Телефонды баладан қалай қорғау қажет

Ұялы телефонды балалардан қалай қорғаса болады

Балаңыз шамалы уақытқа ойын ойнауға телефоныңызды алып, оған қоса Twitter және Facebook желілеріне бірнеше хабарлама жіберіп, бастығыңызға хат жазып, бірнеше бағдарлама сатып алып, біраз нәрсе бүлдіріп қойды ма? Онда өз ұялы телефоныңызды қорғауды ойластыратын кез келді. Смартфондар үшін балаларға «ересек» бағдарламаларға кіруге және сатып алуға мүмкіндік бермейтін арнайы сервистер бар.


Телефонды баладан қалай қорғауға болатыны жөніндегі бірнеше қарапайым кеңес:

1. Резервтік көшірме.
Оқтын-оқтын телефоныңыздағы барлық маңызды ақпараттың резервтік көшірмесін жасап отыруды ұмытпаңыз. Бұл бала оны тас еденге немесе шай құйылған кесеге кездейсоқ түсіріп алған жағдайда, жоғалтып немесе бөтен адамға сыйға тартқан жағдайда қолайлы болады.

2. Find My Phone бағдарламасын орнатыңыз. 
Осыған ұқсас бағдарламалар смартфондардың барлық түрлерінде бар. Олар телефонға қоңырау шалып және картадан оның орналасу орнын қарап қана қоймай, сонымен қатар оны бұғаттап, барлық маңызды ақпаратты өшіруге де мүмкіндік береді.

3. Құпия сөзді орнатыңыз.
Енгізбейінше жаңа бағдарламаларды жүктеуге болмайтын, баптауларға және жеке деректерге өзгеріс енгізу мүмкіндігін бермейтін құпия сөздерді орната аласыз.

4. Қорғаныс қабы туралы да ұмытпаңыз.
Егер балаңыз телефоныңызды жиі алатын болса, қорғаныс қабын сатып алу – орынсыз зат емес, қажетті зат екенін біліңіз. Қазір телефонға қауіпсіздік жастығы бола алатын жұмсақ ойыншық түріндегі қаптар пайда болды.

5. Ұшу режимі.
Егер бала өзінің сүйікті ойынын ойнау үшін телефоныңызды сұрайтын болса, телефонда «ұшу режимін» қосыңыз. Осылайша ешкімге қоңырау шала алмайды немесе интернетке кіре алмайтын болады.

6. Ереже орнатыңыз.
Бала өскен сайын нені жасауға болатынын, ал нені жасауға болмайтынын білуі тиіс. Сондықтан, баламен келісімге келіп, телефоныңызды қалайша қолдануға болатынын айтыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс