Ұлыңызбен бірге не істесе болады: уақытты көңілді өткіземіз

Ұлыңызбен уақытты қалай өткізсе болады

Балалар өте тез өседі, егер кішкентай ұлыңызды қалаған жеріне жай ғана қолынан ұстап апарса, онда өсе келе барлық айла-амалдарды жасауға тура келеді. Бірақ берілмеңіз – ұлыңызды жақсы біліп, түсіну үшін онымен көп уақыт өткізудің кез келген мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.


Ұлыңызбен немен айналысуға болатын бірнеше қарапайым идея:

Мектептен үйге дейін ұзақ жол

Егер балаңызды мектептен қарсы алатындай кішкентай болатын болса, үйге баратын жолды  анағұрлым пайдалы түрде қолданыңыз. Үйге тезірек жетудің амалы емес, керісінше толыққанды серуен болсын. Мысалы, өзіңізбен доп алып шығыңыз, ең көрікті бағытты таңдаңыз. Егер доп ойнайтын жер болмаса, онда жаяу жүре қарапайым ойын ойнаңыз – айналадан белгілі бір әріптен басталатын затты немесе әлдебір түстегі затты іздеңіз.

 

Дәстүрлі шай ішу

Ұлыңыз өскен сайын, бөлмесінен шығару қиынға соқтырады. Оны жақсы көретін кәмпиттерімен немесе печеньемен шай ішуге шақырыңыз. Бұл сіздердің кішкентай болса да – күнде бірге шай ішіп, жаңалықтармен бөлісу дәстүріңіз болсын. Бұл бар-жоғы жарты сағатқа созылса да, бір-біріңізге жақындай түсесіз.

 

Спорттық сенбі

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Күйеуіңіз бен ұлыңыз кейде футбол ойнағанды немесе хауызға бірге барғанды ұнататын болса, олардың жарыстарына сіз де қатыссаңыз не болады екен? Егер спортшылар қатарына қосылсаңыз, отбасыңыздан тамаша команда шығатын еді!

 

Боулинг

Боулинг – балаларға да, ересектерге де жанға рахат беретін көңілді спорттық демалыс болып табылады. Оған қоса бұл жерде екеу болып та, үлкен компания болып та ойнауға болады. Бұл туған күнді атап өтуге тамаша идея бола алады.

 

Ортақ қызығушылықтар

Ұлыңыздың қызықтыратын заттарына және әуестігіне ат салысуға тырысыңыз. Ол тыңдайтын барлық рок әншілерді жақсы көру немесе онымен компьютер ойындарын ойнау міндетті емес, әрине. Бірақ, дегенмен, ортақ бір қызығатын дүниені таба алатын шығарсыз. Мысалы, бірге жаңа фильмге бару, оған ұнайтын кітапты талқылау, ерекше көрмеге бару.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Саламатсыздар ма?! Менің екі ұлым бар. Екуі де 20 асып кеткен. Үлкен ұлым көшеге түнде ұзақ кетеді. Еш қайтара алмай жүрмін. Өзім өте ұяламын. Амалым қалмады.

  • Шағымдану

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс