1 қыркүйек мерекесі: балаларды бірінші қыркүйекпен құттықтаудың сценариі мен идеялары

1 қыркүйек мерекесі: балаларды бірінші қыркүйекпен құттықтаудың сценариі мен идеялары

Отбасында мектеп жасындағы балалар бар болса, әсіресе бірінші сыныпқа баратындар бар болса, Білім күні күздегі басты мерекелердің біріне айналады. Есеюдің кезекті кезеңі баланы жігерлендіріп, келешекте жақсы жағынан есте сақталып қалуы тиіс. Әрине, бұл мәселедегі жауапкершілік бірінші кезекте ата-анаға жүктеледі.


Мектептегі алғашқы күн немесе кезекті оқу жылының басталуы балалардың есінде жақсы жағынан сақталып қалуын қамтамасыз ету үшін оларға мейрам ұйымдастырыңыз. Мұнда ынта білдіруіңіз құпталады және балаларды Бірінші қыркүйекпен құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырғаныңыз дұрыс.

Мектепке алғашқы қадам
1 қыркүйекке қарай Сіз мұғаліммен де, сыныптастарының ата-аналарымен де танысып үлгерсеңіз керек. Салтанатты сапқа тұрудан кейін сыныпта шағын ертеңгілік ұйымдастыруыңызға рұқсат берілуін келісіңіз.

Сері атағын беру рәсімі секілді, бірінші сынып оқушысы атағын беру рәсімін ұйымдастырыңыз. Бұл салт жорасы үшін сілтеу таяқшасы немесе сызғыш болса жеткілікті, ал орденнің орнына естелік төсбелгі тағуға болады немесе мойнына салтанатты түрде ойыншық медаль ілуге болады. Ал бұның алдында: бала мектепке барғысы келеді ме, ол не нәрсені үйренгісі келеді, кім болғысы келеді деген сұрақтардың қойылуымен қысқаша сұхбат жүргізілсін. Мұндай бейнежазба келешекте бітіру кешіне дайындалған кезде немесе жай ғана отбасылық мұрағат үшін құнды материал болады.

Мүмкіндігінше алдын-ала сыныпты шарлармен, жалаулармен және қызыл-сары жапырақтармен сәндеңіз. Балаларға шағын тамақ дайындаңыз: шаймен немесе шырынмен жейтін тәттілер. Музыкалық безендіруді ойластырыңыз. Егер мектеп туралы өлеңдері бар балалар слайд-шоуын жасап, компьютерде немесе интерактивті тақтада іске қосатын болсаңыз, мерекелік ахуал күшейе түсері сөзсіз. Шай ішкеннен кейін интерактивті ойындар мен конкурстар өткізу балалардың бір-бірімен жақсырақ танысуына септеседі және жалпы жағдайды жайластырады. Бірінші сынып оқушыларына жарауы мүмкін бірнеше нұсқаны ұсынамыз.

Әуе айқасы
Екі командаға бөлінген балалар қолдарына әуе шарын ұстап, жорамалданған сызықтың қарама-қарсы екі жағында тұрады және сигнал бойынша шарларын «қарсыластарына» қарай лақтыра бастайды. Айқастың аяқталуын білдіретін сигнал естілген кезде шарлардың азырақ мөлшері жиналған команда жеңімпаз атанады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жануарлар
Жүргізуші балаларға кезекпен доп лақтырып, бір әріпті атайды. Бала осындай әріптен басталатын жануардың атын мүмкіндігінше жылдам ойлап тауып, допты кері қарай лақтыруы тиіс.

Сараң
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әр команданың алдында еденде бір сызықпен алмалар немесе апельсиндер қойылып шығады. Баланың міндеті – отырған күйінде жылжи отырып, қалталарын пайдаланбастан мүмкіндігінше көбірек жеміс жинау. Өте қызықты және екпінді конкурс.
Осындай ойын-сауықтарды ұйымдастырған кезде қиялға ерік беруге болады, ең бастысы – соңына қарай барлық қатысушылар мұз кәмпит, қаламсап немесе қойын дәптер секілді шағын жүлделер алуы тиіс.

Үйдегі мереке
Мектептегі жағдай бір бөлек, ал баланы үйіндегілерінен артық түсінетін және жігерлендіретін жан бар ма екен? Жаңа күнді оқушының мектептегі сапқа тұруға дайындалуы жайлы фото- немесе бейнерепортаждан бастаңыз. Қызыңыздың сәнді шашына бантиктердің қалай тағылып жатқанын, ұлыңыз өзінің алғашқы мектеп киімін қалай киіп жатқанын түсіріп алыңыз. Мектептен қайтып келгеннен кейін ата-анасымен, бауырларымен, ата-әжелерімен отбасылық түскі ас ұйымдастырыңыз. Отбасылық фотоальбомдарды қараңыз, мектеп шағыңызды еске алып, онымен бөлісіңіз. Әрбір адамның өмірінде мұндай жауапты күннің болатынын Сіздің бірінші сыныпқа баратын балаңыздың түсінгені маңызды.
Егер балаңыз кезекті сыныпқа бара жатса, Білім күнін ол да ерекше толғаныспен күтіп отырары сөзсіз, өйткені бұл – ұзақ демалыстан кейін достарымен асыға күткен кездесу болмақ. Балалар бір-бірімен бейресми жағдайда тілдесіп, жазғы әсерлерін бөлісе алуы үшін сыныптастардың боулингке, Q-ZAR-ға немесе киноға бірге баруын ұйымдастырыңыз.

Кез келген өзге мереке секілді 1 қыркүйек те тек жақсылықтарымен және ерекше жағымды сезімдерімен есте қалуы тиіс. Және олардың сондай болуы ата-аналар мен мұғалімдердің қолында. Мереке алдындағы машақаттан қорықпаңыз, бұл соған тұрарлық!

Ал Сізде 1 қыркүйекке арналған сценарий дайын ба?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс