Мектепке рюкзак немесе арқа сөмкені қалай таңдаймыз?

Мектепке рюкзак немесе арқа сөмкені қалай таңдаймыз?

Мектеп рюкзагы, портфель немесе арқа қоржын – бұлар жай сөмке ғана емес, нағыз дос және көмекші болып табылады. Оның ыңғайлы, атқарымды және, әрине, әдемі болғаны өте маңызды!


Және де бұл бірінші сыныпқа қадам басқалы тұрған бала үшін аса өзекті! Сондықтан біз Сіздер үшін бірінші сыныпқа баратын балаға рюкзакты қалай таңдау керектігі жайлы сарапшылардың басты кеңестерін жинадық.

Баламен бірге таңдаймыз

Басқасын былай қойғанда, арқа қоржынды тек баламен бірге таңдау керек. Өйткені, тіпті, бір қарағанда аса ыңғайлы және әдемі болып көрінетін портфельдің өзі кейбір өлшемдері бойынша Сіздің бірінші сыныпқа баратын балаңызға сай келмеуі мүмкін. Бала бұл сөмкенің өзіне ыңғайлы болатынына көз жеткізуі тиіс. Іс жүзінде жағдайдың қалай болатынын бірден түсіну үшін, шамалап көру мақсатында өзіңізбен бірге бірнеше кітап пен басқа да заттарды алып барғаныңыз дұрыс болар еді. Бұл ретте портфельдің арқаға жақсылап жанасуын және баланың арқа омыртқасының иілімдеріне сай келуін қадағалау қажет.

 

Не нәрсеге көңіл аудару керек

  • Ортопедиялық қатты арқалық – бірінші сыныпқа баратын балаға арналған рюкзакта, арқа қоржында немесе портфельде болуы тиіс ең басты нәрсе. Ол баланың омыртқасына түсетін күшті азайтуға жәрдемдеседі.

  • Жарық шағылыстырғыш жолақтар тәуліктің қараңғы мезгілінде баланы көзбен анықтап көру үшін қажет. Қыс кезінде таңғы уақытта едәуір қараңғы болатынын ұмытпаңыз.

  • Сыдырма ілгектің орнына түймелік. Сыдырма ілгек кішкентай балалар үшін едәуір жарақаттау қаупін тудыруы мүмкін – ол саусақты оңай қысып қалуы мүмкін. Сондықтан ыңғайлы және қарапайым түймеліктері бар нұсқаларын таңдаған жөн.

  • Қалталары мен бөлек аймақтары жеткілікті. Портфельде әр түрлі заттарға арналған бірнеше бөлек аймақтардың болғаны ыңғайлы. Бірақ аса көп қалтаға әуестенудің қажеті жоқ – бала шатасуы мүмкін және қажетті затын іздеуге тым көп уақыт жұмсауы мүмкін.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Арқа қоржынның салмағы қандай болуы тиіс?

Ауыр нәрсе көтеру ересек адамның өзіне зиян екенін ескерсек, ағзасы енді қалыптасып келе жатқан кішкентай бала туралы айтпаса да түсінікті. Ішіндегі бүкіл заттарымен қоса портфельдің салмағы бала салмағының 15% аспауын қадағалаған өте маңызды. Яғни, мысалы, баланың салмағы 20 килограмм болса, оның портфелінің салмағы 3 килограмнан аспауы тиіс.

 

Ал Сіз оқушыңыз үшін портфель таңдай бастадыңыз ба?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс