Қолды қалай дұрыс жууға болады?

Қолды қалай дұрыс жууға болады?

Қызықтысы, ХІХ ғасырдың басына дейін адамдар қарапайым қол жуудың өзі көптеген аурулардан құтқаратынын түсінбеді. Бақытымызға орай, бүгінгі күні бұл туралы, тіпті сәби де хабардар. Білу аз, оны жасау - бөлек әңгіме, ал ең маңыздысы – дұрыс жасау! Қолды жууда тұрған қиындық жоқ сияқты, алайда сол қарапайым болып көрінетін шаруада маңызды нәрседен қателік жіберуіміз мүмкін.


Қолды қашан жуу қажет?

Қолды міндетті түрде жуу керек болатын жағдайлар бар:

Дәретханадан шыққан соң. Бұл жағдайда шыққан кезде есік тұтқасына жақындамауға тырысыңыз.

Тамақ жеуден бұрын.

Шикі етке, тауық етіне, жұмыртқа мен басқа да азық-түліктерге жақындағанда.

Қоқыс шығарып келген соң.

Кесілген немесе күйген жердің таңғышын ауыстырғанға дейін және кейін.

Жинастырудан кейін.

Даладан үйге оралғаннан кейін.

Қолды қалай жуу қажет?

Көбісі қолды тек немқұрайлы жуады. Адамдар бұлай жасаудың қажеттілігін бала кезден біледі, бірақ, бұған байыппен қарамайды. Бізге бактериялардың жай көзге көрінбеуі, оларды жоқ екенін білдірмейді. Ғалымдардың есептеуінше, қолда орташа шамамен 10 миллиондай бактериялар бар екен! Қоғамдық орындықтар мен эскалаторлардан көбірек! Не істеу керек? Қолды тұрақты және дұрыс жуу қажет:

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Кранды ашыңыз

Қолды сабындаңыз.

Кранның тұтқасын сабындаңыз. (Бұл ереже қоғамдық орындарға қатысты. Әйтпесе, қолыңызды жуған соң, сіз қайтадан кір кранға жолайсыз және бактериялардың көп бөлігі қолға жұғуы мүмкін).

Кранның тұтқасындағы сабынды шайыңыз.

Қою көбік пайда болуы үшін қолыңызды тағы сабындаңыз.

Ішкі және сыртқы жағына, сондай-ақ тырнақ астындағы теріге назар аударып, қолды 15-30 секунд жуыңыз.

Сабынды шайыңыз.

Кранды жабыңыз.

Қолды сүлгімен сүртіңіз. Сүлгінің қашанда таза болуын міндетті түрде қадағалаңыз.

Қолды немен жуу қажет?
Әрине, қолды сабынмен жуу қажет. Егер қоғамдық орында барды қанағат етсек, онда үйде бактерияға қарсы Safeguard сабынын таңдаған дұрыс. Әдеттегі сабын тек терінің бетіндегі микроағзаларды біржақты шаяды. Ал Safeguard  сабыны барлық бактерияларды 99% жойып қана қоймайды, сондай-ақ G+ аса қауіпті бактерияларынан (стрептококк, стафилококк) 12 сағат бойы қорғауды қамтамасыз етеді. Оның ішек ауруларының негізгі қоздырғыштары және басқа да жұқпалармен тиімді күресетінін зерттеулер растаған.

Қолыңызды тұрақты жууды ұмытпаңыз және сау болыңыз! 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс