Нағыз ер азаматты қалай өсіру қажет

Нағыз ер азаматты қалай өсіру қажет

Кішкентай баладан нағыз ер азаматты қалай өсіру қажет? Осыған ата-ана әсер ете ала ма? Біздің материалдан оқыңыз.


Ұлы бар әр ананың мінсіз ер азаматтың қандай болу керектігі жайында өз түсінігі бар шығар. Әрине, егер баласы өзін мінсіз етіп ұстамаса, аналар жабырқайды. Уайымдаудың қажеті жоқ, ер азамат – ересек адам, ал балаға ер азамат болу үшін әлі қайда, ол тек балалық шақты барлық қуаныштарымен және қиындықтарымен бірге өткізуде. Сіз баланы еркек ете алмайсыз, бірақ Сіз оның айналасына дұрыс еркектік тәртіпті сіңіретін жағдай жасай аласыз. Ал кейін өскен соң – Сізді және өзінің сүйіктісін нағыз еркек болу арқылы қуантатын болады. Осы үшін оған не көмектеседі?

Подарочный набор Old Spice Whitewater (твердый дезодорант + гель для душа)
Old Spice Whitewater сыйлық жиынтығы (қатты дезодорант + душ гелі)

Ержүрек еркектерге арналған ЕРекше хош иістер

енді табу

• Нәзік анасы. Көйлекті жиі киіңіз, әдемі киім таңдаңыз, нәзік және сәл ғана әлсіз болыңыз. Баланың Сізге көмектесуіне – есікті ұстай тұруына, шай әкеліп беруіне мүмкіндік беріңіз. Тек нәзіктікті дәрменсіздікпен және инфантильдікпен шатастыруға болмайды, өйткені ана сонымен қатар беделді адам және ата-ананың бірі ғой. Шешімді ол қабылдайды және бала үшін ол жауап береді.
• Ержүрек әке. Баланы міндетті түрде ерлердің ісіне қатыстыру қажет. Әкесі (өгей әкесі, атасы – ер адам!) баласымен бірге жиһазды жинасын, велосипедтерді жасасын, балық аулауға барсын – бұл олардың ерлер әлемі, баланың оны сезініп, түсінуі маңызды. Олардың сәл агрессивті ойындарын, олар әуреленіп жатқанда, ойнап төбелесіп жатқанда, еденде аунап жатқанда кесіп өтпеуге тырысыңыз. Кейбір аналар осыларға тыныш қарап отыра алмайды. Онда дұрысы басқа бөлмеде күте тұру қажет, себебі ол үлкен және кіші ер адамның маңызды әрекеті.
• Қыздар. Туған күндерде, қонаққа барғанда балаңызға қыздарға қалай дұрыс орын беруді, алға өткізуді, баланың мүмкіндік шамасына қарай оларға күтім жасауды түсіндіруді ұмытпаңыз.  
• Еркін ойын. Баланың өз бос уақытының болуы аса маңызды. Оған күн сайын кешке дейінгі уақытының барлығы белгіленіп қойған жоспар жасап берудің қажеті жоқ. Армандау, жүгіріп ойнау, құтырып ойнау, диванда жату, өзі ойлап тапқан ережелер бойынша ойнау – баланың дамуының маңызды бөлігі.
• Қауіптілік. Балаға сәл көбірек еркіндік беріңіз, биік төбешіктерден түсіріп алмаңыз, егер ол ағашқа шығып алса, ойбайламаңыз. Қиыншылықтарды жеңу қабілеті, жағдайды сәйкесінше бағалау – осы қасиеттерді дамыту және тәрбиелеу қажет.
• Гигиена. Бұл ер балалар мен жеткіншектерде жиі кездесетін «осал жері». Оларға неге екені күн сайын тістерін тазалау, қайта-қайта бастарын жуу, дезодорантты пайдалану қиын. Оларды бала күнінен өздеріне күтім жасауға үйретіңіз, тазалығы үшін мақтаңыз, жуынатын бөлмеге «ертегінің» көмегімен келтіріңіз. Кейіпкердің тісін тазалауы қаншалықты қызық екені туралы ертегі немесе тістердің атынан – олардың елінде зұлым бактериялардың жеңіліске ұшырағанына олардың қалай қуанғаны туралы оқиға ойлап табыңыз. Гигиеналық рәсімдердің «арсеналын» бірте-бірте кеңейте беріңіз. Жеткіншекке жуынатын бөлмеден сөре беріп, жастарға арналған стильді косметика сыйлау қажет. Осындай косметиканы пайдалану арқылы ол еркек ретінде ашылады, ересектердің салт-жораларын өзі жасайтын болады. Тинейджер өзін сенімді әрі күшті және, тіпті, сәл агрессивті сезіну қажет – оның еркектік түпнегізі ашылуы және оның нағыз ер азамат болуына көмектесуі қажет. Дезодоранттың дұрыс таңдалған хош иісі жеткіншектің өзін «жыртқыш» ретінде, қасқырдай қауіпті, аюдай күшті, қабыландай жылдам және барыстай епті сезінуіне, бүкіл әлем оның аяғының астында сияқты ес кетіретін сезімде болуына көмектеседі. Old Spice ұсынатын Wolfthorn хош иісі — нағыз жігіттерге қажеттісі.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.