Жеткіншекпен қалай сөйлесу керек

Жеткіншекпен қалай сөйлесу керек

Кешегі ғана сүп-сүйкімді сәбиіміз кенет шешімді өзі қабылдағысы келетін және өз өмірімен өмір сүргісі келетін «тікенек» жеткіншекке айналып кетті. Не істесе болады?


Кешегі ғана сүп-сүйкімді сәбиіміз кенет шешімді өзі қабылдағысы келетін және өз өмірімен өмір сүргісі келетін «тікенек» жеткіншекке айналып кетті. Жеткіншекпен қалай сөлесу керек?

 

Жеткіншекке тыйым салу, тіл алуды талап ету, көндіру және жазалау енді мүлдем керек емес. Халық арасында өтпелі жас деп аталатын гормонды серпіліс, бұл соғыста сіз бәрібір жеңіліске ұшырайсыз. Сондықтан баламен сөйлесудің жаңа ережелерін енгізетін уақыт келді.  

 

Рұқсат етілмейді: жеткіншектің бөлмесін тінтіп, үстелдегі тартпаларды, сөмкесін және қалталарын ақтармаңыз, күнделігіндегі жеке жазбаларын оқымаңыз.

Рұқсат етіледі: баланың тәртібін мұқият қадағалаңыз. Оқуы нашарлап кетпеді ме, көңілсіз, ұйқылы, ұмытшақ болып кетпеді ме, мектептен қашып жүрген жоқ па. Барлығын өз күмәніңізге артпаңыз. Егер балаңыздан темекі иісі шығып тұрса, бұл «жанымдағы балалар темекі шекті» емес, ол өзінің темекі шеккені. Бардан әкесінің вискиі жоқ болып кетсе де, оны жын-шайтан ішіп алған жоқ. Бірақ дереу баланы ұрса жөнелмеңіз! Оны ашық әңгімеге тартып, ренжітпей өз қауіптеріңіз жөнінде айта аласыз ба? Егер айта алмасаңыз, ересек адамдардың қайсысына сенетінін ойлап көріңіз. Бұл сіздің ағаңыз, мектеп мұғалімі, спорт үйірмесінің жетекшісі болуы мүмкін. Ата-аналық тәкаппарлығыңызды басып, солардан көмек сұраңыз.

 

Рұқсат етілмейді: сіздің ойыңызша балаңызға жаман ықпал ететін балалармен араласуға тыйым салмаңыз.

Рұқсат етіледі: балаңыздың достары қандай отбасынан шыққан, олардың қызығушылықтары қандай екенін білу үшін оларды жақсырақ танып білуге талпыныңыз. Балаңыз олардың несіне қызығатынын біліп алыңыз. Егер жақсы ештеңе таппасаңыз, балаңыздың өмірін лайық емес компанияға күші мен уақыты қалмайтындай басқа жаққа бағыттауға тырысыңыз. Балаңыз, әрине, олармен қарым-қатынасты лезде тоқтатпайды, дегенмен, түсетін оқу орындағы курстарға жазыла отырып, достар қатарын кеңейтуге болмайды деп кім айтты. Немесе спорт-клубқа баратын карта сыйлаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Рұқсат етілмейді: жеткіншекке өзінің достарымен серуендеуге тыйым салып, қыста кеш тез бататындықтан және «суықта көшеде және бөтен үйлерді аралап, қаңғитын ештеңе де жоқ!» болғандықтан, кешкі сағат жетіде үйде болуын талап етпеңіз.

Рұқсат етіледі: екі жақ та сақтайтын қарапайым ережелерді орнатыңыз. Жеткіншек телефонының қуаты толық екенін, ал сіз телефондағы ақшаның үйге қоңырау шалу үшін жеткілікті болуын қадағалаңыз. Егер ата-анасы қоңырау шалса, бала әрдайым телефонға жауап береді, ал сіз болсаңыз, жарты сағат сайын бостан босқа қоңырау шалмайсыз. Бала жұмыс күндері сағат тоғыздан және демалыс күндері оннан кешікпей үйге келеді, ал сіз оның достарымен жүруіне қарсы болмай, алаңдамай отырасыз.

 

Рұқсат етілмейді: жеткіншектің әрбір сөзіне күмәнмен қарамаңыз және артынан барлығын тексермеңіз – алған бағасынан бастап, бөлмесін жинау сапасына дейін. Сіздің сенімсіздігіңіз жақсылыққа апармайды, тек керісінше, баладағы қарсыласу сезімін өршіте түседі.

Рұқсат етіледі: оған шамалы тапсырма беріңіз. Ол өзін ересек сезінеді, яғни, ата-анасына көмектесетін жасқа келді. Оның жауапкершілігіне сеніммен қараңыз, оны мақтап жүріңіз – сонда басқа шектеулер сізге қажет болмайды.

 

Өзіңіз жеткіншек болғанда ата-анаңыздың қандай істері сізді қуантты және ренжітті?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.