Жеткіншек спорттың қауіпті түрімен әуестенді

Экстремалды спорт: жеткіншекпен келісеміз

Егер жеткіншек спорттың қауіпті түрімен айналысатын болса, анасы қандай әрекеттерді жасау қажет?


Балаңыз балалар алаңындағы барлық баспалдақтарға, ағашқа және жақтауларға шығып алады ма? Таңнан кешке дейін үйдегі швед қабырғасына маза жоқ па? Ол жүгіргенді, дөңгелектінің барлығына мініп, көрген заттардан қарғып секіріп жүргенді немесе үлкен биіктіктен секіргенді ұнатады ма? Онда сізге моральді түрде дайын болу керек: ұлыңыз жеткіншек жасында спорттың экстремалды түрімен шынымен әуестенуі мүмкін. Қазіргі кезде тинейджерлер арасында паркур, bmx, роликтер, скейтборд (жастар тегіс жолдарды емес, баспалдақтарды, таяныштарды, жақтауларды, рампаларды таңдайды) кеңінен танымал. 

Егер жеткіншек сіздің ойыңызша қауіпті деп көрінетін экстремалды спортпен айналысатын болса, не істесе болады?

1. Мәселемен тереңінен танысыңыз. Ұлыңыз немен айналысатынын біліп, танып алыңыз, жарыстарға барып келіңіз, осы спорт түрінде кәсіби мамандар қалай жұмыс істейтінін міндетті түрде қарап алыңыз. Егер ұлыңызбен бір тілде сөйлесетін болсаңыз, қауіпсіздіктің шектері мен ережелері жөнінде келісу әлдеқайда оңай болады. Оның үлгі тұтқан адамдары, чемпиондары және спорттың сүйікті түріндегі аңызға айналған тұлғалары жөнінде білсеңіз, жеткіншек көзінде өсесіз.
2. Оған стильді қорғаныс затын (қатты жарақат алу қаупін азайтатын дулыға, шынтаққап, тізеқап) сатып алыңыз. Өзіңіз, оның сұрауын күтпей-ақ. Осылайша баланы өзіңізге қарата аласыз, ол сізге алғыс айтып, сіздің тілектес екеніңізді сезетін болады.
3. Балаға өзін сенімдірек сезінуге көмектесіңіз. Бір нәрсеге көңіл бөлуге әлдебір нәрсе кедергі болғанда жарақат алу мен құлау жағдайлары болып жатады емес пе. Тинейджерлерде өтпелі кезеңде көп қиындықтар, ағза құрылымынан туындайтын сенімсіздік, «гормонды толқулар» болады. Оған өзін сенімді сезінуге көмектесетін жеткіншектерге арналған косметиканы қолданып көруін сұраңыз. Пайда болған кезде жағымсыз иісті бұғаттайды да, оларды жағымды ерлердің хош иісімен алмастыратын BCD интеллектуалды патенттелген технологиясының арқасында  Old Spice таңбалы Odor Blocker антиперспиранты 100% тер иісін жояды. Бұл өнім нағыз еркектерге арналған, Old Spice антиперспиранттары топтамасының ең күштісі және 48 сағат бойы жұмыс істейді! Міне, сондықтан Odor Blocker ұлыңызға қажет болады: жарамдылықтың екі есе ұзақ мерзімі – бұл екі есе сенім! 
4. Жеткіншектің қауіпті спорт түрімен айналысуының, оның қауіпке, адреналинге тартылуының себебін табуға тырысыңыз. Соңғы айларда балаңызбен не болып жатқанын саралап, анықтап алыңыз. Мүмкін оған аз көңіл бөліп жүрген шығарсыз. Анасының оны айтқандарын естіп, оның барлық мәселелерімен, кемшіліктерімен және оғаш мінезімен қабылдауы жеткіншекке өте маңызды. Оның шағымдарын тыңдауға дайын болмасаңыз, оның көз жасы сізге ұнамайтын болса, оның сәтсіздіктерін қабылдауға дайын болмасаңыз, жеткіншек жиналып қалған кемшіліктерін шығара отырып, беделге ие болу және қауіпті трюктар көмегімен күйзелістермен, комплекстермен күресу үшін осыны қалауы мүмкін. Араласу стиліңізді және бозбала ұлыңызбен қарым-қатынасты қайта қарастыратын болсаңыз, балаңызға адреналин қажет болмауы да мүмкін.
5. Барлық ушыққан жағдайларды шешіп, жеткіншек сіздің оны қолдайтыныңызға және сүйікті ісімен айналысуға тыйым салмайтыныңызға көз жеткізгенде шектеулер жөнінде келісуді бастасаңыз болады. Спорттың осындай түрлерімен жаттықтырушымен бірге ғана айналысуы қажет. Секцияға немесе жаттықтырушы қызметіне ақша төлеңіз – «көшелік экстримді» қолдамаңыз. Қираған тастанды ғимарат ішінде және тұрып қалған құрылыстарда шытырман оқиға іздеген әсіресе қауіпті. Сондықтан қорғаныста және ұстаздың қарамағында болатын арнайы секцияға баруды ұсыныңыз. Бәрібір жарақат алады. Бірақ оған қамықпаңыз және «Мен саған айттым ғой!», «Біліп едім осылай боларын!» деген сөздерді айтушы болмаңыз. Жеткіншек қорытындыны өзі жасауға қабілетті.

Old Spice Kilimanjaro аэрозольдық дезодоранты
Old Spice Kilimanjaro 125 мл аэрозольдық дезодоранты
(3)

Бір рет себесің – күні бойы еркексің

енді табу

Егер жеткіншек спорттың экстремалды түрімен әуестенген болса, не істесе болады? Оған таңдау жасау мүмкіндігін беріңіз, оны қолдап, жақын болуға тырысыңыз – сонда психологиялық экстрим алу қажеттілігі болмайды. Ал кәсіби мамандардан дәріс алу баланың өзі таңдаған салада чемпион не шебер болуына көмектесуі мүмкін.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.