Баланы қалай өзіне сенімді әрі дербес етіп тәрбиелеуге болады

Баланы қалай өзіне сенімді әрі дербес етіп тәрбиелеуге болады

Бала өзі-өзіне сенімді әрі дербес болу үшін оны тәрбиелегенде не нәрсеге көңіл бөлу қажет?


Балалар өте жылдам есейеді және жеткіншек бола бастағанда тәрбиелеу үрдісі аяқталып, ересек өмір басталады. Жеткіншек баланың байсалды әрі үйлесімді есеюі оның балалық шағының қалай болғанына байланысты. Баланы қалай дербес етіп тәрбиелеуге болады? Ұлыңның өзіне сенімді болуына көмектесу үшін не істеуге болады? 

Подарочный набор Old Spice Whitewater (твердый дезодорант + гель для душа)
Old Spice Whitewater сыйлық жиынтығы (қатты дезодорант + душ гелі)

Ержүрек еркектерге арналған ЕРекше хош иістер

енді табу

1. Оны қолға алып жүріңіз! Бұл әзіл емес, бұл ғалымдармен дәлелденген шындық. Нәрестелер үшін оларды көбінесе қолға ұстап жүрудің өмірлік қажеті бар. Олар осыны жылау арқылы білдіреді. Ал егер анасы жылдам әрекет етіп, кез келген жағдайда кез келген уақытта нәрестені қолына алатын болса, кішкентай адамда әлемге деген жақсы көрініс қалыптасады (алғашқы айларда ол үшін әлем – анасы): әлем мені жақсы көреді, әлем маған күтім жасайды, әлем менің досым. Әрі қарай осы сезім оның жадына «жазылып», адам бақытты, байсалды және өзіне сенімді болып өседі. Және егер нәресте кезінде балаңызды қолға алып жүретін болсаңыз, өскен кезінде ол бала кездегі жете алмаған қолға жету үшін «мойныңызға мініп» алмай, керісінше, сізді алақанына салып аялайтын болады.
2. Оны ма
қтаңыз! Балалық шағында баланың психикасы сондай, ол өзін «бүкіл әлемнің кіндігі» ретінде сезініп, барлығын өзімен байланыстырады. Егер ауа-райы нашарласа, анасының қабағы шытылса, айналадағылардың барлығы шиеленісіп кетсе, осының барлығына себеп өзі деп ойлайды. Сол себепті, егер жаманға ғана назар аударып, баланы кемшіліктері үшін ұрсып немесе адал ниетпен оны жиі сынайтын болса («Оның қолынан бұдан да жақсысы келеді ғой!»), ода ересек өмірде неврозға және психотерапевтердің жақсы табысына айналатын кешен қалыптасуы мүмкін («Мен бұрыс адаммын! Мен жаманмын!»). Баланың дамуы мен дүниені тануы және барлығына үйренуі үшін оны мақтау қажет. Нақты бір іс үшін мақтау қажет: «жарайсың» және «ақылдым» деген сөздер, әрине, жағымды, дегенмен олар ештеңе білдірмейді. Психологтар жақсылық демеу әдісін ұсынады, яғни нақты бір іс үшін мақтауды: «Бауыңды өзің байлай алдың және біз енді кешікпейміз!», «Жолдағы жапырақты сыпырғаның қандай жақсы, енді ол сондай таза!», «Сенің салған суретіңдегі динозавр сондай үлкен, нағыз динозавр сияқты!» Нақты бір іс үшін мақтау оңай емес, себебі көбіміз сынау арқылы тәрбиелеуге үйренгенбіз: «Тырысып көр! Сен одан да жақсы жасай аласыңӨз-өзіңізбен ойын ойнап көріңіз: бір сынға он мақтау сөз ойлап табыңыз, бірте-бірте Сіз мақтауды үйренесіз, тіпті, кейде мақтауға тұрарлық емес деп ойласаңыз да. Бала оның әрекеттерін мақұлдап, ескергенін және оң бағалайтынын көрген кезде, ол осы бағытта әрі қарай жұмыс істегісі келеді, себебі дәл осы жер жайлылық аймағы.
3. Оны
ң орнына бәрін жасамаңыз! «Жаттанды дәрменсіздік синдромы» деген түсінік бар. Ол өздігінен бір нәрсе істеуге қорқатын және, тіпті, қарапайым нәрселерде көмек іздейтін көптеген ересек адамдарда кездеседі. Баланың дербестігін дамыту үшін оның жасына сәйкес келетін істі оған өзіне жасауға көбірек мүмкіндік беру керек. Мысалы, егер ол ойыншыққа ұмтылса, жүгіріп барып, алып бермеу қажет, оны өзі алсын. Егер түймені түймелеуге тырысып жатса, бірақ дұрыс түймелей алмаса, «Әкел мен түймелеп берейін!» деп көмектесуге асыққанша, оған түймелеуге мүмкіндік беру және тырысқаны үшін мақтау қажет. Кейде біз баланың тезірек тамақтанғанын қалап, оның қолындағы әрең ұстап отырған қасығын алып, өзіміз тамақтандырамыз. Баланың бұзылып қалмайтын үйшік салғанын қалаймыз да, құлап қалмас үшін мұнарадағы текшелерді түзетеміз. Біз көмектескіміз келеді, бірақ оның пайдасынан зияны артық болады: бала оған әкеліп беретінін, оның орнына істеп беретінін түсінген кезде, ол бір нәрсе істеп көруге тырысуды тоқтатады да, жасаған қателіктерін бастан өткеріп, оларды түзетуді үйренбейтін болады. Шыдамыңызды жаттықтырыңыз, ол балаңыздың дербестігін дамытуға көмектеседі!

4. Баланы
өз өміріңізге араластырыңыз! Барлық ойыншықтар сиқырлы түрде өз орындарында тұрса, кептіргіштегі ыдыстар жарқырап тұрса, еден таза болса, тәтті салатын ыдыс үйде пісірілген печеньеге қайта-қайта толып тұратын болса, бала осыларға анасының не әкесінің қолы тигенін ойламайтын болады – оған барлығы өздігінен жасалатындай көрінетін болады. Ересек жасқа жеткенде ол неліктен өмір сүру соншалықты қиын және неліктен мен <…> немесе <…> (мұнда көптеген түрлі істерді мысалға келтіруге болады) жасауым керек деп ойлап, түсінбейтін болады. Сол себепті бала қасыңызда болғаны дұрыс. Сіз тамақ дайындаған кезде оны мультфильм көріп отырғызып қоймаңыз, керісінше сәбіз тазалауды немесе қамырдан дөңгелек ойып кесуді үйретіңіз. Ол еңбектеніп, өзіне және өз үйіне күтім жасауды үйренуі үшін оны өз істеріңізге араластырыңыз.     
5. Жауапкершілікке
үйретіңіз! Отбасылық кеңес жасап, үйдегі міндеттерді бөліп алыңыздар. Кімнің не істейтінін келісіп, өзін ұйымдастыру мүмкіндігін беру маңызды: яғни мазасын кетіріп, ыдыс жуу керек немесе итті қыдырту керек деп қайта-қайта есіне салудың қажеті жоқ. Балаға оның істей алатын, оған ұнайтын және жасына сай келетін істі жүктеп, оны орындау керектігін естен шығармауын тапсыру қажет. Гигиенада да сондай, өсіп келе жатқан адамға тісті тазалау керек немесе дезодорант пайдалану керектігін еске салудың қажеті жоқ, тек барлық қажеттіні алып беріп отырсаңыз болады.  Оған Old Spice ұсынған Bearglove дезодорантын сатып әперіңіз, ол оны пайдалануды ұмытпайтын болады, оның ашық, бірегей әрі нағыз ерлерге тән хош иісі күшті!
Осы т
әсілдердің барлығы жеткіншектің дербес болуына, өзі үшін жауап бере білуіне және, ең бастысы, өмірін жеңіл, қызықты әрі алуан түрлі ететін өзіне деген сенімділікті табуға көмектеседі. Және өзіңіздің ересек балаңыздан «рахмет» деген сөзді жиі еститін боласыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.