Демалыстан кейін көңілді мектептегі оқуға қайтадан қалай бұруға болады?

Демалыстан кейін көңілді мектептегі оқуға қайтадан қалай бұруға болады?

Жаңа оқу жылының жақындай түсуі баланың да, ата-ананың да бойында әрдайым эмоциялық шиеленіс тудырады. Сондықтан оған ертерек дайындалған жөн.


Жазғы демалыс тек басында ғана таусылмайтындай болып көрінуі мүмкін: ұйқыны қандыруға және күні бойы достарыңмен ойнауға болады, сондай-ақ портфелің қайда жатқанын және алтыны сегізге көбейткенде не болатынын ұмытуға болады. Тамыз айында демалыстың соншалықты ұзақ емес екенін және жуырда мектептегі оқудың басталатынын мойындауға тура келеді. Баланы жаңа оқу жылына қалай дайындау керек? Сондай-ақ өзіміз оған қалай дайындалуымыз керек, өйткені мектеп оқушы үшін ғана емес, сонымен қатар ата-анасы үшін де едәуір күйзеліс тудырмайды ма?

Күн тәртібін қалпына келтіреміз
Мектепке барудағы ең үлкен күйзелістердің бірі – ұйқыдан ерте тұру. Тіпті, ұйқыдан ерте оянып үйренген баланың өзі де сабаққа бару үшін оятқыштың дауысынан таңғы жетіде ұйқысынан еріксіз оянады. Ал жаз мезгілінен кейін, Сіздің үйдегі оқушының күн тәртібі білінбей жылжи отырып толығымен ғайып болған кезде, бұл – ерекше қиынға соғады.

Не істеу керек? Ұйқыдан тұру уақыты баланың ұйқыға жату уақытына тікелей байланысты. Барынша оңтайлы 21-22 сағатқа жеткізгенше күн сайын ұйқыға жатқызу уақытын 10-15 минутқа жылжытып отырыңыз. Оятқыштың дауысымен ояну шарт емес, баланың өзі бірте-бірте ертерек ояна бастайды.

Жауапкершілік дегеннің не екенін еске алайық
«Қажет» деген сөздің не екенін балалардың түсінуі қиын. Біз ғой ол, ересектер, көңіл-күйіміз бен қалауымызға қарамастан жұмыс істеу қажет екеніне үйреніп кеткенбіз. Сондықтан кішкентай адамның бойында еңбек ету әдетін қалыптастыру қажет.
Не істеу керек? Балаға үйде бір міндет бөліп беріңіз, сол міндетті тек ол ғана орындауы тиіс болсын: гүлдерге су құю, таңғы астан кейін ыдыс жуу, атжалманға жем беру секілді. Оның не істеу керектігін сабырмен есіне салып отырыңыз, бірақ ешқашан оның орнына жасамаңыз. Бірнеше күннен кейін оның өзі ешбір ескертусіз Сіздің одан өтінген нәрсеңіздің барлығын жасайтын болады және еңбек ету қажеттілігі оның бойында қабылдамау немесе реніш сезімін тудырмайды.

Өткенді қайталайық
Тіпті тым қатал ата-аналардың өзі жазғы кезде еркінсіп қалады. Балаңыз жазға арналған әдебиеттер тізімінен кітаптар оқыған шығар, мүмкін көбейту кестесін жаттаған болар.

Не істеу керек? Тамыз айында мұндай пайдалы істерге көркем жазуды қосқан жөн – достарына хат жазуға болады немесе ана тілінен жаттығулар жасауына болады. Математика өзге пәндерден гөрі көбірек ұмытылып қалады, сондықтан күніне бір-екі тапсырма мен математикалық жаттықтырушының бір бетін өту тек пайдалы болмақ. Және де ағылшын тілі – мысалы, балаға комикстерді түпнұсқа түрінде оқуды және сүйікті мультфильмін аудармасыз көруді ұсыну керек.

Портфельді жинайық
Сіз ең қарбалас соңғы күндерге қалдырмастан мектеп киімін, дене шынықтыру сабағына арналған спорттық костюмді сатып алу мәселесін және кеңсе керек-жарақтарын сатып алу мәселесін шешіп қойған болсаңыз керек. Ал бала ше?
Не істеу керек? Баланы мектеп бұйымдарын таңдауға тартыңыз. Тіпті, егер Сіздердің сыныптарыңызда орталықтандырылған түрде дәптерлер сатып алынатын болса да, жаңа қаламсауытты, қаламсаптарды, әдемі қарындаштарды және шимайлап жазуға арналған қойын дәптерлерді баланың өзі таңдай алады. Мектеп киімін немесе жаңа сөмкені сатып алған кезде онымен кеңесіңіз. Сіздің үйдегі оқушы дербестікті сезінсін және жаңа оқу жылына дайындалудың жағымды іс екенін ұқсын.
Ал Сіз жаңа оқу жылына қалай дайындаласыз?

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс