Екінші баласы біріншісі оқитын мектепке барайын деп тұр, ата-анасы неменеге дайындалуы керек?

Екінші баласы біріншісі оқитын мектепке барайын деп тұр, ата-анасы неменеге дайындалуы керек?

Міне, Сіздің екінші балаңыз да өмірінің мектеп қабырғасында өтетін жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр. Сіз бірінші сыныпқа балаларыңыздың біріншісін бе, екіншісін бе, жоқ әлде үшіншісін бе – қайсысын берсеңіз де, бұл әрдайым көңіл толқытатын уақиға.


Балаңызға мектеп ұнай қояр ма екен, ол қалай оқиды, мұғалімімен және сыныптастарымен қатынастары қалай өрбиді? Ертерек дайындала бастайық.

Моральді дайындық
Үйдегі ахуал осының негізгі тұстарының бірі болып табылады. Көптеген отбасыларда бала мектепке барған сәттен бастап барлық әңгіме оның үлгерімі мен үй тапсырмасы қалай деген тақырыпта өрбиді. Бұл маңызды болғанымен, балаңызбен арадағы өзара әрекеттестік бұнымен шектеліп қалмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің арасында келешек оқушыны тәрбиелеу мәселесіндегі таластардан бас сауғалауға тырыспаңыз. Тым көп нәрсе талап етпеңіз, бірінші сыныпқа барған балаңыздың алдында кездесуі мүмкін алғашқы сәтсіздіктерге дайын болыңыз. Өйткені Сіздің үлкен балаңыз бар ғой: оның бірінші сыныбын, өзіңіздің сол кездегі сезімдеріңізді еске түсіріңіз – бұл Сізге болжамды қателіктерді қайталамауға көмектеседі. Бейімделу барысы мүмкіндігінше оңай болуы үшін даналық және сабырлық танытыңыз.

Егер Сіз мектеп туралы алдын-ала ойластырған болсаңыз, баланы бірте-бірте мектеп жүктемелеріне дайындай бастауға, күн сайын ерте тұру мен белгілі тапсырмаларды орындау қажеттілігіне баулуға болады. Мұндай сәттерде Сіздің «әккі» оқушы кейпіндегі қосымша күшіңіз бар екенін ұмытпаңыз, ол еліктеуге болатын үлгі қызметін атқара алады. Бірақ тым артық кетпеңіз, екеуіне деген махаббатыңыз бен ықыласыңыздың теңгерімін сақтаңыз.

Мектеп таңдау
Егер Сіздің екінші балаңыз бірінші балаңыздың оқитын мектебіне баратын болса, бұл өте жақсы: Сізге психологиялық тұрғыдан да, тұрмыстық тұрғыдан да біршама жеңіл болады. Өйткені Сіз оқытушыларды және дәл осы бастауыш мектепте оқу жүргізілетін бағдарламаны керемет білесіз. Сондықтан, мұндай жағдайда бір күйзелістен құтылдым дей беріңіз.

Сонымен қатар, бірінші сыныпқа баратын бала жақын жерде ағасы немесе әпкесі бар екенін және қажет болған жағдайда олар көмекке келетінін білетін болады, сондықтан ол өзін мектепте сенімді ұстайды. Демек, оның ата-анасы – Сіздер де алаңсыз боласыздар.
Егер екі балаңыз да бір мектепке баратын болса, таңертең Сіз балаларыңызды әр түрлі бағытқа тасып әуре болмайсыз және сабақтан кейін олардың қайсысын бірінші алып кету керектігін ойлап бас қатырмайсыз. Егер мектеп жақын жерде орналасқан болса немесе үлкен балаңыз жеткілікті деңгейде дербес болса, балалар ересектердің алып жүруінсіз өздері-ақ мектепке барып, қайта алады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Алайда, егер балаларыңыз әр түрлі мектепке баратын болса, Сіз тәртіпті алдын-ала түзетіп, әсіресе таңғы уақытта логистиканы ойластыруға мәжбүр боласыз. Сізге енді екі оқушыны таңертең сабаққа жинау үшін де көбірек уақыт қажет болады. Сондықтан, Сізге де жаңа кестеге бой үйрету керек болуы мүмкін.

Сіздің балаларыңыздың бір мектепке баруының елеулі және сан қырлы тұстарының бірі – үлкен ұлыңыздың ие болған беделі болуы мүмкін. Егер ол жақсы оқитын болса және оның тәртібі де жақсы болса, екінші ұлыңыз осыған сәйкес болуға тырысуы тиіс. Әйтпесе асыра күткен үміт пен сөзсіз болатын салыстырулардан кіші оқушыңыздың өзін өзі бағалау қабілеті зардап шегуі мүмкін. Бірақ жаңадан келген оқушының өз тегіне берілген «атақпен» күресуіне тура келетін кері жағдай да орын алуы мүмкін. Отбасында мұндай ерекшеліктерге дайын болу керек және қажетсіз бақталастықты болдырмас үшін балаларға дер кезінде тиісті қолдау көрсету керек.

Ал Сіз кіші балаңыз баратын мектепті таңдадыңыз ба?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс