Аяз Ата

Аяз Атаға деген сенім балаларға қажет пе?

Осы ересек адамдар зеріктіріп жіберді, 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқанда (одан аз болмаса) енді есею қажет екенін, Аяз Ата дегенге сенуді қойыңдар деп айта бастайды. Олардың бұл қылықтары дұрыс емес қой?


Әрине, балаңызды ересек өмірге дайындап, осы түрмен болашақта көңіл қалудан қорғағыңыз келетін шығар. Дегенмен, сиқырлы атаға деген сенімді балалардан тартып алмайтын бес себеп бар.

1-себеп. Аяз Атаның жоқ екенін ешкім дәлелдеген жоқ. Иә, шынымен, ешқандай дәлел жоқ, осы барлық скептиктер сыйлыққа толы қабы бар ешқандай ата жоқ екеніне сенімді. Оны ешқашан көрмегенін айтады. Олар осы жылы, өткен жылы өздерін тәртіпсіз етіп ұстаған шығар? Ең ақырында, олардың ешбірі өз көзімен айдың екінші жағын да көрмеген, молекуланың атомдарға ажырағанын (микроскопы бар ғалымдар есепке алынбайды) да көрмеген, ал олардың көбі өз көзімен Нью-Йорк қаласын да көрмеген. Бірақ молекулаға, Нью-Йорк қаласына және айдың екінші жағына олар сенеді де, ал Аяз Атаға сенбейді. Сонда әділдік қайда?

2-себеп. Өмірде ғажап әлемге орын болуы тиіс. Шыншыл болайықшы, өмір оңай дүние емес, ол тек мысықтардан, ойыншықтар мен қант мақтасынан ғана тұрмайды ғой. Бала осы жөнінде жақын арада білетін болады. Сіз ойлағаннан да тез. Ол мұғалімдердің жақсы көретін оқушылары болатынын, оған рұқсат жоқ, ал Пашкаға түнгі 12-ге дейін танк ойнауға рұқсат ететінін білетін болады. Ол кез келген махаббаттың екі жақтан бірдей емес екенін, мұрындағы безеулер бір күнде жоқ болып кетпейтінін біледі. Ақыры, жеткіншек шағында оны ешкім түсінбейді және ешкім оны жақсы көрмейді деп шешеді. Осындай қиын өмір сәттері бар адамда ешқандай қолдау болмағанын қалайсыз ба? Ғажайып дүниелер болатынына сенудің өзі ғажайып емес пе. Оған шын сенетіндермен осындай ғажайып дүниелер болып жатады.

3-себеп. Бала өзінің бала кезінде есте қалғанын кейін өз балаларына да жеткізеді. Біз, ересектер, балалық шақты  өте тез ұмыттық, біз сындарлы да, жабырқақпыз, басымызда сөзден гөрі сан көп. Есіңізге түсіріңізші, Аяз Атаны күткен, мұз өрнектерімен сурет салынған әйнектің ерітіп ойылған жерінен сығалап қараған шақ қандай керемет еді! Қалай да осы ретте ұйықтамай, атаның сақалынан міндетті түрде ұстап алуға серт берген едік. Бірақ әрдайым біз ұйықтап қалатынбыз, ал таңертең сыйлықтар шырша астында тізіліп тұратын. Осыны балаңыздан тартып алатын болсаңыз, онда немерелеріңіз оны мүлдем білмей кетеді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

4-себеп. Балаңыз әлгі Рождествоны ұрлаған  Гринч болады да қалады. Аяз Ата туралы ақпаратты білген соң, балабақшадағы немесе бастауыш мектептегі көптеген адамдарға осыны жеткізеді. Барлығына айтатыны айдан анық! Ар-ұятыңызда қаншама балалардың көз жасы қалатынын ойлап көріңізші енді.

5-себеп. Мүмкін емес жайттарға сенетін адам әдетте өмірде әлдеқайда көп нәрсеге қол жеткізеді. Бала кезде барлығын жасай аламыз деп ойлаймыз. Аяз Атаны кездестіреміз, ғарышқа ұшамыз, теңіз жағасында үй сатып аламыз, мәңгілік қозғалтқышты ойлап табамыз. Өсе келе кейбіреулер зеріккен менеджер болып кетеді, және мәңгілік қозғалтқышты да, ғарыш туралы да ұмытып кетеді. Ал басқалары ойлап шығарады, ұшады, және теңіз жағасында үй де сатып алады. Оларға бұл мүлдем мүмкін емес екенін ешкім түсіндірмеді. Аяз Атаның жоқ екенін де түсіндірмеді.

Балаңыз Аяз Атаға қанша уақыт сеніп жүрді?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс