Жазға берілген үй тапсырмасы. Демалыста қалай сабақ оқу керек?

Демалыс пен үй тапсырмалары: қалай үйлестіру қажет?

Барлық балалар жазғы демалысты тағатсыздана күтеді, ал олардың көңілін түсіретіні – жазда орындайтын үй тапсырмалары. Оны демалыспен қалай үйлестірсе болады?


Балаға жай ғана емес, ынтамен дайындалу қажет екенін түсіндіріңіз. Әйтпесе жазда сыныптастарынан артта қалып, оларға ілесе алмауы мүмкін.

Не істесе болады:

Не берілгенін біліп, көлемін бағалау

Әдетте жазда оқитын әдебиет тізімін береді. Жазда нақты қандай әдебиетті міндетті түрде оқу керек, ал қайсысын оқу жылына қалдыруға болатынын біліп алыңыз. Әдебиет тізімінен басқа, мұражайларға бару, креативтік тапсырмаларды, жобаларды орындау бойынша ұсыныстар болады. Барлығын бір параққа жазып алып, тамыз айына дейін үлгеретіндей, күніне оқуға қанша уақыт кететінін қарап, бағалап көріңіз. Әдетте күніне екі сағат жетеді.

Балаға демалуға уақыт беру

Бірақ көп уақыт емес, бір апта жетеді, әйтпесе ол босаңсып, кітап оқыту  әлдеқайда қиынға соқтырады. Жазғы демалыс пен еңбек демалысының екі түрлі нәрсе екенін түсіндіріңіз. Демалыс жылына үш айға созыла алмайды, барлығына еңбектену қажет. Бірақ оның жазғы демалысы болғандықтан, азырақ еңбектеніп, көбірек демалуына болады. Айтқан сөзіңізде тұрыңыз: тамыз бойы оқу үстелінен шықпағаннан гөрі, жаз бойы күніне бір сағат еңбектенген жақсы.

Үрдісті ұйымдастыруға көмектесу

Бастысы – күн тәртібін реттеу. Оқушы балаңыз жазда кеш ояна берсін, бірақ таңғы астан кейін, басы тыныққан кезде дереу сабаққа кірісу қажет. Бала осыны оңай қабылдау үшін күнді бірге жоспарлаңыз: өзіне ұнайтын қай істерді жасайды, жұмысты қашан аяқтайды, қыдыруға не киноға бара ма, не достарымен кездесе ме. Немен айналысса да, жұмысты істей отырып, толыққанды демала алатынын білуі тиіс. Бұл созып алмай, ерінбей, бірақ жасап алуға жақсы ынта болады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Нені жасамау керек?

Асыра сілтемеңіз

Баланы жазда оқумен көп қинай бермеңіз. Егер бала жыл бойы репетитормен айналысатын болса, онда оқуды тамыз айына дейін толығымен тоқтатуға болады. Жазда балаңыз денсаулығын жақсартып, барынша жақсы демалуы тиіс. Ал оқуды оқу жылының басына таман қайталауға болады.

Қанағат алуға кедергі болмаңыз

«Бала бостан бос жүрмеуі тиіс» деген ұстаным, әрине, дұрыс, бірақ әрбір еңбектің ақысы бар. Сіздің жұмысыңыз үшін ақша төленеді, ал оның еңбегі – ұзағырақ серуендеу, достарымен араласу, қызық саяхатқа шығу және басқа да жазғы ойын-сауықтар түрінде күнделікті қуаныштармен төленеді.

Бетімен жібермеңіз

Бала режимді бұзғанда және кешке жақын оқуға сөз берсе, айтқан сөздеріне сенбеңіз. Кешке бала шаршайды да, атқаратын жұмысын келесі күнге қалдырады, сосын қайтадан кешке қалады – сөйтіп қыркүйек айына да жетіп қалады.

Балаңызға жазда қандай тапсырма берді? Жазда да сабақ оқу керектігін айтып, ескерттіңіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс