Баланың есте сақтау қабілетін жаттықтыру мен көбірек ақпаратты есте сақтау

Оқушының есте сақтау қабілетін дамытамыз

Баланың есте сақтау қабілеті – бұл ҚОСУ/ӨШІРУ батырмалары көмегімен лезде іске қосылатын автомобиль опциясы емес. Сабақ үстінде алынған ақпарат қалыпты түрде игерілуі үшін есте сақтау қабілетін мектепке дейінгі жаста жаттықтыру қажет, ал онымен өмірдің соңына дейін айналысуға болады.


Қарапайым әдістен бастаңыз. Балаңыздан көп рет көргендерін айтып беруін сұраңыз. Бөлмесі қандай? Ас үйде не бар? Ванна бөлмесіндегі еден түсі қандай? Кешке күнін қалай өткізгені жөнінде сұраңыз. Бірге оқыған кітаптың немесе көрген мультфильмнің мазмұнын бірнеше рет айтып беруін сұраңыз: сол мезетте, екі сағаттан кейін, келесі күні және бір аптадан кейін тағы сұраңыз. Осындай қайталау ақпаратты қысқа түрде сақтаудан ұзақ уақыт сақтауға дейін қалуға көмектеседі.

Балаға есте сақтау қабілетін жаттықтыруға  көмектесетін ең қолжетімді амалдардың бірі – үстел үстілік ойын (оларды сондай-ақ планшетке жүктеуге болады, егер балаңыз оны қолдана білсе). Көбінесе осындай ойындар жұп суреттердің орналасуын болжамдауға бағытталған, бірақ басқа да түрлері бар, мысалы ассоциациялық тізбектерді есте сақтау. Баланың қызығатын нәрсесіне қарай кез келген тақырыпты таңдауға болады.

Көбінесе оқушылар мағынасын түсінбей, сөзбе-сөз «жаттауға» талпынады. Осы әдіспен алынған ақпарат есте көпке дейін сақталмайды, ал егер сақталса да, тәжірибе жүзінде қолданыста болмайды. Баламен бірге оның оқып отырғанын көз алдына елестетіп көріңіз. Өз сөзіңізбен барлық материалды бірге қайта айтып шығыңыз.

Оқушыларға ана тілінің өзінде де түсініксіз, бейтаныс сөздер кездеседі, ал шет тілін айтпаса да болады. Жаңа терминдер мен сөйлемдер есте қалу үшін оларға көріністік, дыбыстық немесе ұйқастық ассоциацияларды ойдан шығаруға болады. Теоремалар мен ережелерді көбінесе қарапайым тақпақтарға айналдырады, ал атаулардың, тектердің немесе элементтердің түрлі тізімдері бірінші әріптері бойынша, санада олар тудыратын жағдайға сай бейне арқасында оңай есте сақталатын сөйлемшелерге айналады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Алайда, есте сақтау қабілетін жақсартуға тікелей факторлар ғана емес, сондай-ақ, жанама  факторлар да әсер етеді. Жақсы қан айналымы мидың жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді, сондықтан баланы қатты шаршатпай, физикалық жүктемеге назар аударыңыз. Таза ауада қозғалатын ойындар мен серуендеу ой еңбегін белсендіру үшін толығымен жеткілікті болады.

Одан басқа, балаға көп мөлшерде жай су ішкізіңіз, әсіресе, ол тәтті газдалған сусынды жақсы көретін болса. Мұндай сусындар ағзаны құрғатып жібереді, бұл әсіресе судың 90 % тұратын ми жұмысына тереңінен әсер етеді. Есте сақтау қабілетін жақсартуға арналған азық-түліктер ішінен гүлшетен, лимон, теңіз орамжапырағы, бал, сүт және грек жаңғағы пайдалы.

Есте сақтау қабілетін дамытудың жақсы жаттығуларын білесіз бе? Басқаларға ақпаратты қалай көбірек есте сақтауға болатынын айтып беріңізші.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс