Ең дәмді пицца – үйде пісірілген пицца

Ең дәмді пицца – үйде пісірілген пицца

Дәмді пицца кепілі – жұқа қамыр екені барлығына мәлім. Дегенмен барлық үй шаруасындағы әйелдерде бір реттен-ақ осылай шықпайды. Жақын арада тұрақты қолданып жүретін пиццаға арналған қамыр жасау рецептін таптым. Ең жағымды, әрі таң қаларлығы, ол ашытпалы емес және бір-екі минутта дайындалады.


Көптеген басқа аспаздық өнертабыстар сияқты көптеген елдерде сүйікті асқа айналған дәстүрлі итальян пиццасы, айтулы тамақтар – ең қарапайым азық-түліктердің дәмін кемеліне жеткізе білген қиял, тапқырлық және байқампаздық сияқты қасиеттердің нәтижесі екенінің тағы бір растауы болып табылады. Енді бізге: 1 жұмыртқа, 3 ас қасық кілегей, пышақ ұшымен ас содасы, ұн қажет болады. Салманы таңдау өзіңіздің дәмдік қалауларыңызға байланысты болады. Азық-түліктің осы көлемі тура бір пиццаға жетеді. Тегешке кілегейді құямыз, ас содасын қосып, араластырамыз. Одан кейін оған жұмыртқа жарып, шамалы араластырамыз да, ұнды қосамыз. Ұнды қаңылтыр табаға біркелкі қабатпен жағатындай қою джем сияқты қамыр болып шығатындай көлемде аламыз. Енді міне барлығын біркелкі араластырамыз да, табаққа жұқа біркелкі қабатпен жағамыз. Үстінен шұжық, саңырауқұлақ, ірімшік саламыз.
Қызанақ қойып, зәйтүн мен тәтті бұрышты бүкіл бетіне себеміз. Қызып тұрған духовкада, салма қалыңдығына қарай 30 минуттай пісіреміз. Егер достарыңыз қоңырау шалып, 15 минуттан кейін сізге қонаққа келетінін айтса, оларды дәмді пиццамен қарсы алуға болады, ол тәтті шаймен де, рюмкамен де жарасымын табады! Жылдам, қарапайым дайындалып, өте дәмді болып шығады! 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс