Мысықты немесе итті асыраудың бірнеше себебі

Үй жануарын алудың бірнеше сылтауы

Үй жануарларының барлық иелері олардың бәрі жақсы көретін нағыз отбасы мүшесі екенін біледі. Мысықты немесе итті алудың себебін білейікші.


Үй жануарларының барлық иелері олардың бәрі жақсы көретін нағыз отбасы мүшесіне жылдам айналатынын біледі. Олар біздерді әрдайым тосып жүреді және бізге қуана қарайды. Тіпті бізден басқа ешкім болмаса да, үй жануарларымен өзімізді жалғыз сезінбейміз. Жануарларға шамалы махаббатты бере отырып, біз олардан он есе артық махаббатты аламыз. Мысық пен иттер мейірімділік пен қамқорлыққа үйретеді және қуанышты сәттердің көп мөлшерін сыйлайды.

Ал соңғы ғылыми зерттеулер үй жануарлары біздің психологиялық және физикалық денсаулығымызға жақсы әсер ететінін дәлелдеді.

Мысық пен иттердің жақсы жақтары:

 

Жақсы хал-жағдай

Әр адам бір рет болсын, тізесінде мияулаған мысықты ұстаған шығар, бұл ештеңеге тең келмейтін сезім екенін біледі. Жануарлармен байланыса отырып, олардан емдік пайданы алатыны жөнінде барлығы біле бермейді. Зерттеулер көрсеткендей, адам жануарды сипалағанда оның қысымы қалыпқа келеді. Бұл, әсіресе, жоғары қысымды адамдарға қатысты. Ал ит иелері кепілді физикалық жүктемені алады. Таза ауада күнде серуендеу және күннің дұрыс режимі денсаулығымызға жақсы әсер етеді.

 

Тамаша көңіл-күй

Мысық пен итпен араласудың терапевтік әсерін бағалау қиын. Олар тынышталуға және босаңсуға көмектеседі, адал күтуші және ойындағы серіктес бола алады. Уақытша болса да, олармен отырып барлық шаруаларыңыздан және мәселелеріңізден көңіл ауытқып, ұмыта аласыз.

Мысық пен иттер біздің әлдебір жеріміз ауырып тұрса, жақсы сезеді де, әрдайым қолдап, көңіл көтеруге септігін тигізеді.

Үй жануарларының берілгендігі, адалдығы, қайтарымсыз махаббаты туралы қаншама аңыздар бар!

Айтпақшы, ауыр жұмыс күнінен кейін күйзелістен арылу үшін ең құрығанда, аквариум балықтарын да алуға болады. Олар сізбен сөйлеспейді, әрине, бірақ шаршау сезімін бәсеңдетеді.

 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Үй жануарын немен еркелетсе болады?

Итіңізді шамалы еркелетіп, оның адал қызметіне алғыс айтқыңыз келе ме? Онда осындай қарапайым тәтті тағам дайындап беріңіз! Итіңіз сізге дән риза болатынына сенімді болыңыз!

 

Бауырдан жасалған ит галеттері

Ингредиенттер:

450 г бауыр турамасы

1 жұмыртқа

1 ½ кесе ұн

¼ шай қасық сыра ашытқысы

Дайындау әдісі:

Ингредиенттерді бір масса болғанға дейін араластырыңыз. Бөліктерге бөліңіз (сүйек түріндегі қалыпты қолдануға болады), маймен майланған қаңылтыр табаға салып, 180°C температураға духовкаға 30 минутқа қойыңыз.

Итті немесе мысықты алудың тағы бір себебі керек болса, жай ғана олармен бірнеше минут араласып көріңіз. Жақын арада неге күмәнданып жүргеніңізді есіңізге де алмайсыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс