Мектепке не сатып алу қажет

Оқу құралдарын сатып алу: 1 қыркүйекке дайындаламыз

Жаңа оқу жылына ақырындап дайындалатын кез де келді: барлық қажеттіліктерді сатып алып, үйде сабақ оқитын жұмыс орнын ойластыру қажет.


Балалар жазғы демалыстарын тағы бір-екі айға қанша созғысы келсе де, 1 қыркүйек бәрібір өз уақытында келеді! Ол дегеніміз, жаңа оқу жылына ақырындап дайындалуды бастау кезі келді: барлық қажеттіліктерді сатып алып, үйде сабақ оқитын жұмыс орнын ойластыру қажет.

Үстел мен орындық барынша ыңғайлы және бала жасына сәйкес келуі тиіс. Арқасына артық жүк түспейтіндей дұрыс қалыпта отыра алатындай жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, жарықты да ойластырып, жақсы үстел үстілік шамды орнату қажет.

Мектеп құралдарын сатып алуға дүкенге барғанда бір жағынан ештеңені ұмытпас үшін, ал екінші жағынан артық ештеңені алмас үшін толық тізім жасап алыңыз. Былтырғы жылдан не қалғанын және қолдануға жарамайтынын тексеріп алыңыз, баладан қандай затты көбірек, қандай затты аз қолданатынын сұраңыз.

Рюкзак

Оқушыға ең маңызды зат осы. Бала оны киіп көріп, оған ыңғайлы екеніне көз жеткізу үшін міндетті түрде баламен бірге барып, сатып алыңыз. Бауы айтарлықтай кең, ал арқа жағы денеге жабысатындай болуын қадағалаңыз. Егер сізде рюкзактың орнына сөмке сатып алғысы келетін қыз бала болса, иығына асып алған сөмкеге қарағанда әдемі түзу жүріс аса дұрыс екенін айтып түсіндіріңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Кеңсе тауарлары

  • Дәптер (пән санына байланысты қалың және жұқа дәптерлер)
  • Дәптерге арналған қап
  • Оқулыққа арналған қап
  • Принтерге арналған қағаз
  • Сурет салуға арналған қағаз
  • Бірнеше блокнот
  • Қаламдар
  • Фломастерлер немесе маркерлер
  • Жай және түрлі-түсті қарындаштар
  • Ұштағыш
  • Сызғыш
  • Циркуль
  • Қаламсауыт
  • Сурет салуға арналған бояулар
  • Қайшы
  • Калькулятор
  • Скотч

Мектептегі балалардың парталары иесіз, бірақ үйде олардың жұмыс орнына өзіндік сипат бере аламыз. Балаға үстел үстіне сүйікті суреттерін ілуге, ойыншықтарын қоюға және жапсырмаларды жабыстыруға рұқсат етіңіз. Жұмыс орнының жанына ақ тақтаны іліп қойған ыңғайлы болады, оған маңызды істерді және ештеңе ұмытылмас үшін берілген тапсырмаларды жазып алуға болады.

Оқу оқыған көңілді, әрі қызық болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.