Ғажап аналарға арналған ғажап көмекшілер: Safeguard балаларыңыздың денсаулығын күзетуде

Ғажап аналарға арналған ғажап көмекшілер: Safeguard балаларыңыздың денсаулығын күзетуде

Қазіргі заманғы ана бірден бірнеше рөлді атқарады: ол бапкер, көңілді дос және өнеге болатын тұлға. Балаларымызды, тіпті қашықта болғанымызда жанынан табылатын қайырымдылық пен махаббатқа бөлегіміз келеді. Мұны қалай жасауға болады? Біз, шынында баламызды ішіне ешбір бактерия кірмейтін мөлдір шарға отырғыза алмаймыз ғой!


Баласын қауіптен құтқару үшін оған әлде ғажап қабілеттілікке ие болу керектігін, әлде сенімді ғажап көмекшілерге үміт арту керектігін әрбір ана біледі. Оның сондай көмекшісі бар! Командор Safeguard — балаңыз қайда жүрсе де оның айналасында оған қамқор болатын қорғаныш бөгетін құратын жаңа қаһарман.

Жазда балалар шалшықта әуреленіп, құмнан сұлба тұрғызып, жапырақтар мен таяқшаларды жинап, қазынаны көміп және асфальтке сурет салып, далада асыр салғысы келеді. Ал содан соң олар дәмді бутербродтарға, жеміс-жидектерге, шоколадтар мен балмұздақтарға қомағайлана ұмтылады! Сондықтан ананың басты міндеті – төніп тұрған бактериялардың қауіптілігі және ешбір жағдайда да оның ауызға түспеуі туралы баласына жеткізе білуі. 

Командор Safeguard — аналардың сенімді көмекшісі

Safeguard компаниясы аналарға арнайы көмек ретінде ғажап қаһарман — Командор Safeguard-ты жасап шығарды. Ол қолды жууды ойынға айналдыра отырып, ойын түрінде микробтардың зияны туралы әңгімелейді. Командор Safeguard басты қаруы — суық тию мен ішек ауруларын қоздырғыш – барлық белгілі қауіпті бактерияларды 99% жоятын қатты сабын мен балғын хош иісті жаңа Safeguard  балалар көпіршігі.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Қол жууды қызықты ойынға айналдырамыз

Балаңыз қол жууды амалсыз қажеттілік деп түсінбей, есесіне Командор Safeguard   зұлым жауы – зымиян Лас адаммен күреске шақырған маңызды міндетіне көмектесу деп ұққаны жөн. Әр кезде серуеннен, ойыннан кейін және тамақтың алдында қолын жуа отырып, балаңыз Командорды жеңіске жетелейді. Тіпті, сіз оны шартты жұлдызшалармен марапаттай аласыз. Мысалы, мұндай жұлдызшалардың саны 50-100 данаға жеткенде сәбиіңіз сыйлыққа ие болуы мүмкін. Көп өтпей-ақ сіз балаңыздың қолын ескертусіз және ықыласпен жуып тұрғанын байқайтын боласыз. Оған қоса жаңа Safeguard балалар көпіршігін қолдану ұнамды. Оның жақсы көбіктенетіні, теріге жұмсақ әсер етіп және жағымды иісінің болуы балаларға ұнаса, ал бактерияға қарсы қасиетінің тиімділігі мен құрамының зиянсыздығы аналарға да жағымды. 

 

Бактерияға қарсы Safeguard сабынымен балаңыздың қолын тұрақты жууға дағдыландыра отырып, сіз оны қауіпті бактериялардан қорғайсыз! 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.