Баланы мектепте ренжітетін болса, не істеу қажет фото

Егер бала сыныбында шеттетіліп жүрсе, не істесе болады?

Балалардың барлығы құрдастарымен оңай ортақ тіл табыса бермейді. Бірақ бала шынымен мектепті жек көретін болса және ол жаққа барғысы келмей, оның достары болмаса, онда жағдайдың барлық мән-жайын анықтап біліп алу қажет.


Алдымен күдіктеріңіз орынды және ұжымы шынымен балаңызды қабылдамай, оны барлығы ренжітіп, сол себепті мектепте өзін жайсыз сезінетініне көз жеткізіңіз. Егер бала немесе мұғалім күдіктеріңізді растаса, себебін біліп алыңыз.

Бала құрдастарымен араласа алмайды
Сыныптастарының ең болмағанда кейбіреулері жөнінде жақсы пікір айтып жүргенін естіп көрдіңіз бе? Мынау қыңқылдақ, анау өркөкірек, үшіншісі – өзгерместей оқымысты. Баланың қызығатын және сыныптастарымен сөйлесетін ештеңесі жоқ. Ал олар болса, тура сол көзқараста жүреді.
Не істесе болады?
Өзіңізден бастаңыз да, жақын ортаңызда достарыңыз көп пе – соны ойлап көріңіз. Адамдармен қарым-қатынасты бала сізден көріп үйренген шығар. Қызметтестеріңізбен жақсы араласатын шығарсыз, тек қана сізге жыныңызды басып, жұмыс күнінен кейін ашуыңызды шығарып, күңкілдеп алу керек шығар. Ал бала болса, барлығын сол күйінде қабылдайды.

Сонымен қатар, себеп басқада да болуы мүмкін: бала шынымен өзіне лайық емес ортаға түсіп қалды, оның сыныптастары «оның ортасы емес» деп атауға болады, балаға шынымен олардың ортасы түсініксіз, әрі қызықсыз. Онымен сөйлесіп, бұл жақсы тәжірибе – араласудың жаңа дағдыларын алу екенін түсіндіріңіз. Өмірінде әрдайым жанына жайлы адамдармен ғана араласа алмайды, институтта жүріп, курстастарды және ұжымды таңдамаймыз. Сондықтан алғашқы қадам жасауды, адамдармен араласып, солардың жақсы жақтарын табуды үйретіңіз.

Ата-аналар баланың қазіргі заманға лайық болуына мүмкіндік бермейді
Қазіргі заман талаптарында баланы өздігінен ойлауды үйрету керек деп болжамдайтын кейбір ата-аналардың пікірінде бір шындық та бар шығар. Осыған байланысты олар ұстанымдарынан таймай, балаға телефонды да, планшетті де алып бермейді және барынша компьютер ойындарынан алшақтатады. Басқа ата-аналар заманауи сәнде эстетикалық ештеңе жоқ деп баланы өз қалауынша киіндіріп жатады. Бірақ балалар мен жеткіншектер мейірімсіз болады, олардан ерекшеленіп жүретіндердің барлығын шеттетіп жүреді. Ал кейде бұл ашықтан ашық қудалауға да әкеп соғуы мүмкін.
Не істесе болады?
Өз ұстанымдарымызды шамалы босаңсытып, өзгерту қажет және баланың үрдістен қалыспайын деген талпыныстарын барынша қолдаған дұрыс. Баланың көңілінен шығатындардың барлығын сатып алу міндетті емес, бірақ сонымен қатар, қазіргі заманға лайық, сәнді, әрі балаға қызық заттан бас тартудың да керегі жоқ. Балаға ойыншық пен гаджеттерді сатып ала отырып, ұстанымдарыңызды сақтап қалу сізге маңызды болса, оларға қанша уақыт бөле алатынын айтып түсіндіріңіз. Балаға сөзіңізді танымал дизайнерлердің сәнді топтамасынан алынған фотосуреттермен растай отырып, неге дұрыс екенін түсіндіре отырып, жеткіншек киіміндегі сән элементтерін классикалық киіммен үйлестіріңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Мұғалімнің баланың қарым-қатынастарына әсері
Өкінішке орай, барлық мұғалімдер бірдей кәсіпқой бола бермейді. Кейбіреулері ұнататын балаларды және ашықтан ашық ұнатпайтын балаларды таңдап жатады, басқа оқушыларды оларға сәйкесінше қарауға итермелейді.
Не істесе болады?
Мұғаліммен  сөйлесіңіз. Егер баланың сабақ үстінде тәртібі жақсы болып, үй тапсырмаларды дер кезінде орындаса, онда мұғалімде теріс ойда болуға еш негіз жоқ. Егер мұғалім жағдайын түсінбесе, мектеп әкімшілігіне тура жол тартыңыз да, баланы басқа сыныпқа көшіріңіз – ондай кезде балаңызды қорғауға міндеттісіз.

Сіз мектепте оқып жүргенде сізде мәселелер туындайтын ба еді? Балаңызды мектепте ренжітетін болса, сіз не істер едіңіз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.