Ата-әжелерімізге жаңа жылдық сыйлықтар жасаймыз

Балалармен бірге ата-әжелерімізге жаңа жылдық сыйлықтар жасаймыз!

Қандай жаңа жылдық сыйлық ата-әжелер үшін аса құнды болуы мүмкін? Әрине, немерелерінің өз қолдарымен жасаған әдемі бұйымдары! Алайда, барлығы ойдағыдай болуы үшін, балаларыңызбен бірге жасаңыздар!


Шыршадағы отбасылық альбом

Шыршаға арналған түссіз шарлар жиынтығын сатып алыңыз, отбасыңыздың барлық мүшесінің фотосуреттерін басып шығарып, оларды шарлардың ішіне жайлап салыңыз (ол үшін фотосуретті түтікше етіп орап, шардың үстіңгі жағындағы тесігі арқылы ішіне салып, бізбен жазып тегістеп жіберу қажет). Енді тек ата-әжеңізге қонаққа барып, шарларды шыршаға ілу ғана қалды!

Кітаптарға арналған бетбелгілер

Егер әжеңіз кітап оқығанды жақсы көретін болса, оған өз қолыңызбен жасалған мінсіз сыйлық – кітапқа арналған бетбелгі! Оны баланың фотосуретінен жасауға болады – оның кескінін кесіп алып, қалың картонға жапсырыңыз (тентек балаңыздың басы кітаптан шығып тұратындай болсын). Матадан резеңкелі етіп жасауға болады – матадан бау кесіп алыңыз (ұзындығы стандартты кітаптың өлшеміне сай келуі қажет) және оған дәл сондай ұзындықта кесілген резеңкені жапсыра тігіңіз. Матадан жасалған әдемі бөлігі кітаптың мұқабасында тұратын болады, ал резеңкеден жасалған бөлігі кітаптың бетін көрсетіп тұратын болады. Осындай бетбелгіні әдемілеп кестелеуге де болады. 

Шыршаға арналған картоннан жасалған ойыншық қораздар

Егер балаларыңыз сурет салғанды ұнатса, оларға әдемі қораздарды салуды ұсыныңыз! Сосын оларды ұқыптап кесіп алып, қалың картонға жапсырыңыз. Енді тек жібін жасау қалды.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жаңа жылдық қалпақ

Атаңызға өз қолыңызбен қызықты сыйлық жасағыңыз келе ме? Балалармен бірге жаңа жылдық қалпақ жасаңыз! Балаларыңыздан қалың ватман қағазға жаңа жылдық құттықтаулар жазып, ашық бояулармен салынған суреттер салуын сұраңыз. Ал сосын ватманды конус тәріздес ораңыз, оны жапсырыңыз, бау тағыңыз. Жасалған қалпақтың жиегін жаңа жылдық жылтырақпен безендіруге болады.

Тілектер салынған банка

365 кішкентай түрлі-түсті қағазды кесіп алыңыз және отбасыңыздың барлық мүшесінен оларға жағымды бір нәрсе жазуларын немесе жай ғана әдемі сурет салуларын сұраңыз. Содан соң кәдімгі үш литрлік банканы алып, оған мерекелік заттаңбаны жапсырыңыз  және оған тілек жазып дайындаған қағаздарыңызды салыңыз. Атаңыз бен әжеңізге сыйлаңыз да, жаңа жылдың әр күні тек бір қағаздан ашып оқимыз деген уәдесін алыңыз!

Жаңа жыл Сізге және отбасыңызға бақыт әкелсін! 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Салеметсізбе!? Келе жатқан мейрамдарынызбен!!!!! Идеяларыңыз өте табылған ақыл.Бірінен де Ата-əжелеріміз біздің махаббатымызға зəру. Сыйлық беріп көңілдерін аулау біздің міндетіміз! Жақсы ой салғандарыңызға көп рахмет! Біз қызымыз екеуіміз міндетті түрде ата-əжелерімізге сыйлық жасаймыз ;-)

  • Шағымдану