Енемен  қарым-қатынасты қалай құру керек  — EverydayMe

Екінші ана. Енемен мінсіз қарым-қатынастарды қалай құруға болады.

Той артта қалды, қалыңдықтан бір мезетте әйелге ғана емес, сонымен қатар келінге де айналасыз. Жас жұбайы мен күйеуінің анасы арасындағы қарым-қатынасқа халық фольклоры көптеген күлкілі әңгімелер арнаған, бірақ көбіне осындай жағдайлар күлкілі емес.


Кейде жаңа туысқандармен бірге сыйысу үшін көп еңбек етуге тура келеді. Енемен ортақ тіл табысуға және қарым-қатынасты жақсартуға сізге шыдамдылық, түсіністік және біздің кеңестер көмектеседі.

 

Оның орнына өзіңізді қойыңыз

Ұлын көп жылдар бойы өсіріп, тәрбиеледі, оның сәттіліктеріне қуанды және баласына бола ұйқысыз қаншама түндер өткізді. Ал енді әлдебір қыз оны екінші орынға ысырып қояды. Соншалықты ұнамсыз сезім, рас қой? Оны ұлының махаббатынан айырғыңыз келмейтініңізге көзін жеткізуге, өзіңізді жақсы танып білуіне және отбасында жаңа мүшенің пайда болуына үйренісуіне оған көмектесіңіз. Ақыр аяғында жиырма шақты жылдан соң, сіз де ене орнында боласыз.

Оны қайта тәрбиелеуге тырыспаңыз

Қарама-қарсы көзқарасы бар адаммен араласу, әрине, оңай шаруа емес, оған қалай өмір сүру керектігін үйрету тіпті де керек емес. Ақылды болыңыз, өзіңіз икемденіңіз. Кім біледі, алғашқы түсініспеушілік өткенде бір-біріңе соншалықты қатты ұқсайтыныңыз анықталатын шығар – өйткені, сіздер бір адамды жақсы көресіздер.

Онымен кеңесіңіз

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Енеңізге қалай тамақ дайындайтыныңыз ұнамайды ма? Сіз әрдайым өз пайдаңызға жағдайды бұра аласыз. Мейрам қарсаңында жай ғана қоңырау шалып, күйеуіңізге сүйіп жейтін қай тағамды дайындауға болатынын білу үшін сұраңыз. Осылай оның пікірін бағалайтыныңызды көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ, оған әдеттегідей отбасыңыздың толық бір мүшесі болуына мүмкіндік бересіз.

Қайырымды болыңыз

Енені қарсылас деп қабылдауға болмайды, ең жақсысы сүйіктіңізді туып беріп, тәрбиелегеніне алғыс айтыңыз. Оның көмегін бағалаңыз және түкке тұрмайтын жағдайларға ашуланбауға тырысыңыз. Күйеуіңіздің анасы қонаққа келіп, асүйді жинап кетті ме? Онда жай ғана алғыс айтыңыз.

Енені еркелетуді ұмытпаңыз

Көңіл бөлу әрбір адамға ұнайды. Енеңізге баруға уақытыңыз болмаса да, оған мерзімді түрде қоңырау шалып, хал-жағдайын сұрап, өз істеріңіз жөнінде айтып отырыңыз. Қарым-қатынасты жақсартудың бір тамаша себебі мейрам бола алады – сыйлық жөнінде ойластырыңыз, міндетті түрде күйеуіңізбен ақылдасыңыз, ененің әуесқойлығы мен қызығушылықтарын да назарға алуды ұмытпаңыз. Және де міндетті түрде өзіңізбен гүл ала келіңіз – өйткені оны әрбір әйел жақсы көреді.

Бақытқа орай қарым-қатынастардағы қиындықтарды шешуге болады, ал көптеген енелер тойдан кейін «ақылды әйел қызды болады, ал ақылсыз әйел ұлынан айырылады» деген ұстанымды есте сақтайды.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.