Жаңа 2017 жылға ата-анаңызға не сыйлауға болатынын біліңіз

Жаңа 2017 жылға ата-анаңызға не сыйлауға болатынын біліңіз

Бізді бақытты ету үшін ата-анамыз қаншама жылдар бойы біз үшін нағыз Аяз Ата мен Ақшақар болып келді. Енді, міне, бізде оларға дәл соны жасай алатынымыз қандай жақсы! Ата-анаңыздың көңіліне жағатындай және оларды қаншалықты қатты жақсы көретініңізді көрсету үшін, оларға Жаңа жылға қандай сыйлық жасауға болады екен деп ойланып жүрсіз бе? Біздің кеңестерімізді оқыңыз. Сіздің уақытыңыз бен көңіл бөлуіңіз – ата-анаңызға Жаңа жылға сыйлауға болатын ең үздік сыйлық! Бұл соншалықты қарабайыр естілгенімен, ең жақсы сыйлық – өзіңіз! Ата-анаңыз поштамен жіберілген қымбат сыйлыққа қарағанда, кішігірім ғана кәдесый мен олардың Сізбен өткізген уақытыңызға едәуір көбірек қуанатын болады. Егер Жаңа жылдың өзін олармен бірге қарсы алу мүмкін болмаған жағдайда, міндетті түрде кез келген басқа күні келіп, мерекені тағы бір рет атап өтіңіздер! Ата-анаңызды жақсы мейрамханаға шақыру – жақсы идея. Бұл олар үшін нағыз қуантарлық оқиға болуы мүмкін.

Отбасылық фотоальбом-кітап

Бүкіл отбасының барлық аса маңызды фотосуреттерін жинап, үлкен әрі әдемі фотоальбом жасаңыз. Сіз, тіпті, отбасылық еске түсірулер, фотосуреттер мен жазбалар тіркелетін кітап-альбом жасауыңызға да болады. Оны баспаханада басып шығаруға (қазір осындай қызметтер ұсынатын компанияларды табу қиын емес) немесе альбомға барлығын қолмен жазу арқылы өзіңіз жасауыңызға да болады. 

Үйге арналған сыйлық

Егер ата-анаңыз уақытының көп бөлігін үйде өткізетін болса, онда олардың өмірін одан бетер жайлы ететіндей бірдеңе сыйлаңыз: әдемі төсек-орын тысын, жылы жамылғы, түкті халат, жұмсақ тәпішке, дастархан, сурет, бумен пісіргіш, әдемі шамшырақ және т.б.

Сыйлық-хобби

Егер ата-анаңыздың әрқайсысының өз хоббиі болса, әрине, оларға екеуіне бір сыйлық сыйлаудың қажеті жоқ. Ал егер айқын бір әуестіктері болмаса, бәлкім онда, олар үшін бірдеңе ойлап табуыңыз қажет болар. Анаңызға кестелеуге немесе кез келген басқа қолөнерге арналған жиынтық, ал әкеңізге, мысалы, ағаштан оюға арналған жиынтық сыйлап көріңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Қол бос кезде бірге жасауға арналған сыйлық

Ата-анаңыздың кештері одан бетер қызық болуы үшін, оларға үстел үстінде ойнайтын ойын, пазл сыйлаңыз немесе өз көзқарасыңызға қарай ең үздік фильмдерден тұратын топтама жасаңыз.  

Өз қолыңызбен жасалған сыйлық

Бала күнімізде қалай ашық хаттар салғанымыз, аппликация жасап, сомдап, шеберлік танытқанымызесіңізде ме? Ата-ана үшін содан қымбат сыйлық бар ма еді? Кейін, әрине, осыларды жасау үшін біз тым ересекпіз деп ойладық. Алайда, жастықты еске алып жасап көру керек шығар? Ең болмаса, негізгі сыйлыққа кішігірім қолдан жасалған сыйлықты қосуыңызға да болады. Ал егер балаларыңыз бар болса, олардың атасы мен әжесіне арнап тосынсый жасауларына көмектесуді ұмытпаңыз.    

Және де, әрине, ата-анаңызға өзіңіздің жылы құшағыңыз бен сүйіспеншілігіңізді сыйлаңыз!

Жаңа жыл құтты болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.