Қарт адамдарға күтім жасау. Зейнеткерге күтім жасау.

Қарт адамға ең уайымдысы – өзін қараусыз қалғанын және ешкімге қажет еместігін сезіну. Бізден басқа ешкім жасы үлкен туысқандарға көмекетесе алмайды.

Қарт адамға ең уайымдысы – өзін қараусыз қалғанын және ешкімге қажет еместігін сезіну. Бізден басқа ешкім жасы үлкен туысқандарға көмектесе алмайды, және жалғызсыратпайтын әрекеттерді жасауға тырысу қажет.


Шыдамды болу

Туысқандардан бөлек тұратын жасы үлкен адамдар өздерін жалғыз сезініп, өткен өмірге қайта кеткендей болып, өздерін жақсы сезінбейді. Иә, бір әңгімені 125-рет тыңдау жалықтырып жібереді, бірақ ақкөңілділікті сақтауға тырысу қажет. Тек қана шыдам мен мейірімділік қарт адамға қазіргі өмірге қайта оралуға көмектеседі және оған бүгінгі таңда маңызды да, қызықты өмір бар екеніне көз жеткізу қажет.

Талап ету және көңіл бөлу

Қарт адамға пайдаға жарау сезімін сезіну ғана қажет. Масыл болу – қарттылықтың ең басты қорқыныш сезімі. Өздеріңіздің қарт адамдарыңызға бір іс тауып беріңіз: бір күні тұрақты түрде түскі ас жасасын, келесі күні – ыдыс жусын, үшінші күні – баламен үй тапсырмасын жасасын немесе онымен хайуанаттар бағына барып келсін. Егер жақсылап ойланып көрсе, қолайлы тапсырма міндетті түрде табылады. Қарт адамдарға айтарлықтай аздаған жасаған ұсақ-түйектеріне алғыс айтыңыз және міндетті түрде кеңес алыңыз – өміріңізге ат салысып жүргені және олардың пікірлерін бағалайтыны оларға маңызды.

Құрметтеу

Мысалы, атаңыз аулада домино ойнағанды қатты жақсы көреді, барлығы жақсы ғой, дегенмен оның айналасындағы адамдар сізге күдік тудырады. Бірақ араласпаңыз! Осы адамдар үйіңізге кенеттен келмейтіндей, кіммен ойнайтынын және қашан қалайтынын өзі білсін. Әрине, қарт адамның әуестілігіне ортақ болуға міндетті емессіз, бірақ ол да сіздің бір айтқаныңыздан өз әуестілігін құрбан етпеуі тиіс. Қамқорлыққа алған адамыңызда достары қалып қойса, оларды қонаққа шақырыңыз және осы отырыстарға қатысуға ат салысуға тырысыңыз. Қарым-қатынас жасау – өмірімізде болатын ең бағалысы: жақын адамдармен кездесу қарт адамдарға өмірге деген қызығушылықты сақтауға көмектеседі.

Әдептілік

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Иә, сізге қартайған туысқаныңыз дәрменсіз болып көрінетін шығар, бірақ шынында ол өзін олай ойламайды. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген әр түрлі мәселелерді өздігінен орындауға шамасы бар. Сіздің мақсатыңыз қартайып бара жатқан зейнеткеріңізге ұдайы күтім жасау және оның орнына барлық қажетті істерді жасау болып табылмайды, сіздің көмегінсіз жұмыстардың көп бөлігін өзі жасай алатындай қарт адамның тұрмысы мен өмірін қайта құру болып табылады. «Сенің көйлегің кір, өзіңе мүлдем қарамайсың», «ванна бөлмесіндегі шамды қайтадан өшірмедің», немесе «балмұздақ жеме – суық тиіп қалады» деген тұрақты ескертулер адамға оның «қызығатындай емес күйін» тағы бір еске түсірткізеді. Ең жақсысы орындық басына таза киімін көрсетпей іліп қойыңыз, шамды өзіңіз өшіріп қойыңыз және балмұздақты шамалы ерітіп қойыңыз. Олар толығымен сізге тәуелді екені жөнінде қарт адамдарға ешбір жағдайда айтушы болмаңыз – бұл қорлық пен адамгершіліксіздікке жатады.

Заманауи шынайылық әсері

Техникалық прогресс пен компьютер технологиялары алға басқаны соншалық, тіпті жас, әрі сау адамның өзі де ілесе алмайтыны құпия емес. Қарт адамдар болса өмірдің заманауи қарқынына тіпті қиындықпен ілеседі. Әрбір адам өмірінде бір рет болсын төлем терминалы алдында сасып қалған әжені кездестірген шығар. Өздеріңіздің сүйікті қарттарыңызға өздерін заманауи және құзыретті болып сезінуге көмектесіңіз – жасы үлкендерге арналған компьютерлік курс бойынша мамандандырылған курстарды табыңыз. Қазіргі уақытта олардың түрлері көп. Осылайша қарт туысқаныңызға қазіргі жағдайға үйрену мүмкіндігін бересіз, ал жанама әсер ретінде оларда қандай да тұрақты айналысатын іс пайда болады. Ал кейін әжесі мен немересі «бір тілде» сөйлесіп жатқанын да байқайсыз.

 

Мінез ауырлығы

Иә, қарт адамдар кейде қыңыр және ұрысқақ болады, ал олардың жиі ескертулері кімді болсын кез келгенді мезі қылады. Бұған шатақ мінез кінәлі емес, ал өзін нашар сезіну, келешек алдында қорқыныш сезімі және өз-өзіне көңілі толмау болып келеді. Кез келген себеппен ашуланбаңыз және өзіңіздің дұрыс екеніңізді дәлелдеуге тырыспаңыз – шынымен бұл соншалықты маңызды ма, соны ойлаңыз. Қарт адаммен қаншалықты жұмсақ сөйлесетін болсаңыз, соншалықты болған өзгерістерді бастан өткеріп, өз жасын қабылдауға жеңіл болады. Ақыр аяғында қарттылық қызықты, қаныққан және көңілді емес деп кім айтты?!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс