Балаларды тәртіпке қалай үйретсе болады: 10 кеңес — EverydayMe

Балаларды тәртіпке шақырудың 10 кеңесі

Барлық ата-аналар балалары туыла сала ұқыпты болып, өздерінің артынан барлығын жинағанын армандайды. Енді олай болмаса да, ең құрығанда сиқырлы таяқша болса ғой – бір сермегенде айнала мұнтаздай тап-таза бола кетеді. Оны әлі ойлап таппады, одан да баланы тәртіпке қалай шақыру керектігін ойластырайықшы. Оны кішкентай кезінде де – шамамен 3 жастан бастап үйретуге болады.


Баласы бар үйді барлық бөлмелерде шашылып жатқан қат-қабат болып жиналған ойыншықтардан байқауға болады. Баланың артынан жүріп, шашып тастаған ойыншықтарын өзіңіз де жинай аласыз, және өзі жинайтындай да әрекет ете аласыз. Ұйқыға жатпас бұрын оны өзіңіздің беделді көмекшіңіз етіп тағайындап, барлығын өз орнына қоюға көмектесуін сұраңыз. Бала бұл берілген тапсырманың маңызды және жауапты екенін сезінуі тиіс. Оның тырысқан түріне қарап, мақтау айтыңыз. Мақтаудың өз жүйесін ойлап таба аласыз, мысалы, балалардың тәртібі үшін тақтаға жұлдыз жабыстырасыз немесе медаль ілесіз.

Ерте жастан бастап, балаларға пайдалы әдеттерді үйретуді бастай беріңіз. Мысалы, күнде таңертең өз төсегін өзі жинасын. Алдымен оған көмектесіңіз, бірте-бірте өзі жинайтындай әрекет жасаңыз.

Шамамен мектеп жасынан бастап, үйдегі міндеттердің кестесін жасауды бастаңыз. Кім, қашан ыдыс жуады, гүлге су құяды, шаң сүртеді және т.б. кестесін жасаңыз. Әрине, баланы үй күтушісіне айналдыруға және қатты жұмыс істетуге болмайды, бастысы – өздігінен ештеңе жасалмайтынына баланың көзін жеткізу керек. Былай ол еңбегіңізді бағалайтын болады да, ұқыптырақ болуға тырысады.

Балаларға үйдегі барлық міндеттерін атқармайынша компьютер ойнауға немесе теледидар көруге рұқсат етпеңіз.

Балаңыздың жасы қаншада болса да, қандай да бір жасаған кінәлары үшін жаза ретінде үйдегі шаруаны ешқашан жасатпаңыз. Бала үйдегі шаруаларды өмірдің табиғи бір бөлігі ретінде қабылдауы тиіс.

Үйдегі шаруаларды ойнай отырып жасаңыз. Көңілді әуенді тыңдай отырып, оған қоса билеп, ән айта жүріп бірге үй жинай аласыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Бір жұмысты кім жақсы орындайтынына жарыс ұйымдастырыңыз. Тек жақсы сыйлықтары да болуы тиіс. Бұл үй жинауға ойын қалпын береді және ынталандырады.

Үлкен жұмысты кішкентай көп бөлікке бөліңіз. Бала осы жұмысты жылдам атқара алатынын көруі тиіс.

Үй жинауды көңілді ойынға айналдырудың тағы бір әдісі – күтпеген жерлерде кәмпиттерді немесе ақшаны тығып қою керек (жасы үлкен балалар үшін). Бұлай тек жинап қана қоймай, сонымен қатар қазына іздейтін болады.

Егер балаңыз бірнешеу болса, үлкендерден кішкентайларына әр түрлі әдеттерді үйретуін сұраңыз. Бұл өміріңізді жеңілдетіп қана қоймай, балаларды бір-біріне жақындастыратын амал болады.

Үй шаруасы жасалып болғаннан кейін ретке келтіргені үшін кішкентай көмекшілеріңізге қалай алғыс білдіретініңізді ойлап қойыңыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.