Балаға қарым-қатынас жасауды қалай үйретуге болады

Балаға адамдармен араласуды үйретеміз

Баланы балабақшаға бере отырып, әрбір ана құрдастарымен тіл табыса ала ма, жоқ па, барлық төбелестердің батыры атанып жүрмей ме, немесе керісінше, табиғи момын қасиетінен жалғыздыққа ұшырап, зардап шеге ме, соны уайымдайды. Баланы әлеуметтік өмірге үйретудің уақыты келген сияқты.


Алаңдауды бастамас бұрын нені білу қажет

Көптеген психологтар мінездің негізгі сипаты туылғаннан кез келген балада болады деген пікірде үйлеседі. Отбасы мен тәрбие оларды белгілі бір деңгейге дейін түзете алады. Бірақ интровертті экстраверт, момын және жуас баланы далақтаған ақкөңіл, төбелескіш баланы сыпайы және сүйкімді қылып өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, баланы қаз қалпында, сол мінезде қабылдау дұрысырақ болады. Сіздің уайымыңыз балаға беріледі, сондықтан өзіңізді ұстаңыз. Кеше көрші баланың қалағын тартып алғаны енді ешқашан, ешкіммен тіл табыса алмайды деген сөз емес. Осы қалақ үшін үш рет таяқ жегені ол ешқашан күшті және сәтті бола алмайды деген сөз емес. Бірақ, ...

... бала өте момын болса,

 

нені үйрету қажет:

-         Ойыншықтарды қолдана отырып, уайымдайтын сол жағдайларды істетіп көріңіз. Пүліш аю мен иттер көмегімен алаңда, балабақшада, емханада балаңыз соқтығысуы мүмкін болатын барлық жағдайларды жасап көріңіз. Қалай дұрыс амандасу, бас тарту керек, немен келісуге болатыны жөнінде айтыңыз. Ойын барысында балаңызға бірнеше сұрақ қойыңыз. Аю неден қорқып қалды? Бұл жағдайда ол не істейді? Анасы жанында болмаса, не істейді?

-         Алаңға ойыншықтар салынған үлкен пакет алып шығыңыз да, оларды құмға тастап қойыңыз. Балаңызға бүгін достық күні екенін айтып қойыңыз. Бөлісе алу – бұл басқа балалардың жүрегіне апаратын тура жол.

-         Балаңыз еден жууға немесе дүкендегі арбадан тауарларды түсіруге көмектескісі келіп тұр ма? Бүкіл кезекті ұстап тұрса да немесе еденге шелектегі суды төксе де, өздігінен маңызды, пайдалы және ересек істі жасау сезімі оған үлкен мәртебе болады.

Тыйым сөз:

«Оған есесін қайтар!» Дауларды жұдырықпен емес, сөзбен шешу қажет.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

... бала өте белсенді болса,

 

нені үйрету қажет:

-         Күші көп және белсенді балаға күшін ұстауға үйреніп, оны бейбітшілік мақсатқа бағыттау қажет. Бұл мәселедегі алғашқы көмек спорт болып табылады. Ұлдарға футбол болса, қыздарға биге қатысу жақсы болады. Олар тәртіпке және ұжымдық жұмысқа үйренеді, бала бар-жоғы 3-5 жаста болса да.

-         Балаға үй жануарын алып беріңіз, ол оған күтім жасайтын болады. Бұл оған күшті мен жомарт болудың, әлсіздерге қамқор болудың ғанибет екенін танып білуге көмектеседі.

Тыйым сөз:

«Оған сол керек, енді араласпайтын болады, өзі кінәлі!» Балаңыз әрдайым топта, алаңда, сыныпта ең күшті бола алмайды, сондықтан «күші көп жеңеді» деген ереже бір күні оған қарсы оралуы мүмкін.

 

Балаңыздың балабақшадағы балалармен араласуда қиындықтары болды ма? Шешімін таптыңыз ба? «Мақала жазу» батырмасын баса отырып, біздің оқырмандарымызбен бөліссеңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс