sport

Баланы спортқа қалай баулыса болады?

Тұрақты дене жаттығулары баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар оны тәртіпке үйретеді, еңбекқорлыққа және табандылыққа үйретеді. Спортқа қатысып көріңіз.


Үлгі – өзіңіз

Баланы тәрбиелеу - оңай іс емес. Теледидар алдында диванда жатып, спорттың пайдасы туралы балаға айту мүлдем негізсіз. Егер өзіңіз белсенді дене жаттығуларынан алыста жүретін болсаңыз, айтқан сөзіңіз сол жерде қалып қоя береді. Балаңыз спортпен шұғылданғанын қалайсыз ба? Онда диваннан тұрып, балаға үлгі көрсету қажет. Алдымен, мысалы отбасы кестесіне таңғы жаттығуды енгізуге болады (барлығыңыз үшін міндетті).

Демалыс күндері белсенді жаттығуларға уақыт табыңыз: қыста шаңғы немесе коньки тебуге немесе жай қар атысып ойнауға болады, ал жазда – бадминтон ойнауға, велосипед тебуге немесе жай ғана көп серуендеуге болады. Жаяу жүру, біле білсеңіз, ол спорттың ең пайдалы түрі болып саналады. Одан басқа, жылдың маусымына қарамастан отбасылық хауызға баруды әдетке айналдыруға болады.

Барлығы қол астында

Баланы спортқа қалай баулыса болады? Алдымен үйде спорт бұрышын жабдықтаңыз – швед қабырғасы, сақиналар, трапециялар және арқан жеткілікті болады. Бала жаңа «керек-жарақпен» танысқанда қарапайым жаттығуларды жасатыңыз. Мысалы, нағыз коала сияқты сақинада үш минут салбырап тұруға, тиін шапшаңдығымен баспалдақпен өрмелеп шығуға, лианадағы маймыл сияқты арқанға шығып, тербелуге болады. Балаға қонақтар келгенде ойын бәсеке ұйымдастырыңыз, бірақ сыйлықтарыңыз шынайы болуы тиіс – кәмпиттер немесе өзі қолдан жасаған төсбелгілер (печенье). Қауіпсіздік туралы ұмытпағайсыз: балалар кез келген снарядтың бірінде жаттығу жасағанда еденде қорғайтын төсеніш жатуы тиіс.

Секциядағы жаттығулар

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Балаға спорт түрін таңдау өзіңіздің әуестілігіңізге емес, баланың өз қалауына және мүмкіндіктеріне негізделуі тиіс. Одан басқа, секцияны нақты анықтау алдында дәрігерден кеңес алу қажет. Педиатр кеңесі онсыз бір де бір нағыз жаттықтырушы балаңызды қабылдамайтын анықтама үшін ғана қажет емес: бір балаға пайдалы спорт түрі екіншісіне мүлдем жарамауы мүмкін. Мысалы, тыныс демікпесімен ауыратын балаларға жеңіл атлетика болмайды, оның орнына мәнерлеп сырғанау жаттығулары пайдалы болады. Тез қозғыш балаларға шығыс жекпе-жегі немесе ат спорты пайдалырақ болады, ал аса тыныш балаға белсенді жаттығулар жақсырақ болады.  

Жаттықтырушы

Баланы спорт түрін анықтай салысымен жақын арадағы секцияға жазуға асықпаңыз. Сол жаттығуларға барып жүрген балалардың ата-аналарымен сөйлесіп көріңіз: оқыту шарты олардың көңілінен шығатынын, кішкентай оқушылармен жаттықтырушы өзін қатал ұстай ма, жоқ па, соны сұраңыз. Жаттығудан шығып бара жатқан балалар шешінетін орынға қандай көңіл-күймен келетінін, ризалығын не сергектігін немесе шаршаған немесе көңілсіз екенін бақылап көріңіз. Бұның барлығы аса маңызды мәселелер, өйткені педагогтан баланың жергілікті сәттері ғана емес, жалпы алғанда спортқа деген қарым-қатынасы байланысты болады. Ата-аналармен байланысқа шығатын, балалармен жұмыс істеу өтілі көп маманды іздеңіз. Сізге өзінің әрбір оқушысынан чемпион шығару мақсатын көздемейтін және қабілеті аз балалармен жұмыс істеуге дайын мейірімді және сезгіш жаттықтырушы қажет. Нормативтер мөлшерлі түрде болуы тиіс, бірақ спорттағы жеке тіл табысу кез келген іске қарағанда аса маңызды. Өз спортшыңыз үшін алтын медальдар туралы армандайтын болсаңыз да, бастапқы кезеңде басқасы маңызды болады: егер бала шынайы түрде осы спортты жақсы көретін болса, онда уақыт өте ол күштеп жіберген балаларға қарағанда әлдеқайда үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Бала үшін спорт өмірінде жетелейтін соқпаққа айналуы мүмкін.

Балаларыңыз спорттың қай түрімен айналысады? Үйде немесе көшеде қандай ойындарды ойнағанды ұнатасыз? Баланы қалай тәрбиелеп, спортқа қалай баулу керектігін білесіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс