Жеткіншектің өзі жауап беруі қажетті заттар: Топ 5

Жеткіншектің өзі жауап беруі қажетті заттар: Топ 5

Жеткіншекті оқуға, үй жинауға және сабағын жасауға мәжбүрлеу қажет пе? Баласы 14-15 жасқа толғанда анасы нені бақылауды тоқтатуы қажет, біздің материалдан оқыңыз.


Кейде аналар жеткіншектерін кішкентай бала ретінде қабылдайды, ал бұл жиі дау-жанжал тудырады. Баласы 14-15 жасқа толғанда анасы нені бақылауды тоқтатуы қажет, біздің материалдан оқыңыз. Ана балаларды өсіріп отырған кезде, оның іс-әрекеттерінің көбі автоматизмге дейін жетеді: киіндіру, тамақтандыру, серуендету, жуындыру, жатқызып ұйықтату. Баланың есею барысында, ол жыл өткен сайын баланың өз өміріне деген жауапкершілігі баланың өзіне жүктелетінін ұғынуға кейде үлгермей жатады. Егер 14 жастағы жеткіншектің анасы оны барлық жағынан бақылауын, ескертіп отыруын, «барлығын дайындап» беруді тоқтатпаса, отбасындағы психологиялық жағдай нашарлауы мүмкін және есею үрдісі бұзылады. Бала өзінің қателіктерінің салдарын сезінуді үйренуі қажет, себебі ересек өмірде тек өзі үшін жауап беру қажет болады. 

Баланың 13-15 жасында толығымен соның мойнына жүктеуге қажетті бес зат:

1. Киім. Жеткіншектің талғамы, жағдайға байланысты киім таңдау қабілеті қалыптасады. Ол әртүрлі стильде киініп көреді, тәжірибе жасап көреді. Оған өз талғамыңызды зорлап міндеттеуге тырыспаңыз. Жатар алдында ертесі күні киетін киімдерін үстелге дайындап бермеңіз. «Балаңыз» комодтың немесе шкафтың жәшігін өзі ашып, киімдерді таңдап, киіп көруге қабілетті. Сіз оның сыртқы келбетімен келіспей, стилін талқылауыңыз мүмкін, бірақ балаңыздың қалай киінетініне ендігі жауап бере алмайсыз.   
2. Жинау. Жеткіншектің бөлмесіндегі бейберекет – көптеген отбасындағы кедергі тас. Осыған байланысты қаншама жанжал туады! Баланың өз артынын жинауы үшін ата-ана оған жиі қысым көрсетеді және бұл кері әсер тудырады! Қолыңыздан келетіні тек үйдегі тазалықты ұстаудың қаншалықты маңызды екенін өз ісіңізбен көрсету және тек өз бөлмесінде ғана емес, пәтердегі оның тазалық үшін жауап беретін нақты бір аймағын таңдап алуды ұсыну. Мысалы, бала әр сәрсенбі мен жұма күндері ыдыс жуып, әр кеш сайын өз бөлмесінде кітаптарды сөрелерге жинауды, киімдерді шкафтарға ілуді таңдап алуы мүмкін. Жауапкершіліктің осы аймақтары туралы бүкіл отбасы болып келісіп алу қажет, яғни жеткіншек отбасының бүкіл мүшелері тазалықты сақтау үшін қандай да бір жұмыс үшін жауапты екенін көретін болады және өзі таңдап алған міндеттерін орындау үшін ол оған жеңіл болады. Бастысы – белгіленген уақытта бүкіл жұмысын бітіргенін тексеріп, оған қайталай бермеу қажет! Бұл дәл соның жауапкершілігі, бар мағына осыда, ол өз мойнына алған міндеттерінің орындалуын өзі қадағалауы қажет және оларды орындамаудағы нәтижелерін көруі қажет.
3. Заттар. Бірінші сынып оқушысының сөмкесін мектепке жинаған кездер өтті. Жеткіншектің өз ісінің жоспарын құруды үйренуі, тәртіпті болуы маңызды. Өз заттарын сөмкесіне өзі және тек өзі ғана жинайды. Егер бір нәрсені ұмытса – нәтижесі өзін күттіріп қоймайды. Осының бәрі өмір сабақтары деп аталады.
4. Сабақ. Жеткіншекті сабақ оқуға мәжбүрлеу қажет пе? Қажет еместігімен қоймай, оның пайдасы да жоқ! Екіліктер, қайта тапсырулар, ұпайлардың жетіспеуі – енді басыңыз онымен ауырмауы тиіс. Жеткіншекті асықтырып, сабақ оқуға мәжбүрлеп, сабағын оқығанға дейін басқа іспен айналысуға тыйым салу – осының бәрін енді доғаруыңыз қажет. Ол енді әжептуір үлкен адам және өз үлгерімі үшін өзі жауап береді!
5. Гигиена. «Жуын!» «Тырнағыңды ал!» «Шашыңды тара!» сияқты сөздер артта қалды. Егер ұлыңыз кірқожалақ болса – ол оның өз таңдауы. Егер Сіз оның кемшіліктерін үнемі көрсетіп, комплекстерін «қоректендіріп» отыратын болсаңыз, ол қуана қояр ма екен? Баланың тазалығы мен оның денесінен мүңкіп тұратын иістерге қатысты ескертулер жасаудың қажеті жоқ, ал гигиена құралдарының сәнді әрі сапалы жиынтығын сыйлау өте орынды болады. Егер осы құралдардың әсері болатын болса, жеткіншек өте қуанатын болады. Мысалы, Old Spice ұсынған Odor Blocker  антиперспирантымен бірге ол ең қиын емтихандарды оңай тапсыра алады: Old Spice ұсынған BCD зияткерлік патенттелген технологиясы, тіпті күйзелісті жағдайларда әдеттегі антиперспиранттардың әсері болмай қалған кездерде де, 48 сағат бойы тердің иісін 100% жояды.


Жеткіншек жас — бүкіл отбасы мүшелері үшін де күрделі сынақ. Жеткіншекті оқуға мәжбүрлеу немесе мазасын алмау қажет пе, жеткіншекті үй жинауға мәжбүрлеудің немесе оның бөлмесінің шаңын соруды өзінің жалғастыра беруі қажет пе, осыларды ата-ана жиі түсіне бермейді. Дұрыс амалын тапқан кезде және көмектесуге дайын болған кезде «балаңыз» нағыз ересек әрі жауапты адам бола алады. Оған қысым көрсетпеңіз, мазасын кетірмеңіз, дегенмен сұрағына жауап беруге, егер сұраса кеңес беруге және қиын жағдайда қолдау көрсетуге дайын болыңыз – сонда барлығы да жақсы болады!

Подарочный набор Old Spice Whitewater (твердый дезодорант + гель для душа)
Old Spice Whitewater сыйлық жиынтығы (қатты дезодорант + душ гелі)

Ержүрек еркектерге арналған ЕРекше хош иістер

енді табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.