Қайырымды істер күні

Қайырымды істер күні

Серуен бала үшін маңызды оқиға болады, егер оны ерлік пен маңызды міндетті орындауға айналдыра алсақ. Балаларды айналасындағыларға мейірімді және қамқор болуға үйрете отырып, олармен қайырымды істер күнін ұйымдастырыңыз. Сәбиіңіз өзінің көп нәрсені жасай алатынын сезінсін.


Құстарды, бұралқы мысықтарды, иттерді, тиін мен аттарды қоректендіреміз. Таза ауадағы серуен қызықты саяхатқа айналуы мүмкін. Алдымен жануарларға беретін азықты балаңыздың қатысуымен үйде арнайы дайындауға болады. Содан кейін маңызды міндетті бірге атқаруға аттануға болады. Көптеген саябақтарда құстар мен тиіндерді қоректендіруге арналған жаңғақтар арнайы сатыла бастады. Қолыңдағы пісте дәнін шоқыған сарышымшық балаларды ғана емес, үлкендерді де шаттыққа бөлейді.

Бейтаныс балаға ойыншық сыйлаймыз. Сәбиіңізге бірдей екі ойыншық сатып алыңыз және оның біреуін балалар алаңындағы басқа балаға сыйлауын өтініңіз. Осылайша сіздердің балаларыңыз сыйлық сыйлап және өзгеге жақсылық жасаудың, сонымен бірге сыйлық алудың керемет әсерге бөлейтінін сезіне алады.

Терезенің маңына гүл егеміз. Үйіңіздің терезесінің маңында балаңызбен бірігіп күтім жасайтын өз жеке гүліңіз немесе тіпті кішігірім ағашыңыз болсын. Ал егер ондай мүмкіндік болмаса, оны жасау тіптен оңай. Жай ғана жақын жердегі саябақтан немесе орманнан ұнаған өсімдікті таңдаңыз және оны қамқорлыққа алыңыз. Балаңызбен серуен бірден мәнге ие болады.

Көршілерге ашықхат жіберу. Сәбиіңізге ашықхатқа сурет салып және үйіңіздің тұрғындарына игі тілектерін жазуды өтініңіз. Содан соң оларды кездейсоқ таңдалған пошта жәшігіне салыңыз.

Құстарға арналған жем салатын астау жасаңыз. Балаңызбен бірге қиялдарға шарықтап, құстарға жем салатын астауды әдемі қылып жасаңыз және оны ұнаған ағашқа іліңіз.
Түсінгеніңіздей, бұл тізімді шексіз жалғастыруға болады, ең бастысы – жағымды ой қалыптастыру. Алайда сәбиіңізбен серуен аяқталғанда, өзіңіздің және балаңыздың қолын Safeguard секілді бактерияға қарсы сабынмен жууды ұмытпаңыз.

Safeguard Алоэмен Нәзік күтім бактерияға қарсы сабыны 125г
Safeguard Алоэмен Нәзік күтім бактерияға қарсы сабыны 125г

енді табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс