Баланы үйде ойнатып, көңілін көтеру

Балаларды ойынға қалай тартуға болады

Балалар кейде сондай ұшқалақ болып кетеді! Оларды командаға қалай жинауға, ойынға қалай тартуға және ойнағаннан кейін ойыншықты жинатуға болатыны жөніндегі кеңестерімізді оқыңыз.


Ойнайық! Ал балалар қайда? Жүгіріп, бұзықтық жасап және мүлдем тіл алмай жүр ме?

Кеңес. Сыбырлап сөйлеуге көшіңіз.

Иә, сізді жақсы есту үшін дауысты шығармай, ақырын сыбырлап айтыңыз. Балалар сонда тыңдай түседі, оларға не айтып тұрғанын есту үшін жинала бастайды да, тыныштала қалады. Сыбырлап: «Кім мені естіп тұр, мұрын ұшына қолын тигізсін!» деңіз. Бірнеше минуттан соң барлығы сіз айтқанды орындайды.

Бала бұрқылдағанды ұнатып, ойын ойнағанды жаратпайды ма?

Кеңес. Ренжіп тұрған балаға тура бір минут ренішін айтқызыңыз. Таймерді алыңыз да, .... уақыт кетті! 60 секунд ішінде ойынның, достарының және мұғалімінің несі ұнамайтыны жөнінде барлығын айтып берсін. Дың! Уақыт бітті, шағым қабылданбайды! Енді көңілді ойын ойнауға болады!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ойын бітті, ал ойыншықтар болса шашылып жатыр! Балалар ойнағаннан кейін жан-жақты жинауды қалай үйретсе болады?

Кеңес. Еден – бұл жай ғана еден емес, ол сиқырлы кілем, онда күніне бір рет бір ойыншық сиқырлы күшке ие болады! Балаларға тапсырма беріңіз – әлдекім сиқырланған затты тапқанша, еденнен барлық ойыншықтарды жинаңдар. Ол еденде жатқан кез келген зат бола алады: көк түсті динозавр, қызыл түсті фломастер. Жинау барысында балалар: «Бұл сиқырлы ойыншық па?» деп сұрауына болмайды, әйтпесе сиқыры жоқ болып кетеді. Еден таза, жиналған күйде болғанда, ойыншықтардың бүгінгі патшасы мен ханымын жариялаңыз. Ертең сиқырлы күшті басқа ойыншық иеленетінін айтыңыз.

Бақытты, әрі шаршаған балалар өздерінің жайлы төсектерінде ұйықтап бара жатыр ма?

Кеңес. Балалар жақсы ұйықтауы үшін, өз төсектеріне қуана жүгіріп баруы үшін, олардың төсек тыстары мен пижамалары таза болуы үшін алты керемет хош иістің бірін таңдай отырып, киімдерді «Миф 1-де 3» ұнтағымен жуыңыз. Сонда 100% тазалықпен киімдеріңіздің жұпар иісі мен бірнеше рет жуғаннан кейін де түстерінің қанықтығына кепілдік беріледі. Сіз ондаған әр түрлі шөлмектердің орнына тазалық пен хош иіс үшін қажеттінің бәрі бар «Миф» ұнтағын сатып ала отырып үнемдейсіз.
Тазалық, жұпар иіс, үнемділік!

 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.