Балалар сапарға шығу жарыстарында: дербестікті дамытамыз

Балалар сапарға шығу жарыстарында: дербестікті дамытамыз

Спорттың адамды шыдамдылыққа баулап, өзіне деген сенімділігін арттыратындығы бәріне мәлім. Бұл, әсіресе, сапарға шығу жарыстарын тұспалдайтын спорт секцияларына қатысты. Бірақ барлығын назарда ұстап, өз балаңыз үшін бейқам болудың жолы бар ма?


Тізім жасаңыз

Сыртқа шығу жарыстарына бала үйреніп кететін болса, ол өзі жылдам жинала алады, бірақ бастапқы кезде оған көмектесуге тырысыңыз. Оның барлық қажетті құжаттары бар екеніне көз жеткізіңіз: әлдебір болмашы анықтаманың жетіспейтіндігі жарысқа барған кезде ғана мәлім болса өкінішті болар еді. Жаттықтырушыдан Сізге көмектесуін өтініңіз – ол осындай сыртқа шығуды алғаш рет ұйымдастырып отырмаған болса керек және оның қолында барлық қажетті заттардың дайын тізімі бар ғой.

Жиналуды бақылаңыз

Баланың орнына жиналудың қажеті жоқ – ол заттарының қай жерде жатқанын және не нәрсені алу керектігін білуі тиіс. Бірақ Сіз дайындалған тізім бойынша онымен бірге тексеріп, еш нәрсені ұмытпағанына көз жеткізсеңіз болады.

Жарыстың бағдарламасын біліңіз

Баланы сыртқа шығу жарысына жіберу – ата-ана үшін үлкен сынақ. Егер Сіз іс-шараның нақты бағдарламасының келесідей егжей-тегжейін алдын-ала біліп алсаңыз, азырақ алаңдайтын боласыз: балалар қайда мекендеп тұрады, не жейді, олар үшін кім жауап береді.

Жас спортшыға қашан жанкүйер болу керектігін және нәтижелері қашан дайын болатынын міндетті түрде біліңіз.

Профилактикалық әңгіме жүргізіңіз

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Күдікті іс-әрекеттерге көңіл бөлмеу керектігін, ішімдіктен және темекіден аулақ болу керектігін және жаттығуға күш жұмылдыру керектігін балаға абайлап түсіндіруге тырысыңыз.

Жүріп-тұруға ақша беріңіз

Бала өзін жайлы сезінуі үшін оған қанша ақша қажет болатынын бірге есептеңіз. Егер күтпеген жағдайға оның артық ақшасы болуын қаласаңыз, баланы еліктірмес үшін мұндай ақшаны жаттықтырушысына берсеңіз болады. Немесе оған карточка беріп жіберіп, қажет болған жағдайда сол карточкаға қажетті соманы аударуға болады.

Дәрі қобдишасын жинаңыз

Дәрі-дәрмектің келесідей минималды жиынтығы бар қобдишаны баланың өзімен бірге алғанына көз жеткізіңіз: аллергияға қарсы құралдар, ауырғанды басатын дәрілер, жөтелге қарсы мұз кәмпиттер, жабыстырғыштар, мақталы табақшалар және т.б.

Байланыс туралы келісіңіз

Телефон арқылы сөйлесетін немесе электрондық пошта арқылы хат жазысатын уақытты келісіп алыңыз. Балаға өзіңіздің алаңдайтыныңызды айтып түсіндіріңіз. Егер ұзақ сөйлесуге уақыт жоқ болса, бір-біріңізге ең болмағанда «Бәрі ойдағыдай!» деген бір ауыз сөзді жазу туралы келісіңіз!

Жарыста сәттілік тілейміз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.