Ата-анаға қойылатын шектер

Ата-анаға қойылатын шектер

Жеткіншек — ересек адам. Оны өзгерту, оған ақыл айту кеш. Осы кезеңде Сіз баланы сыйлап, оны тыңдай білуді үйренуіңіз қажет. Ол өмірде өз орнын табуға көмектесетін өз шекарасын белгілейді.


Нәресте өмірінің алғашқы күндерінен бастап ата-анасы онымен қарым-қатынасын шартсыз махаббат пен шартсыз шекаралардың көмегімен жасайды. Олардың балаға қажеті сонша, егер ата-анасы оны бермесе, нәресте ең нашар мінез-құлық көрсету арқылы оған қол жеткізе бастауы мүмкін, оның мәні мынада «Маған шектер қажет, маған ережесіз өмір сүру қиын!» 
Жеткіншек жасқа жеткенге дейін осы шектерді орнату үрдісі тоқтамайды. Бұл үрдіс өте қиын, себебі шектер оларды сақтаған кезде ғана жұмыс істейді және оларды ең болмаса бір миллиметрге жылжыту мүмкін емес. Яғни, мысалы, ешқашан түске дейін кәмпит жеуге болмайды (бала ауырып жатса да, жыласа немесе қыңқылдаса да). Жеткіншекке жауапкершілікті, дербестікті және олардың шегіндегі еркіндікті сезіну үшін шекаралар қажет. Дегенмен, ең қызықтысы, есею кезеңінде ол да өз шекараларын орната бастайды. Сіздің оларды сақтауыңыз балаға өзін-өзі дұрыс бағалауға, батылырақ болуға, ең жақын адамыңыздың қалыптасып болған жеке басына деген құрметіңіз бен махаббатыңызды сезінуге көмектеседі.   

Сонымен, ата-ана қандай шекараны сақтауы қажет:

• Сезім. Егер, мысалы, жеткіншек баянсыз махаббат үшін жылап отырса, онымен әңгімелесудің әмбебап тәсілі жоқ. Дәл сол сияқты махаббат объектісіне қатысты күйдіргі ескертпелермен сергітуге мүлде болмайды. «Ол саған лайық емес», «Ол әдемі емес», «Тапқан екенсің қасірет шегетін нәрсені» деген сияқты сөздер жеткіншек үшін жақсы жұбату емес. Шын мәнінде Сіз оның сезімін келемеждеп отырсыз. Дұрысы аяушылық танытып, сыпайылық көрсету қажет және болған жайтты егжей-тегжейлі сұраудың қажеті жоқ.

• Жеке заттар. Бәрі оңай — жеткіншектің жеке заттарына сұрамай тиісуге болмайды. Ал бұл соншалықты оңай ма?

Өмір салты. Бұл ең қиын шекара. 13-14 жастан кейін бала басқарылатын бала болудан қалады. Жеткіншекті қалай тәрбиелеу керек деген мәселе енді өзекті емес: біз енді оны «қалағанымыздай» өзгерте алмаймыз. Енді оны бар болмысымен қабылдаймыз. Әрі қарай – тек серіктестік, сыйластық, шекараларды сақтау. Көп аналар үшін жеткіншектің бөлмесіндегі ретсіздік оның  жеке ісі екені жаңалық болады. Иә-иә, Сіз балаға ол өз қалауынша иелік ететін жеке аумақ бөліп бердіңіз. Егер ол оқулығын немесе таза киім таппаса, өзінің зердесіздігінің салдарын өзі тартады. Осылай ересек адамдар өмір сүреді – олар бірдеңені істейді немесе істемейді және салдары үшін жауап береді. Екілік баға – ретсіздіктің айтарлықтай елеулі салдары. Ал Сіздің айқайыңыз бен мазағыңыз баланы күйзеліске немесе одан бетері депрессияға ұшыратады. Дегенмен, ерекшеліктер бар: егер бөлменің жағдайы (оның меншігі болып табылмайтын) бүкіл үйге немесе пәтерге қауіп төндірсе, онда Сіз апаттың алдын алу шараларын талап етуге құқылысыз (мысалы, шашырап жатқан тамақ қалдықтарының салдарынан үйде тарақандардың пайда болғанын қаламайсыз және Сіздің үйіңізде тамақтың жерде шашылып жатпауы керек деп келісесіз).

• Хобби. Бұл салада шекаралар жан-жақтан бұзылуы мүмкін. Егер Сіз баланың хоббиін белсенді түрде мақұлдамасаңыз, құрттардың коллекциясын жинауын тоқтатуды талап етсеңіз, мысалы, ол шекараның бұзылғаны. Егер Сіз әуестігіңізді шамадан тыс көрсетсеңіз немесе балаға коллекцияға қажетті жәдігерлерді толтырып алып берсеңіз және өте көп сұрақ қойсаңыз – мұның бәрі шекараны бұзу. Егер хобби айналадағылардың және жеткіншектің өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе (соның ішінде психикалық) – ол өзі қалаған мөлшерде сол хоббимен айналысуға құқылы.  

• Гигиена. «Қолыңды жу!» «Сенен тердің иісі шығып тұр, дезодорантты пайдалан!» «Шұлығыңды ауыстыр!» — жеткіншекпен гигиена мәселесіне қатысты осылай қарым-қатынас жасауға болмайды. Ол өзгереді, есейгендіктің аса жағымды емес белгілері пайда бола бастайды, бала оларды әлі де орындап үйренбеді және егер Сіз оның дене кемшіліктерін тура көрсететін болсаңыз, онда ол келешекте ауыр психологиялық мәселелерге әкеп соқтырады. Егер Сіз тердің иісін сезсеңіз, жеткіншектің гигиена құралдары жайында ойлаңыз. Егер Сіз жақсы антиперспирантты ешбір түсіндірусіз сыйлайтын болсаңыз, ол оны қуана пайдаланатын болады. Жеткіншектің ренжіп қалмауы үшін онымен қалай сөйлесу керектігі жайлы ойлап, қажетті сөздер іздеп, күйгелектенудің қажеті жоқ. Сіз тек жақсысын, мысалы, 48 сағат әсер ететін BCD зияткерлік технологиясымен әзірленген, әдеттегі антиперспиранттардың күші жетпейтін күйзелісті жағдайларда да иісті 100% жоятын Odor Blocker антиперспирантын таңдасаңыз болды. Бала ешбір сөзсіз көрсетілген қамқорлықты бағалайтын болады.
• Жалғыздық. Егер жеткіншек «менің жалғыз қалғым келеді» десе, онда бірдеңе сұрап, айқындаудың және анықтаудың қажеті жоқ. Ол жалғыз қалғысы келеді, бұған оның өз себептері бар, ол шекараны нақты көрсету арқылы өз бөлмесінің есігін жауып алады. Осы шекараны бұзбайтын ата-ана, бала жалғыздыққа рахаттанып болғаннан кейін, ашық әңгімелесу түріндегі «бонусқа» ие болады. 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.