Антиперспирант деген не және ерлерге ол не үшін қажет

Антиперспирант деген не және ерлерге ол не үшін қажет

Ерлерге антиперспиранттың керегі не және дезодоранттың антиперспиранттан айырмашылығы неде, біздің материалдан оқыңыз.


Қозғалысты қорғау
Ерлердің өмірі қозғалыспен өтеді. Ағыспен жүзу үшін, кедергілерден өту үшін, биік шыңдарға көтерілу үшін және мақсаттарға жету үшін қозғалу қажет. Дене өмірді қажет етеді, гиподинамия оған қиратушы әсер етеді. Іскерлік кездесулер, қыздармен кездесулер, спорт, саяхаттар мен іссапарлар – бәрі қозғалыста. Егер адам көп қимылдаса, одан тер бөлінеді және онымен тек антиперспирант қана күресе алады. Ол тердің иісін тек жасырып қана қоймайды, оны мүлде жоқ қылады.

Ішкі белсенділік те болады: ойлар мен идеялар бір-бірін үлкен жылдамдықпен алмастырады, сандар, кестелер, сызбалар, жоспарлар алдағы жылдарға озып кете береді. Парадокс: іштегі қозғалыс үшін кейде сыртта тыныштық қажет. Кідіріс жасау қажет. Клиенттің келісімін қауырт тыныштықта күту қажет. Үйленуге ұсыныс жасау кезіндегі «иә» деген жауапты... Қатты күйзеліс сәттерінде, тағдыршешті шешімдер қарсаңында бірде-бір дірілдеген бұлшықет, бірде-бір тердің сатқын тамшысы немесе жағымсыз иісі қажетті жағдайды бұзбауы қажет. Антиперспиранттар осы үшін ойлап шығарылған болатын, олар сыртқы және ішкі қозғалыс еркіндігін сыйлайды және тердің өмірді құртуына мүмкіндік бермейді. 

Күйзеліс факторы 
Тіпті, антиперспиранттың да терге шамасы келмейтін жағдайлар болады, мысалы, «күйзелістің тұйықталған шеңбері» аталмыш жағдай: ер адам терлеп кетемін деп қорқады, соның салдарынан күйзеледі, ал ол тердің бөлінуін қоздырады. Терден ылғалды ортада бактериялардың бақылаусыз көбеюі басталады, солар жағымсыз иісті тудырады. Оны жеңу үшін, Old Spice, тіпті, «күйзелістің тұйықталған шеңберінде» де терден 100% қорғайтын инновациялық технологияларды пайдаланады. 

BCD технологиясы
Тердің иісін тек жасырып қоятын және көп мөлшерде тер бөлінген кезде көбінесе онымен араласып кететін дезодоранттардан ерекшелігі антиперспиранттар тердің иісін мүлде жоқ қылады. Бұрын тек тер бездерін тікелей бұғаттау арқылы ғана осындай әсерге қол жеткізетін, антиперспирант тердің сыртқа шығуына жол бермейтін. Әлі күнге дейін терден қорғайтын құралдардың көптеген өндірушілері осы технологияны пайдаланады, ал ол, өкінішке орай, денсаулық үшін мүлде қауіпсіз емес. Old Spice тердің иісін жою үшін өзге тәсілді пайдаланады. 100% тиімділік құпиясы – іші қуыс ядросы бар бетациклодекстрин (BCD) молекуласында. Оны антиперспиранттың жағымды хош иісімен толтырады. Тер тамшыларымен алғаш жанасу кезінде жағымсыз иісті «тұтқындайды», бұл ретте сипаты жағынан өзінің қожайынына ұқсайтын құрамындағы хош иісті бөледі: сенімді әрі айқын, күшті және жеңіл, ол өз жұмысын сапалы түрде орындайды және тек қажетті жерде ғана күшін көрсете отырып, кез келген қиындықтарды байсалды түрде жеңеді.
Бетациклодекстрин «сиқырлы» молекуласының ішінде  Odor Blocker және Sweat Defense деген Old Spice антиперспиранттарының хош иісі бар. Осы молекуланың арқасында Old Spice антиперспиранттары өз қызметтестерінен сенімдірек және тердің иісін 100% жеңе отырып ұзағырақ әсер етеді. Олар 48 сағат бойы тоқтамай жұмыс істейді. 

Подарочный набор Old Spice Whitewater (твердый дезодорант + гель для душа)
Old Spice Whitewater сыйлық жиынтығы (қатты дезодорант + душ гелі)

Ержүрек еркектерге арналған ЕРекше хош иістер

енді табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс