар

Сыйлықтарды таңдағанда шығармашылық тұрғыда таңдаңыз және отбасы мүшелеріңіздің әуестіліктерін әрдайым ескеріңіз. Сыйлықтың функционалдығына емес, оның эмоциялық қасиетіне көбірек көңіл бөліңіз. Бозбала ұлыңызға оның сүйікті тобының концертіне билет сыйлайтын болсаңыз қуанып қалады, ал күйеуіңізге бұрыннан сүйсініп жейтін тағамын жасауды үйреніп, жасап берсеңіз жоғары бағасын береді. Мейрам күндерін күтпеңіз, қаласаңыз әрбір күн ерекше бола алады.

Әрбір күніңіз махаббат пен отбасы ошағының жылуына тола берсін.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.