Мектептегі үйірмелер

Мектептегі үйірмелер мен секциялардың пайдасы

Мектеп жасына жеткен балалардың барлық ата-аналарының ойында бір күні: «Баланы мектептегі үйірмелерге беру керек пе?» деген сұрақ туындайды. Әрине, беру керек! Дәл қазір неге екенін айтып береміз.


Жақсы істі пайдалы іспен үйлестіру

Мектепте ең қызық сабақтар да балалар үшін бәрібір өкінішті қажеттілік болып қала береді. Бала басқа амалы жоқ екенін біледі – жасау керек деді ме – керек деп жүреді. Бұл, әрине, оның әрі қарай дамуын баяулатады. Бала өзін шынымен не қызықтыратынын таңдауы тиіс, өз мүмкіндіктерін ашып, жаңа дарындарын дамытуы қажет.

 

Араласу ортасын ауыстыру және ой өрісін кеңейту

 

Балалар әр түрлі үйірмелерге өз қызығушылықтарына сәйкес келеді, яғни, онда жаныңды түсінетін достарды табу әлдеқайда жеңіл. Мұндай достық ұзақ жылдар бойы сақталады. Одан басқа, егер бала мектептен кейін қызық оқуларға баратын болса, жаман компанияға түсу және іш пысқаннан көптеген ақымақ істерді жасау мүмкіндігі болмайды.

 

Жоғары сабақ үлгерімі

 

Балада бос уақыт аз болған сайын, уақытты тиімді пайдалану соғұрлым жақсы болатыны қызық жайт. Сабақта ойын жинақтап, қажет болғанда бір бағытқа топтала алады, кейін тура солай жылдам босаңси алады. Одан басқа, оның оқуы түрлі болған сайын, соғұрлым көптеген дағдыларды алады, бұл оның оқуына оңтайлы әсер етеді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Дербестік және көпшілікпен араласу

 

Бала мектептен басқа жақтарды көп көрген сайын, соғұрлым дербес бола бастайды. Ол қысылуды қояды, көпшілікпен араласып, жылы шырайлы бола бастайды да, өзін әлдеқайда сенімді ұстайды.

 

Денсаулық пен иммунитет

 

Басқа оқулардан басқа балалар спорт секцияларына да қатысуы керек екені сөзсіз. Қыздарға би үйірмесіне баруға болады. Мұндай сабақтар олардың денсаулығына және дене пішіміне, әсіресе мүсініне жақсы әсер етеді, бұл кішкентай балаларға аса маңызды.

Дегенмен, сіз қандай үйірмені таңдасаңыз да, әрдайым өзіңізді уақытында тоқтата алыңыз. Барлығы шектен шықпай, өз мөлшерінде болуы тиіс. Қосымша секциялар балаға тек қуаныш пен қанағат сезімін алып келуі тиіс, олардың ең басты арнауы осы!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.