Баламен шет тілін үйренеміз

Баламен шет тілді үйренеміз

Қазіргі заманда шет тілі – бақылау жұмыстары арасында ғана оқитын мектептегі пән емес, бұл ана тілі сияқты қажеттілік.


Бала болашақта тіл маманы бола ма, жоқ па, белгісіз, бірақ қазіргі уақытта ағылшын тілінсіз жұмыс істеу және саяхаттау қиын. Ал өмірінде екі-үш шет тілін үйреніп алса, онда ол ой өрісін одан бетер кеңейтеді. Мектептегі сабақтарына көмектесетін және мектеп бағдарламасына қарамастан оқу деңгейін көтеретін жақсы репетиторды баланың ерте жасынан бастап іздейтініміз рас. Бірақ ата-ана көмегінсіз баланың қолынан ештеңе келмейді. Бала шет тілін тезірек игеру үшін не істесе болады?

Толық оқуға үңілту. Тілді үйренудің ең тиімді әдісі – сол тілде сөйлейтін елге көшіп бару. Ең құрығанда бірнеше айға, бір-екі жылға болса – тіпті жақсы. Тілдік ортада екі айдан кейін бала бөтен тілде еркін сөйлейтін және сол тілде біршама жазатын болады. Бірақ ондай мүмкіндік болмаса, одан да қолжетімді құралдарды қолдануға болады.

Шет тілде баламен жиі сөйлесіңіз. Оған бөлек сөйлемшелерді аударып беріңіз, заттарды алып көрсетіңіз, қалай аталатынын айтыңыз. Бұл тек басында ғана оғаш болып көрінуі мүмкін, бірте-бірте осы ойынға араласып кетесіз. Жолда келе жатып, екеуіңіздің қайсыңыз бір әріптен басталатын көп сөзді немесе бір санаттағы – жиһаз, жануарлар, елдер – көп заттарды еске түсіріп айтатындай көңіл көтеруге болады.

Шет тілде мультфильмдер мен киноларды бірге көру өте тиімді әдіс. Балалар көбінесе сүйікті мультфильмдерін таңдап, бірнеше рет көре береді. Егер ол шетелдік мультфильм болса, алғашқы 10-15 ретін орыс тілінде көрсін де, кейіпкерлердің барлық сөздерін жақсылап есіне сақтағанда, сол мультфильмді сонша рет ағылшын тілінде көрсін. Сосын келесі мультфильмге көшуге болады, ол кезде орыс тіліндегі көруін қысқартуға болады. Сөйтіп бала мультфильмдерді тура түпнұсқасында көруді бастағанша көре берсін.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Балаға арналған карточкалар жасаңыз. Егер бала орыс тілінде жақсы оқи алмаса, аударманың орнына оларға суреттерді жабыстыруға болады.

Бала шет тілдегі сөздерді жазуда қиналмасын десеңіз, көбірек оқу қажет. Алдымен комикстерден немесе лексикасы жеңіл қарапайым балалар кітаптарынан бастағаны дұрыс. Ал сіз оған аударуға және сөзді дұрыс айтуға көмектесіңіз.

Саяхатқа шыққан кезде балаға кафеде шырын немесе балмұздақ немесе кәдесыйлық дүңгіршегінде ойыншықты сұрауға асықпаңыз, не қалайтынын өзі сатушыға түсіндіріп көрсін. Алдын ала балаға қалай дұрыс сұрау қажет екенін айтып беріңіз. Сөйтіп ол жаңа сөздерді де жаттап алады, тілдік бөгетті жеңуде де алғашқы қадам жасайды.

Сіз қандай шет тілді білесіз? Балаларыңызға шет тілін үйренуге көмектесесіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс