Отбасындағы тұңғыш перзент

Отбасындағы тұңғыш бала: жас анаға ұмытуға болмайтын 4 нәрсе

Сәби өмірінің алғашқы жылы – ана үшін бақытты, бірақ өте жауапты кез. Барлығына қалай үлгеріп, оның үстіне, өзіне қалай уақыт табуға болады?


Өмірдің жаңа кестесін кішкентай баланың қалауы мен қажеттіліктеріне қарай бейімдеу, гормонды қайта құрылым – осының барлығы алғашқы жылда ананы қалыпты өмірінің үйреншікті сорабынан шығарып жібереді. Үйден тез жиналып шыға салуға, немесе кітап оқуға, немесе рахаттанып ваннада жатуға болатын кезді енді ешқашан қайтара алмайтындай болып тұрады. Енді түнде ұйқыдан тұру, киімін ауыстыру, тамақтандыру, есік алдында арбаны ұйқысыз сүйретіп жүру, іші ауыратыны, жөргектер, алғашқы тістер шыққаннан қызуының көтерілуі және т.б. әрдайым алда күтіп тұрғандай... Қорықпаңыз, егер уақытты және айналадағы кеңістікті дұрыс ұйымдастыра білсе, бәрі соншалықты қиын бола қоймайды.

 

Кеңестерге құлақ салыңыз да, өзіңізше жасаңыз

Сәби өмірінің алғашқы аптасында анаға кеңес беретін білгіштер көбейіп табыла кетеді. Емшекпен ғана еміз – тек қана сұраған кезде еміз, жөргектер – оларды көп қолданба, күніне кемінде 4 сағаттан серуенде... Не істесең де, әлем саған қарап, кінәлап: «Сен қандай анасың өзі?!» деп басын шайқағандай болады.

Шынына келсек, мінсіз шешім жоқ және сәбиіңізді қалай дұрыс өсіру керек екені жөнінде нақты ешкім айта алмайды. Сізден басқа ешкім! Ақпаратты ой елегінен өткізіңіз: кеңесшілер көп, ал сіз бен сіздің жүйке жүйеңіз біреу. Қалай дұрыс деп шешсеңіз, солай істеңіз, тыңдау қажет болатын жалғыз кеңесші – бұл сіздің педиатрыңыз.

 

Барлығына үлгеруге тырыспаңыз

Қыдыру, дүкенге бару, үйді жинастыру, түскі тамақты әзірлеу – осының барлығы емізу арасындағы үзілістерде жасалады. Бала күндіз ұйықтағанда не істеріңізді білмей, алтын уақытыңызды қалай жұмсаймын деп сасқалақтап қаласыз: душқа барайын ба не тоңазытқышқа қарай жүгірейін бе? Немесе дереу шаруаға кірісейін бе?

Шындап қарасақ, барлығын үлгеруге талпынудың қажеті жоқ. Жуып жиыстыруды күн ара жасасаңыз да ештеңе етпейді, ал күйеуіңіз арасында өзіне түскі асты немесе кешкі асты өзі-ақ дайындап алады. Басты істеріңізді реттеңіз: алдымен сәби, өйткені ол өзіне өзі қызмет көрсете алмайды, сосын ғана сіз, өйткені негізгі ауыртпалықтың барлығы сізге түседі. Дәл осы тәртіпте болады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Көмек сұраңыз және оны қабылдауды намыс көрмеңіз

Барлығының өз өмірлері бар, сондықтан ұйқыңыз келетінінде, шаршағаныңызда, бетке арналған маска жасау, шаштаразға бару не бір кесе шай ішіп, мейрамханада құрбыңызбен отыру үшін өзіңізбен өзіңіз ең құрығанда бір сағат болғыңыз келетінінде ешкімнің шаруасы жоқ болып көрінеді. Осыған бола сізді ұрса жөнелетін сияқты болып көрінеді. Бірақ шынында өзіңіз және өз қажеттіліктеріңіз туралы ұмытпауға толық құқығыңыз бар. Баланың туылуы жеке тұлға ретінде осымен біттіңіз деген сөз емес. Осы жөнінде туысқандарыңызбен сөйлесіңіз. Сізге көмек қажет және өзіңізге деген уақыт керек. Егер әженің қолы бос болмаса, ал күйеуіңіз жұмыстан басын көтере алмаса, баланы аптасына бір-екі рет серуендету үшін күтуші әйелді жалдауға болады. Ал осы кезде уақытты өзіңізге, күтіміңізге, әуестіктеріңізге, демалуға жұмсайсыз. Ақыры, аптадағы осы бірнеше сағат сізді бақытты, әрі жайбарақат етеді, бұл сәбиге де, үйдегі көңіл райына да пайдалы болады.

 

Мінсіз ана болуға тырыспаңыз

Мінсіз аналар болмайды. Бірақ жақсы көретін және қамқоршы аналар болады. Сіз де тура сондайсыз.

 

Сәби өмірінің алғашқы жылында уақытты қалай ұйымдастырасыз?

 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.