Бала үшін спорт секциясын қалай таңдау керек

Бала үшін спорт секциясын қалай таңдау керек

Балалар үшін спортпен айналысудың қаншалықты маңызды екенін барлық ата-ана біледі. Бұл – денсаулық үшін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік машықтарды дамытып, мінез-құлықты қалыптастыру үшін де маңызды. Алайда бала да, ата-анасы да риза болуы үшін қандай секцияны таңдаған жөн?


Жеке қасиеттерін, қалауын және мүмкіншіліктерін ескеріңіз
Бәрінен бұрын баланың не қалайтынын білу керек. Бұл – оның балалық шағы, ал балалық шақ шаттыққа толы болуы тиіс. Бірлесе отырып жағдайды ақылмен саралап көріңіз. Қарсы көрсетімдері жоқ екенін білу үшін дәрігеріңізбен кеңесіңіз, балаңыздың қандай күшті тұстары бар екенін және спорттың қай түрінде бұл қажет болуы мүмкін екенін ойлаңыз. Одан кейін қаржылық жағын саралаңыз. Өкінішке орай, спорт түрлерінің басым көпшілігі қымбат тұратын киім-кешекті қажет етеді және бұған барлық ата-ананың шамасы келе бермейді.

Тұрған жеріңіз бойынша саралаңыз
Спорт түрін таңдағаннан кейін, мәселені толығырақ зерттеуге кірісіңіз. Бала жолдан шаршамауы үшін және өзіңіздің ұйымдастыруыңызға оңайырақ болуы үшін, үйден алыс емес жерде қандай секциялар бар екенін қарап көріңіз.

Сұрастырып біліңіз
Таңдалған секция туралы көбірек білуге, жаттықтырушымен жеке танысуға, басқа балалар мен олардың ата-аналарына қарауға ерінбеңіз. Сіздің балаңыз олармен көп уақытын өткізіп, жаңа достар табады. Сізге мұндай адамдармен араласу ұнайды ма, жоқ па, осыны ойлаңыз.

Достарын шақырыңыз
Егер бала жаңа секцияға жалғыз емес, жолдас баласымен немесе жолдас қызымен бірге барса, керемет болады. Оның бейімделуі оңайға соғады, ал Сіз досының ата-анасымен балаларды кезекпен алып қайтуға келісе аласыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жаттығуларға барып тұрыңыз
Алғашқы кездері жаттықтырушыдан Сіздің жаттығуларды көруіңізге рұқсат беруін өтінуге болады. Осылайша көңіліңіз жай табады. Бірақ бұл әдетке айналмауы тиіс. Егер бала Сіздің бақылап отырғаныңызды білетін болса, ол бүкіл күш-жігерін жұмылдыра алмайды. Бірақ Сіз жаттығудың соңына үлгеру үшін ертерек келсеңіз болады.

Жетістіктерін айтып көтермелеңіз және жігерлендіріңіз
Сіздің өз балаңызды мақтан тұтатыныңызды, оны қолдайтыныңызды және оның жетістіктеріне қуанатыныңызды білгені бала үшін өте маңызды. Барлық жарыстарға міндетті түрде барып тұрыңыз, жаңа жетістіктері туралы сұраңыз және әрдайым өз қызығушылығыңызды көрсетіңіз. Тіпті, егер бала өз өмірін спортпен байланыстырмайтын болса да, бұл кезең ол үшін өте маңызды.

Егер бала әлдебір себептермен таңдалған секцияда айналысқысы келмейтін болса, оны мәжбүрлемеңіз, оған жақсы балама таңдаңыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс