Жазға берілген үй тапсырмасы

Жазға берілген үй тапсырмасы. Демалыста тапсырманы қалай орындаймыз?

Сабақ оқудың қажет екенін балаға түсіндіру оңай емес. Бірақ бұны жасауға тура келеді, әйтпесе жаз бойы сыныптастары алға озып кетеді және оларды қуып жету қиынға соғады.


Не істеу керек:

Не нәрсе берілгенін біліп, көлемін бағалау керек
Әдетте жазғы мезгілге әдебиеттер тізімі беріледі. Жаз кезінде осы тізімнен қайсысын оқып шығу міндетті екенін, ал қайсысын оқу жылына қалдыруға болатынын анықтап біліңіз. Әдебиеттер тізімімен қатар мұрағаттарға бару жөніндегі ұсынымдар, креативті тапсырмалар, жобалар болуы мүмкін. Барлығын бір параққа жазып шығып, тамыз айына қарай үлгеру үшін күніне қанша уақытты оқуға бөлу керектігін бағалаңыз.

Баланың тынығуына мүмкіндік беріңіз
Бірақ ұзақ уақытқа емес, бір апта жеткілікті, әйтпесе ол еркінсіп кетеді және оны оқулықтармен жұмыс істеуге тарту аса қиынға соғады.
Мектеп демалысы мен еңбек демалысы – әр түрлі нәрсе екенін түсіндіріңіз. Еңбек демалысы бір жылда үш ай бола алмайды және барлығы еңбек етуі тиіс. Бірақ балаңыз мектеп демалысында болғандықтан, оның азырақ еңбек етіп, көбірек тынығуына болады. Табандылық танытыңыз: бүкіл тамыз айында жазу үстелінен бас көтермегеннен гөрі, жаз бойы күніне бір сағат жұмыс істеген жөн.

Үрдісті ұйымдастыруға көмектесу

Ең бастысы – күн тәртібін қалыптастырыңыз. Жазғы кезде Сіздің үйдегі оқушы кешірек ұйқыдан тұрсын, бірақ таңғы астан кейін бірден, басы сергек күйде сабаққа кірісу керек. Баланың бұған көнуі оңай болу үшін күнді онымен бірге жоспарлаңыз: ол жұмысын бітіргеннен кейін қандай жағымды істермен айналысады – серуендеуге немесе киноға барады ма, жоқ әлде достарымен кездеседі ме? Ол немен айналысуды шешкеніне қарамастан, өз жұмысын орындағаннан кейін демалысынан толыққанды рахат ала алатынын білуі тиіс. Бұл оны уақытын текке созбай әрі жалқауланбай, іске кірісіп, тез бітіріп тастауға керемет ынталандырады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Не істемеу керек:

Артық кетпеу керек
Баланы жазғы мезгілде сабақпен асыра жүктеудің қажеті жоқ. Егер жыл бойы ол репетиторлармен жұмыс істейтін болса, мұндай сабақтарды тамыз айына дейін тоқтата тұруға болады. Жаз бойы Сіздің балаңыз денсаулығын жақсартып, тиісінше тынығуы тиіс. Ал сабақтарды оқу жылының басталуына аз уақыт қалған кезде жалғастыруға болады.

Рахаттан айырмау керек
«Бала бос жүріп, сандалмауы тиіс» деген көзқарас, әрине, дұрыс, бірақ әрбір еңбек үшін ақы төленуі тиіс. Сіздің жұмысыңыздың ақысы ақшалай төленеді, ал оның еңбегінің ақысы – ұзақ уақыт серуендер, достарымен тілдесу, қызықты сапарлар және басқа да жазғы ойын-сауық түріндегі күн сайынғы қуаныштармен төленеді.

Салғырттық танытпау керек
Балаңыз күн тәртібін бұзып, кешке оқуға ант беретін болса, мұндай уәделеріне көнбеңіз. Балаңыз кешке шаршап, жұмысын келесі күннің таңғы уақытына оңай қалдыра салады, ал одан кейін келесі күннің кешкі уақытына қайта қалдырады – қыркүйек айына дейін осылай жалғаса береді.

Ал Сіздің балаңызға жазға қандай тапсырма берілді? Сіз демалыс кезінде сабақпен айналысу керек дегенге оның ойын үйреттіңіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс