Егер бала нашар оқыса не істеу керек?

Егер бала нашар оқыса не істеу керек?

Егер Сіздің балаңыз қандай да бір пәннен үлгере алмай жатса не істеуге болады? Жазалау шараларын қолдануға асықпаңыз, біздің кеңестеріміз Сізге баланың үлгерімін жақсартуға көмектеседі.


Күнделігіндегі әрбір нашар бағаның ар жағында әр түрлі себеп болуы мүмкін. Сондықтан не істеу керектігі жайлы шешім қабылдамастан бұрын, егер бала оқығысы келмейтін болса, ата-аналардың міндеті мұндай қаламаудың нақты себебін табу болмақ. Жиі жағдайларда бала келесі себептермен оқығысы келмейді:

  • Егер ол мұғаліммен ортақ тіл табыса алмаса және пәнді қызықсыз деп есептейтін болса.

  • Ата-анасымен арадағы қарым-қатынастарының шиеленіскенін сезінген болса және үйде тиісінше тыныға алмайтын болса.

Сонымен, не істеу керек?

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
  • Нашар бағалар алғаны үшін балаға ұрыспаңыз. Байыптылық таныта отырып, жағдайдың басын ашып алуға немесе жай ғана сөйлесуге тырысыңыз. Мектепке барып сынып жетекшісімен, мұғаліммен және, тіпті, директормен сөйлесіңіз (бірақ бұл туралы балаға айтпаңыз), барлығыңыз бірлесе отырып баланың нашар оқуына не нәрсе себеп болғанын түсіне алуыңыз мүмкін.

  • Бағаларға аса көп мән бермеңіз, оған (және өзіңізге) бағалар емес, білім алудың маңызды екенін түсіндіріңіз.  

  • Балаңызды қызықтыратын саланы табуға тырысыңыз және барлық қалған салалардағы үлгерімінің салыстырмалы түрде орташа деңгейін қолдай отырып, осы сала шеңберінде дамуына көмектесіңіз. Физиканы оқығысы келмейтін баланың келешекте фотомодель болуы әбден мүмкін!

  • Отбасы ішіндегі қарым-қатынасты реттеңіз. Демалыс күндері бәріңіз бірге еркінсіп алыңыздар – сүйікті әжелеріңізге барып қайтыңыздар немесе жай ғана бүкіл отбасымен киноға барыңыздар. Баланың оқуына көмектесу үшін оған еркінси білудің де қажет екенін көрсетіңіз, өйткені тынығу күш жинауға көмектеседі.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс