Баланы мектепте ренжітетін болса, не істеу қажет: кеңестер

Мектеп. Аз уақытта дайын болу!

1-қыркүйекке дейін өте аз уақыт қалды, кенет баланың жаңа оқу жылына мүлдем дайын емес екені анықталды. Саспаңыз! Дұрыс құрылған жоспар ең қысқа деген уақытта барлық қажеттіліктерді жасауға көмектеседі!


Режим. Жазда әдеттегідей балалар күн тәртібін сақтамайды, нәтижесінде күзде олар қатаң мектеп кестесіне мүлдем дайын емес екені анықталады. Сондықтан, бірінші қоңырауды күтпей, режимді алдын ала өзгерткен жөн. 1-қыркүйекке дейін екі апта қалғанда баламен енді сағат 22:00 ұйықтайтынын, 9:00 кешікпей оянатынын келісіп алыңыз, жаңа ереженің сақталуын қадағалап жүріңіз. Одан басқа, оқушы балаңыздың компьютер немесе теледидар алдында отыратын уақытын бірте-бірте қысқартыңыз: күніне жарты сағат толығымен жеткілікті болады. Ойын мен мультфильмдерді оқумен, сурет салумен, немесе, мысалы, қызықты логикалық есептерді шешумен алмастырыңыз. Осылайша сіз балаңызға оқу жылына бірқалыпты көшуге көмектесесіз. Осы айла-ережелерді орындау баланың мектеп өміріне өтуін айтарлықтай жеңілдетеді: оқу жылының басында ең қиын тапсырмаларға дайын, зерделі оқушыны көретін боласыз.

Жұмыс орны. Баланың сабақ оқитын  жұмыс орнын мұқият қадағалаңыз. Бір жыл өтті – оқушы өсті, бұл дегеніміз үстел мен орындықты ауыстыру керек дегенді білдіруі мүмкін. Жаңа жиһазды таңдай отырып, бала қалауына мұқият құлақ салыңыз: ұнататын үстел үстінде сабақ жасаған әлдеқайда жақсырақ емес пе. Қазіргі уақытта дүкендерде «оқушы бұрышының» көптеген дайын нұсқалары бар. Осы эргономикалы үлгілерде оқушыға барлық қажетті опциялар қарастырылған: бұл жерде рюкзактарды, қарындаштарды, оқулықтар мен дәптерлерді сақтауға арналған арнайы орындар бар, ал кейде тіпті компьютерге арналған орындар болады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жаңа жиһазды орната отырып, дұрыс жарықтандыру туралы да ұмытпаңыз: егер бала оң қолмен жазатын болса, терезе үстелден оң жақта, ал егер солақай болса –сәйкесінше сол жақта болуы тиіс. Жаңа сөрелер ілінетін биіктікті таңдай отырып, оқушы балаңыздың бойын ескеріңіз – жоғарғы ұяшықтарға дейін еш қиындықсыз жете алуы тиіс.

Мектеп керек-жарақтары. 1-қыркүйекке қарсы арнайы мектеп жәрмеңкесі жалпы барлық жерде ашылады, сізге уақытыңызды үнемдеуге және барлық қажеттіліктерді бір жерден сатып алуға көмектеседі. Дүкенге бармас бұрын сатып алатын заттардың тізімін міндетті түрде жасап алыңыз, олай болмаған жағдайда өте көп ақша шығындайсыз да, шынымен маңызды керек затты сатып алуды ұмытып кетесіз. Сізге қажетті заттар: оқушы сөмкесі (ең мықты деген портфельдердің өздері бір оқу жылынан артық шыдай алмайды), ауыстыратын аяқ киім қабы, қаламсауыт, дәптерге арналған мөлдір қаптар (кем дегенде 30 дана – олар тез жыртылады), көк сиясы бар 10 қалам, екі 20 сантиметрлік сызғыш, 2 ұштағыш, 10 жай қарындаш және 2 түрлі-түсті қарындаш жиынтығы, 5 өшіргіш, бояулар (гуашь пен акварель), қылқаламдар, 3 сурет салуға арналған альбом, 12 парақты дәптерлер, әрине – 20 торлы және сонша жол дәптер. Жоғарғы сынып оқушыларына қалың дәптерлер, транспортир мен сызу керек-жарақтары да қажет қой. Ал күнделік, оқулықтар және мектеп формасы мектеп талабына байланысты болады: кейде олар орталықтандырылған түрде сатып алынады, сондықтан бұл мәселелерді мұғалімнен алдын ала білген дұрыс.

Осы қарапайым ұсыныстарды қолданса, келе жатқан оқу жылына шынымен жылдам дайындалуға болады ғой, келісесіз бе. Бастысы – күйіп-піспей, саспау керек, сонда мектептегі бірінші күн шынымен сізге, бастысы балаңызға нағыз қуанышты күн болады. Сәтті оқу жылын тілейміз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.