Баланы дербес және өзіне өзі сенімді етіп қалай тәрбиелеуге болады

Баланың бойында дербестікті және өзіне деген сенімді қалай тәрбиелеуге болады?

Баланы дербес және өзіне сенімді болатындай тәрбиелеуде неге көңіл бөлу қажет?


Балалар өте тез өседі, олар жеткіншек болған кезде тәрбиелеу үрдісі аяқталады да, ересек өмір басталады. Бозбала ұлыңыз тыныш және үйлесімді түрде есейе ала ма, бұл оның балалық шағына байланысты болады. Балада дербестікті қалай тәрбиелесе болады? Өзіне сенімді болатындай ұлыма қалай көмектесу қажет?

  1. Оны қолдан түсірмеңіз! Бұл қалжың емес, бұл ғалымдармен дәлелденген дерек. Сәбилер мүмкіндігінше көбірек қолда жүргенін қалайды, бұл өмірлік қажеттілік. Жылау арқылы олар сұранады. Егер анасы жылдам соған көңіл бөліп, баланы кез келген уақытта кез келген жағдайда қолға алатын болса, кішкентай адамда әлемнің жақсы бейнесі қалыптасады (алғашқы айлардағы оның әлемі – бұл анасы): әлем мені жақсы көреді, әлем мені қамқорлыққа алады, әлем маған дос. Кейін осы түйсіктер соқыр сезімде «бекітіледі» де, адам бақытты, тыныш және өзіне сенімді болып өседі. Егер баланы сәби кезінде қолдан түсірмейтін болсаңыз, ол өскенде балалық шағында жетпеген сол жылуды алам деп «мойынға мінгеннің» орнына, сізді қолдан түсірмейтін болады.
  2. Оны мақтап жүріңіз! Бала психикасы балалық шақта ол өзін «әлем орталығы» деп сезініп, барлығын өзімен байланыстырады деген ойда. Егер ауа райы бұзылса, анасы да жабырқаулы, айналадағылар да көңілсіз, сонда ол барлығына себепші өзі екен деп ойлап қалады. Сондықтан жаман жаққа бет бұрып, кемшіліктері үшін баланы ұрсатын болса немесе игі ниетпен оны сынай беретін болса («Ол одан да жақсы істей алады!»), онда ересек жасында неврозға айналып, психотерапевтке жиі апаратын комплекс («Мен жаманмын! Мен қателік жасадым!») қалыптасуы мүмкін. Мақтау сөздері бала дамып, әлемді танып, барлығын білуі үшін қажет. Таңдап мадақтау қажет: «жарайсың» және «ақылдысың» деген сөздер жанға жағымды, бірақ олардың мағынасы айтарлықтай көп емес. Психологтар нақты жасаған ісіне мадақ сөздерді айту керектігін ұсынады: «Бауды өзің байлай алатын болдың, енді біз кешікпейтін болдық!» «Жолдағы жапырақты алып тастағаның қандай жақсы болды, енді бұл жол таза болып қалды!» «Суретіңдегі динозавр сондай үлкен, тіпті тірі сияқты өзі!» Таңдап мақтаған соншалықты қиын емес, өйткені көбіміз тәрбиені сыни көзқараста қалыптастыруға үйренгенбіз: «Талпын! Одан да жақсы істей аласың!» Өзіңізбен өзіңіз ойын ойнаңыз: бір сынға жеті мадақты ойлап табыңыз, бірте-бірте мақтауға сылтау табуды үйренесіз, тіпті мақтауға тұрарлық ештеңе жоқ сияқты болса да. Бала оның жасаған әрекеттерін қолпаштағанын, байқағанын және жақсы бағалағанын көргенде, осы бағытта жұмыс істегісі келетін болады, өйткені осы жер жайлылық аймағы.
  3. Оның орнына бәрін істемеңіз! «Жаттанды дәрменсіздік синдромы» деген түсінік бар. Әлдебір нәрселерді өздігінен жасауға қорқатын және, тіпті, қарапайым істердің өзінде көмек іздейтін көптеген ересек адамдар осыдан зардап шегеді. Дербестікті дамыту үшін баланың жасына қарай істерді өзіне көбірек істеткеніңіз жөн. Мысалы, ойыншыққа қолын созып тұрса – жүгіріп, әкеп бермеңіз, баланың өзі алсын. Егер түймесін түймелеп жатып, бірақ жөнді түймелей алмай тұрса: «Әкел мен істейін!» деп ұмтыла көмектеспеңіз, қалай жасаса да, өзіне ерік беріңіз де, тырысқанына мақтаңыз. Кейде бала тезірек тамақтансын дейміз де, қолынан қасықты ала сала, өзіміз тамақтандыра бастаймыз. Бала бұзылмайтын үй салсын дейміз де, құлап түспейтіндей, мұнарадағы кішкентай текшелерді өзіміз түзете бастаймыз. Біздің көмектескіміз келеді, бірақ керісінше біз оған кесір тигіземіз: бала оған біреу алып келетінін, оның орнына біреу жасай салатынын түсінгенде, әлдебір нәрсені жасауға талпынбайды және қателерін бастан дұрыс өткеріп, түзетуге үйренбейді. Сабырлы болыңыз, ол балаңызға дербестікті дамытуға көмектеседі.
  4. Балаңызды өз өміріңізге араластырыңыз! Барлық ойыншықтар ғажайып түрде өз орындарында болғанда, ыдыс кептіргіште жылтырап тұрғанда, еден таза, тәттілер салатын сауытта мерзімді түрде үй күлшелері пайда болғанда, бала осының барлығын ана мен әкенің жасағанын ойламайды, ол барлығы өзінен өзі жасалады деп ойлайды. Ересек жаста ол өмір неге қиын және мен неге <…> немесе <…> (бұл жерге көптеген әр түрлі істерді қоюға болады) міндеттімін деп абдырап, түсінбей қалады. Сондықтан, бала мүмкіндігінше сіздің көз алдыңызда өсуі тиіс. Сіз тамақ дайындап жатқанда, оны мультфильм көруге отырғызып қоймай, оған сәбіз аршытып немесе қамырдан домалақ кескізіп қойыңыз. Еңбектенуге және өзі мен үйіне күтім жасауға үйренетіндей оны өз істеріңізге араластырыңыз.
  5. Жауапкершілікке тәрбиелеңіз! Отбасылық кеңеске жиналып, үйдегі шаруаларды таратып беріңіз. Кім не жасайтынын келісіп алып, өзін ұйымдастыруда еркіндікті беріңіз: яғни, құлақ түбінде тұрып алып, ыдыс жуатын немесе итпен қыдыратын кез келгенін айтып тұрудың қажеті жоқ. Балаға әліне, жанына, және жасына қарай іс тапсырып, оны орындау жөнінде есінде ұстауын айту керек. Бұл гигиенаға да қатысты, өсіп келе жатқан адамға тіс тазалау немесе дезодорант қолдану қажет екенін есіне түсіру қажет емес, сіз тек барлық қажеттіліктерін ұсына аласыз. Оған  Old Spice-тың Bearglove дезодорантын сатып алсаңыз, ол оны қолдану қажет екенін ұмытпайтын болады, өйткені ашық, бірегей және нағыз жігіттік хош иіс – бұл керемет!
Old Spice Kilimanjaro аэрозольдық дезодоранты
Old Spice Kilimanjaro 125 мл аэрозольдық дезодоранты
(3)

Бір рет себесің – күні бойы еркексің

енді табу

Барлық осы амалдар жеткіншекке дербес болуға, өзі өзіне жауап беруге және, ең бастысы, өзіне сенімді болуға көмектеседі, олар өмірін оңай, қызық және алуан түрлі етеді. Сіз де өскен ересек балаңыздан алғыс сөздерін жиі еститін боласыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.