Бір мектептен басқа мектепке ауысу

Бір мектептен басқа мектепке ауысу

Бір мектептен басқа мектепке ауысу – кез келген бала үшін елеулі күйзеліс. Бұл кезде ата-ана ерекше қамқорлық танытып, ілтипатты болуы тиіс.


Бейімделудің қиындықтары

Психологтардың айтуынша, балаларда жаңа ұжымға бейімделу кезеңі екі аптадан бастап, екі айға дейін созылуы мүмкін. Бұл уақытта бала әдеттегіден нашарлау оқуы мүмкін және ол ренжігіш, ашуланшақ, дөрекі немесе мұңды болуы мүмкін. Айқын теріс қылықтары үшін балаңызға ұрыспаңыз, ешбір жағдайда нашар бағаларына мән бермеңіз (олар таяу арада түзеледі) және күн сайын кешкісін күннің қалай өткенін одан тәптіштеп сұраңыз. Баланың күйзелісіне барынша байыптылықпен қараңыз: ол абыржыған және қорыққан болса, демек қазір оған отбасының барлық мүшелерінің қолдауы қажет. Мектепті ауыстыруға қатысты жазғыра сөйлеген сөздеріне жауап ретінде мектепті неліктен ауыстыру қажет болғанын байсалды түрде түсіндіріңіз. Көп ұзамай балаңыз Сіздің дәлелдеріңізді түсініп қабылдайды және қалыптасқан жағдайға кінә артуын қояды.

Мұғаліммен байланысу

Егер Сіз баланың ұстаздармен немесе балалармен тілдесуінде елеулі мәселелерді байқайтын болсаңыз, міндетті түрде мектепке кіріп, сынып жетекшісімен сөйлесіңіз. Одан жаңа оқушының оқу үрдісіне байсалды кірісуіне ғана емес, сонымен қатар сыныптастарымен оң қарым-қатынас түзуіне көмектесуін өтініңіз.  

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке қатысу

Сыныпта қай балалардың танымал екенін анықтауға тырысыңыз және баланы қажетті жаққа қарай ақырындап бағыттаңыз. Ақыр соңында, балаңызға үйде шағын кеш ұйымдастырып, оған өзі достасқысы келетін сыныптастарын шақыруды ұсыныңыз. Сонымен қатар ескі жолдастарын да шақыруға болады: бейресми жағдайда балалар бір-бірімен ортақ тілді оңай табады және таяу күндері жаңа сыныпта ұлыңыздың нағыз достары пайда болады.

Жаңа мектепке үйрену Сіздің де басыңыздан өтті ме? Ең қиыны не болып еді? Ата-анаңыз Сізге көмектесті ме?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс