Баламен қандай ойын ойнаса болады: Балалармен далада ойнаймыз

Шалшық судағы ойындар: баланы неменеге үйрету керек

Шалшық судан қорқатын және былғанып, су болып кетпес үшін оған жақындауға рұқсат етпейтін зеріктіргіш ата-аналар болады. Бірақ біз ондай ата-ана емеспіз! Шалшық суда ойнағанның қаншалықты қызық екенін білеміз!


Шалшық судан баланы қорғаштауға талпынбаңыз – бұл бекер әурешілік және іске аспайтын нәрсе. «Үстіңді былғайсың!», «Үстіңді су қыласың!» және «Суық тиіп қалады!» деген сөздерді айту қажет емес, баланың шалшық суға деген қызығушылығын далада көңілді және танымды ойынға айналдыру қажет. Сонымен, шалшық суда не істеуге болады.

-         Шалшық судың ұзындығын қадаммен өлшеуге болады. Осы шалшық суда бала қадамы мен сіздің қадамыңыз қанша екен? Ал үйрек сияқты жүріп көрсе ше? Тағы шалшық судың тереңдігін өлшеуге болады. Бала тобығымен, ал сіз табаныңызбен – өйткені сіз одан жоғары болып тұрсыз. Немесе екі шалшық суды салыстыруға болады. Ұзындығы бойынша, ені бойынша, тереңдігі бойынша, тіпті көлемі бойынша – қай шалшық су терең болса, сонда су көбірек. Осылай бала математика мен физика сабақтарын күтпей-ақ, негізгі өлшеу түрлерін үйренеді.

-         Шалшық суда әр түрлі заттардың жүзу қасиетін тексеруге болады. Мысалы, тас батып кетеді, ал тамызық пен ауа шары – батпайды. Қалып батпайды, кеме сияқты жүзуі мүмкін, – оны шалшық суға қай жағымен қойғанына қарай байланысты болады. Бос пластик бөтелке жүзіп кетеді, ал іші толы болса, батып кетеді.

-         Кейін барлық батып кеткен заттарды шалшық судан дереу құтқару қажет. Ал шалшықты қоқыстан құтқару қажет. Оның ішінен батып кеткендерді үлкен таяқпен ұстап алуға болады, кейін қоқысқа апарып тастау қажет. Бірақ қалыптардан басқасын, әрине.

-         Шалшық сулар сондай-ақ, бірнеше қадам қашықтықта тас лақтырса, дәлдікті дамытуға көмектеседі. Кеуіп қалған асфальт бетінде сулы іздермен сурет салса, шығармашылық қасиетін де дамытады. Немесе шалшық суға таяқшаны сулап алып, қарындаш сияқты онымен сурет салуға болады.

-         Шалшық суларды бормен айналдыра сызып, неге ұқсайтынын айтуға болады. Ал желсіз ауа райында оған қарап, «кері әлемді» – бұлтты, үйлерді, өз бейнесін көруге болады.

-         Шалшық суды бәстесіп асыра секіруге де болады – екінші жағына дейін секіре аласың ба немесе шашыраған фонтан болады ма? Ал егер жүгіріп келіп секірсе ше?

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Қауіпсіздік техникасы

Шалшық суда ойнайтын ойындар суық тиюдің себепкері емес, көңіл көтеретіндей қызық болу үшін қауіпсіздік техникасы туралы білу қажет.

Алдымен дұрыс киім кию қажет.

Әрине, бұл резеңке етік. Олар мүлдем жылу бермейтінін есте ұстау қажет, сондықтан іші жұқа киізден жасалған түрін таңдаймыз, не ішіне қалың жүн шұлықты киеміз. Оған қоса су өткізбейтін комбинезон сатып алуға болады. Оны әрбір далаға шыққан сайын жумайтындай, тек сүртетіндей, жақсы жуылатын матадан жасалған күзгі түрін алуға болады. Немесе күзгі шалбардың және күртенің үстінен киілетін, су өткізбейтін, ылғал мен ластан қорғайтын жұқа түрін сатып алуға болады. Осындай комбинезон ауа өткізбейтін болғандықтан, бала терлеп кетуі мүмкін. Одан басқа, балаға қарапайым ережелерді түсіндіру қажет: шалшық сумен ойнағаннан кейін қолды ауызға апармаймыз, дереу бактерияға қарсы майлықпен сүртеміз. Шашыраған шалшық судың фонтанын жасағанда, маңайда басқа кішкентай балалардың жоқтығын тексереміз, өйткені ол су беттеріне тиіп кетуі мүмкін.

Осындай серуендеуден кейін ыстық, мүмкін болса бал қосылған шай ішу қажет. Сонда суық тию деген мәселе туындамайды және шалшық сумен кездесу тек жақсы естеліктерді қалдырады.

Өзіңізге баламен қандай ойын ойнасам екен деген сұрақты жиі қоясыз ба? Балаларыңызға шалшық сумен ойнауға рұқсат етесіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс